Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партияның сайлауалды бағдарламасы орындалуда

2021-2025 жылдарға арналған Теректі аудандық "Өзгерістер жолы; Әр азаматқа лайықты өмір" атты "Nur Otan" партиясы сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтардың бірі білім саласы болып табылады. Соның бір көрінісі жол картасының осы көрсеткіші бойынша Аңқаты ауылындағы Аңқаты жалпы орта білім беретін мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу өткізу. Мектептің күрделі жөндеуі "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы бойынша жүргізілуде. Кеше осы объектіні тексеру барысында партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ә.Нұрғалиев, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Ибраев және аудандық мәслихат депутаты А.Бөкенбаев ғимараттын күрделі жөндеумен танысты. Жөндеу жұмыстарына 261,8 млн. тенге бөлінді, мердігер "ЮгРемСтройСервис" ЖШС. Жоба 2 жылдық, 2022 жылдың қаңтар айында ғимаратты толықтай жөндеп тапсыру жоспарлануда. Мердігердің айтуы бойынша уақытында бітіреміз деді. Жалпы барлық құрылыс материалдары бар, жұмысшыларыда толықтай қамтылған. Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ә.Нұрғалиев мердігерге уақытында және сапалы орындауды тапсырды.

0
0
229

Осы тақырып бойынша

Партияның сайлауалды бағдарламасы орындалуда - Yvision.kz