Мазмұнға өту
Шымкент жаңалықтары
112 жазбалар4 тіркелуші

Шымкент — Қазақстанның ең ірі қалаларының бірі, оңтүстікте орналасқан. Қала өзінің ежелгі тарихымен, мәдениетімен және қонақжай халқымен ерекшеленеді. Жасыл саябақтары, заманауи сәулеті мен көркем табиғаты Шымкентті еліміздің ерекше шаһарына айналдырады.

Шымкентте 30-дан астам көпқабатты үй жөндеуден өткізілді

Шымкент қаласында биыл жөндеуді қажет ететін 32 көпқабатты үйді қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Осы жұмыс барысында 11 үйге күрделі, 21 көпқабатты үйге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Ағымдағы жөндеуден өткен үйлердің басым бөлігі Қаратау және Абай аудандарында орналасқан. Олардың ішінде Нұрсәт ықшамауданындағы 10 көпқабатты түрғын үй және Абай ауданының 189-орамындағы 11 көпқабатты тұрғын үй бар.

Жөндеу барысында көпқабатты үйлердің кіреберісі әрленіп, шатыры жаңаланған және жертөледегі тозығы жеткен кәріз жүйелері жаңасына ауыстырылған.

Ал, Нұрсәт ықшамауданындағы 3 көпқабатты тұрғын үйдің жеделсатысы істен шығуына байланысты қазір оған жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, шаһарда 16 көпқабатты тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстарын бюджеттік кредит есебінен тұрғынжай меншік иелерінің келісімімен қайтарымды негізде жүзеге асырылу жоспарланып, қазіргі таңда 11 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. 4 көпқабатты үйде жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Қайтарымды қаржы негізінде жүргізілген жөндеу жұмыстары аталған тұрғын үйлердің тұрғындарының 70 пайыз келісімі бойынша жүзеге асырылды. Сонымен қатар, меншік иелері жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемені өздері таңдады.
Еске сала кетейік, биыл үшінші мегаполисте тозығы жеткен тұрғын үйлер мәселесін шешу мақсатында реновация бағдарламасы іске қосылған еді. Жаңа бағдарлама қаланың сәулеттік келбетіне кері әсер ететін ескірген ғимараттарды жойып, мегаполистің сәулеттік ерекшелігіне сай зәулім үйлер қатарын арттыру үшін қолға алынған. 

Бағдарлама аясында бірінші кезекте тозығы жеткен тұрғын үйлер және тұрғындардың келісімімен басқа да үйлер бұзылуы тиіс. Сондай-ақ, тозығы жеткен үйлер аумағында орналасқан ғимараттар бағдарлама әкімшісіне реновациялауға жататын үйлердің тізбесіне қосуға өтініш білдіруге мүмкіндік берілді. Жоба жасалғанда абаттандыру жұмыстарына қажет болған жағдайда тұрғын емес үй-жайлар да бұзылды. 2023 жылы жалпы саны 86 пәтерден тұратын 6 тұрғын үйді бұзу жоспарланған болатын. Аталған үйлер Абай ауданында – 1, Әл-Фараби ауданында – 1, Еңбекші ауданында – 1, Тұран ауданында – 3.

Ал 2022 жылы Шымкентте 60 көпқабатты тұрғын үйге күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілгенін айта кеткен жөн. Қалада үйлерді қалпына келтіру жұмыстары алдағы жылдары да жүргізіле береді.

0
0
456

Қытай іскерлері Шымкенттің туристік әлеуетімен танысты

Шымкент қаласының туристік ағынын арттыру және туристік өнімді жарнамалау мақсатында Пекин қаласында туристік бизнес өкілдеріне ақпараттық «Road Show» ұйымдастырылды.

Роуд-шоуға түрлі туристік және әуе компаниялардың 40-тан астам өкілі қатысты. Қатысушыларға Шымкенттің көрікті жерлерінің табиғи пейзаждары мен бейнероликтер көрсетіліп, ұлттық тағамдардың гастрономиялық дәмін тату және «Шымкент шайы» ұсынылды.

Жақында Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим күшіне енген болатын. Бұл екі ел азаматтары үшін жеке істер, туризм, ем қабылдау, халықаралық тасымалдар, транзиттік және іскерлік мақсаттар бойынша шекара асатын жағдайда визалық талаптардан босатылып, туристік қатынастарда үлкен потенциал бермек.

Бүгінде 6 айлық статистикалық есептік көрсеткіш бойынша Шымкентке 215 098 турист келген. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 400 мыңнан асыру жоспарлануда. Соның ішінде сырттан келуші турист санын арттыруға аса мән беріліп отыр.

Айта кетейік, осы шара барысында туризм саласы өкілдерімен екіжақты ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылды.

Шымкент әкімдігі әлемнің түрлі қалаларында роуд-шоу ұйымдастыруды жақсы жолға қойған. Жалпы, сыртқы сауда, туризм, ауыл шаруашылығы, ғылым-білім, мәдениет, спорт және өнер салаларындағы ынтымақтастықты ұлғайту мақсатында Түркия, Италия, Ұлыбритания, Қытай, Беларусь, Тайланд, Тәжікстан, Қырғызстан және Грекиядағы 13 қаламен серіктестік қарым-қатынас жасалуда.

Шымкенттің туристік маңызы өте зор: бұл Ташкент, Бішкек және Қазақстанның солтүстік өңірін қосатын торап болып табылатын инфрақұрылымы дамыған ірі қала.

Шымкент қаласында туризмнің дамуына көптеген факторлар ықпал етеді: жылына 300 күн, табиғи-климаттық аймақтардың алуан түрлілігі, Ұлы Жібек жолы бағытында ірі тарихи қалалардың (Түркістан, Тараз, Ташкент, Самарқанд және т.б.) жанында сәтті орналасуы.

Шымкент өзінің бәсекелестік артықшылықтарын пайдалана отырып, оңтүстік өңірлері үшін тірек туристік орталыққа айналуы мүмкін. Қала туристердің ағынын қабылдай отырып, оларды туристік өнімдер туралы хабардар ете алады және оларды әрі қарай олардың жүру бағыттары бойынша бағыттай алады, бұл ретте бір мезгілде өз әлеуетін пайдалана және арттыра отырып, қаланың өзінде қызметтер ұсына алады.

Бүгінде Шымкент қаласында ішкі және халықаралық туристік нарықта белсенді сегменттің қалыптасуы үшін барлық мүмкіндіктер бар.

0
0
331
Сіз қауымдастық лентасының соңына жеттіңіз