Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 555 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

«Nur Otan» партиясы Қапшағай қалалық филиалы партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.

Алматы облыстық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің басқарма-төрағасы, ректор, география ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым Академиясының құрметті академигі, облыстық мәслихат депутаты Баймырзаев Қуат Маратұлы, Алматы облыстық партия филиалы төрғасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты, облыстық фракция жетекшісі Тойлыбаева Гүлнәр Қожағұлқызы, Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары Жолдахмет Марлан Халдиханұлы, Қапшағай қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Устенов Бағдаулет Нағыметбекұлы, комиссия мүшелерінің қатысуымен партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.Күн тәртібіне сәйкес «Nur Otan» партиясы Қапшағай қаласы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр аз…

0
0
199

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылды, "30 игі іс" акциясы, “Бақытты отбасы” жобасы аясында

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу, “Бақытты отбасы”

«Халыққа көмек» партиялық жобалары, «30 игі іс» акциясы аясында, Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық ауылдық округіне қарасты Достық ауылында жүргізіліп жатқан шағын футбол алаңының құрылысына

Алматы облыстық VII шақырылым маслихат депутаты Сұлтанғазиев Қуат Елеусізұлы өз қаражат есебінен 630 мың теңге қаржылай көмек көрсетті.

#30игііс

#Бақыттыотбасы

#Халыққакөмек

0
0
154

Дәрігер деген – ең ұлы әрі қастерлі мамандық.

Тек адам анатомиясын терең зерттеуге қабілеті жоғары, жиіркенбейтін, қорықпайтын, науқастың тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жандар ғана осы салада жұмыс жасай алады. Жалпы медицина саласы бірнеше бағытқа бөлінеді, соның бірі - стоматология. Осы саланың суығына тоңып, ыстығына күйген ақ халатты абзал жандар жетерлік. Солардың бірі - Баян Қосбармақова. Ол 1982-1987 жылдар аралығында Алматы мемлекеттік медицина институтында білім алған. Еңбек жолын сол 1987 жылы интерн тіс дәрігері болып бастаған. Қазірде өзінің мамандығы бойынша жұмысын жемісті жалғастырып келеді. Әр жылдары Форт-Шевченко қаласында, "Менеджмент" ЖШС, "Ча-Кур" медициналық клиникасында еңбек етті. Бүгінде Маңғыстау облыстық стоматологиялық орталығында білікті тіс дәрігері. Ол дәрігер болуды…

1
0
395

Германия баспасөзіне шолу жасайық

Әлемдік баспасөздің қалыптасуы мен таралуында Германияның маңызы зор. Осыдан 550жыл бұрын Майн қаласының тұрғыны Иоганн Гутенберг типографиялық станок ойлап тапқан. Бұл станокта басылған алғашқы басылым- Інжіл кітабы еді. Гутенбергтің ашқан бұл жаңалығы кітап басу ісін тездетті, әрі оның нәтижесінде арзан газеттер дүниеге келді. Германияның бұқаралық ақпарат құралдары заң бойынша бекітілген “баспасөз бостандығы”деген принципті негізге ала отырып қызмет істейді. Заң бойынша: “Әр адам өз ойын ауызша немесе жазбаша білдіруге құқысы бар. Баспасөз еркіндігі, ақпарат бостандығы сақталады. Цензура жойылған”-делінген. Әрине осы еркіндікті, бостандықты кімде-кім өз мақсатына пайдаланса, шектен шығып кетсе, қойылатын шектеулер де бар. Заң бойынша редакцияның қызметіне, іс-әрекетіне жауап беретін ре…

0
0
227

Партияның сайлауалды бағдарламасы орындалуда

2021-2025 жылдарға арналған Теректі аудандық "Өзгерістер жолы; Әр азаматқа лайықты өмір" атты "Nur Otan" партиясы сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтардың бірі білім саласы болып табылады. Соның бір көрінісі жол картасының осы көрсеткіші бойынша Аңқаты ауылындағы Аңқаты жалпы орта білім беретін мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу өткізу. Мектептің күрделі жөндеуі "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы бойынша жүргізілуде. Кеше осы объектіні тексеру барысында партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ә.Нұрғалиев, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Ибраев және аудандық мәслихат депутаты А.Бөкенбаев ғимараттын күрделі жөндеумен танысты. Жөндеу жұмыстарына 261,8 млн. тенге бөлінді, мердігер "ЮгРемСтройСервис" ЖШС. Жоба 2 жылдық, 2022 жылдың қаңтар айында ғимаратты толықтай жөндеп тапсыр…

0
0
230

Италия баспа сөзінің жаңа бағыты

Италия мемлекетiнiң бұқаралық ақпарат құралдарының дамыған батыс елдерден айырмашылығы: онда ақпараттық қоғам мен БАҚ байланысы ғаламдық жүйесіне негізделген 1997 жылы Италия өкiметі телерадиобағдарлама, газет, журналдарды әлемдiк БАҚ тенденциясы негізінде қарастырады. Қазiргi Италия басылымдары халықаралық деңгейде қалыптасса да, өзiнiң таралуы жағынан артта қалып келеді. Өткен ғасырдың соңында Италиядағы таралымы ең көп газет миллиондық «Секоло» («Ғасыр») едi. Ол 200 000 данамен шығып тұрған. 1946 жылы Италия Республикасы болып жарияланып, бұқаралық ақпарат құралдарына көп өзгерiстер енгiздi. Италияның ең iрi қалаларында күнделiктi газеттерiне сұраныс деңгейi жағынан жоғары болды.Италияда күнделiктi газеттердiң 3/2 бөлiгi халық тығыз орналасқан солтүстiк аймақта шығып тұрған. Италияның…

0
0
193

Франция баспасөзінен сыр шертсек...

Франция баспасөзі туралы айтатын болсақ ең алғаш есімізге оралатын: оның негізі 17 ғасырда пайда болған. Елдегі алғаш газеттің 1604 жылы жарыққа шығуы – Франция баспасөзінің ілгерілеуіне аса қарқынды ықпал етті деп толықтай айта аламыз. Өз аумағында ғана емес, баспа ісін яғни газет шығару ісін Еуропаның бірнеше мемлекеттеріне, соның ішінде Түркияға кеңінен таратты, 4 ғасырға жуық тарихы бар Франция баспасөзінің бүгіні де, келешегі де жарқын. Қазіргі таңда Францияда 100-ге жуық апталық басылымдар шығып тұрады. Жаңа форматқа көшу үдерісі жүріп жатқанымен, ол бұл елдегі дәстүрлі медианы ысырып тастай алмады. Франция халқының барлығы дерлік жаңалықтарды газеттерден оқуға бейімделіп қалған. Сол себепті апталық газеттер көптеп шығарылады.Француз журналистикасын айтқан кезде, оның ерекшеліктерін…

0
0
245

Франция баспасөзінің тарихына көз салсақ...

Сіздер білесіздер ме? Әлемдгі ең алғашқы журнал Франция мемлекетінде жарыққа шықты. Міне, бүгін тарихы мен тағылымы терең, ерекшеліктерге бай, тым қызықты Франция мемлекетінің баспасөзі жайында жазатын боламын. Бұл мемлекетте алғашқы баспаханалар 1470 жылы атақты Париж қаласында алғашқы өнімдерімен таныстыра бастады. Ал, 1604 жылы газет шығару пайда болып, алғашқы “Газет франсуаз” деген еңбек жарыққа шықты. Жоғарыда айтып өткенімдей, әлемдегі ең бірінші журнал 1665 жылы Францияда шықты. Ол - «Журнал де саван» деп аталды. Франциядағы баспасөзде көптеген мерзімді және мерзімді емес басылымдар бар. Енді газет-журналдарға жекелей тоқталып өтсек.Ұлттық маңызы бар күнделікті газеттердің ішінде «Фигаро», «Парисиенне» (Парисиен), «Монд» (Мир), «Франция-Соир» («Кешкі Франция») және «Либерасьон» га…

0
0
383

“Ақиқат” дебат клубының алғашқы отырысы өтті

Алматы облысы Қапшағай қаласы, "Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектеп” МКМ-де 2021 жылдың 24 қыркүйек күні “Ақиқат” дебат клубының алғашқы отырысы өтті. Жиналысқа жоғары сынып 9-10 және ортанғы буын 7-8 сынып қатысып, жалпы дебат жайлы ұғым қалыптастырды. Оқушылар дебат түрлері мен ойын ережелері, және қағидаларымен танысты. Балалардың әр қайсысына жеке назар аудара отырып, олардың дебатқа қызығушылықтары мен клубқа келу мақсаттары жайында сөз қозғалды. Дебат жас буындарын бір-біріне жақындастыру мақсатында ашық пікірталас өткізіліп, әлемдегі және Қазақстандағы маңызды тақырыптар талданды. Алдағы уақытта да клуб өз жұмыстарын ары қарай жалғастырып, іс-шаралар өткізілетін болады.Клуб жетекшілері:Ниязханова Қ.Р.Атымтаева М.Қ.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А. К. Байгуланова,…

0
0
305

Мұратбековтың туғанына 85 жыл толуына орай «Дарынды қаламгер» атты кітап көрмесін ұйымдастырды

8 қазан күні Шеңгелді ауылдық кітапхана ұжымы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстандық мәдениет» жобасы аясында жазушы, аудармашы, қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанырының хас шебері Мұратбековтың туғанына 85 жыл толуына орай «Дарынды қаламгер» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Жазушының әрбір туындысында терең ой, тағылым, өнеге жатыр, шығармаларында жастарға берер тәлім тәрбие мол.

#Ұлттықмұра

0
0
407