“Ақиқат” дебат клубының алғашқы отырысы өтті
Алматы облысы Қапшағай қаласы, "Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектеп” МКМ-де 2021 жылдың 24 қыркүйек күні “Ақиқат” дебат клубының алғашқы отырысы өтті. Жиналысқа жоғары сынып 9-10 және ортанғы буын 7-8 сынып қатысып, жалпы дебат жайлы ұғым қалыптастырды. Оқушылар дебат түрлері мен ойын ережелері, және қағидаларымен танысты. Балалардың әр қайсысына жеке назар аудара отырып, олардың дебатқа қызығушылықтары мен клубқа келу мақсаттары жайында сөз қозғалды. Дебат жас буындарын бір-біріне жақындастыру мақсатында ашық пікірталас өткізіліп, әлемдегі және Қазақстандағы маңызды тақырыптар талданды. Алдағы уақытта да клуб өз жұмыстарын ары қарай жалғастырып, іс-шаралар өткізілетін болады.
Клуб жетекшілері:
Ниязханова Қ.Р.
Атымтаева М.Қ.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А. К. Байгуланова, Ф. К. Тулепова.
#Ұлттықмұра
