Франция баспасөзінен сыр шертсек...
Франция баспасөзі туралы айтатын болсақ ең алғаш есімізге оралатын: оның негізі 17 ғасырда пайда болған. Елдегі алғаш газеттің 1604 жылы жарыққа шығуы – Франция баспасөзінің ілгерілеуіне аса қарқынды ықпал етті деп толықтай айта аламыз. Өз аумағында ғана емес, баспа ісін яғни газет шығару ісін Еуропаның бірнеше мемлекеттеріне, соның ішінде Түркияға кеңінен таратты, 4 ғасырға жуық тарихы бар Франция баспасөзінің бүгіні де, келешегі де жарқын. Қазіргі таңда Францияда 100-ге жуық апталық басылымдар шығып тұрады. Жаңа форматқа көшу үдерісі жүріп жатқанымен, ол бұл елдегі дәстүрлі медианы ысырып тастай алмады. Франция халқының барлығы дерлік жаңалықтарды газеттерден оқуға бейімделіп қалған. Сол себепті апталық газеттер көптеп шығарылады.
Француз журналистикасын айтқан кезде, оның ерекшеліктерін айтып кетпесек болмайды. Соның бірі - әйелдер журналдары. 18 ғасырдан басау алған әйелдер журналдары әлі күнге дейін маңызы мен мазмұнын жоғалта қоймаған. Соңғы жылдарда іскер әйелдерге арналған журналдарға сұраныс өскен.
Журналдарға сұраныс жақсы болғанымен газет жайы көңіл көншітерлік емес деседі. Ол туралы Ringier France және Compagnie Financialière de Communication (Coficom) төрағасы Жан-Клемент Тексье: «Таланттар да, инвесторлар да бұл саладан бас тартуда. Жазбаша сөз радионың пайда болуымен, содан кейін теледидардың дамуымен қатарынан соққыға ұшырады. Көптеген пайғамбарлар баспасөздің аяқталатынын жариялады ... Біз үнемі өлетін секторда тұрмыз, бірақ әзірше ол әлі тірі, тіпті қарсылық туралы куәлік береді. Сондықтан біз авторларды тартуымыз керек тәуекелге баруға дайын жаңа акционерлермен қамтамасыз ету арқылы секторды жаңғырту бізідің жағдайымызда өтемаңызды болып тұр» - дейді..
Ендігі кезекте Франция журналистикасына оралайық. Бүгінгі франция журналистикасында ашықтық, еркіндік айқын байқалады. Бұл дегеніміз елде журналистерге айрықша құқық берілген. Мәселен, журналист пен шенеунік соттасатын жағдайда журналистің жеңу ықтималдылығы жоғары. Сол себепті де, журналистер қателесуден қорықпайды. Aшықтық дeгeнімізге тoқтaлып кетер бoлcaқ, мәселен, біздің мемлекетіміздің парламентте талқыланатын кейбір жиынға ешқандай журналистер шақырылмаса, Фрaнциядa кeріcіншe, жypнaлиcтер бacы – қacындa жүрeді.
Франция баспасөзі туралы оқып, жазу барысында қызығушылығым арта түсті. Елдегі журналисттердің еркіндігін, олар жасап жүрген хабарларды қарадым. Тіл байлығым жеткенше мақалаларын аударып оқыдым. Расында бірнеше деңгейге алдыда тұрғандай көрінді. «Біздің елдегі журналистерге де тағы біраз еркіндік берілсе, қазіргіден де жақсы дүниелер туындар ма еді?»- деген ой келді.
