Германия баспасөзіне шолу жасайық
Әлемдік баспасөздің қалыптасуы мен таралуында Германияның маңызы зор. Осыдан 550жыл бұрын Майн қаласының тұрғыны Иоганн Гутенберг типографиялық станок ойлап тапқан. Бұл станокта басылған алғашқы басылым- Інжіл кітабы еді. Гутенбергтің ашқан бұл жаңалығы кітап басу ісін тездетті, әрі оның нәтижесінде арзан газеттер дүниеге келді. Германияның бұқаралық ақпарат құралдары заң бойынша бекітілген “баспасөз бостандығы”деген принципті негізге ала отырып қызмет істейді. Заң бойынша: “Әр адам өз ойын ауызша немесе жазбаша білдіруге құқысы бар. Баспасөз еркіндігі, ақпарат бостандығы сақталады. Цензура жойылған”-делінген. Әрине осы еркіндікті, бостандықты кімде-кім өз мақсатына пайдаланса, шектен шығып кетсе, қойылатын шектеулер де бар. Заң бойынша редакцияның қызметіне, іс-әрекетіне жауап беретін ре…