Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 555 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

«Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы

«Nur Otan» партиясы Қазақстан Жазушылар одағымен Өзара ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын жариялайды. Байқаудың мақсаты – Тәуелсіздіктің алғашқы 30 жылында еліміздің жеткен жетістіктерін, мемлекеттілік іргесінің бекуіндегі Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген табыстарды және қоғамды рухани жаңғыртудың идеялары мен құндылығын көрсететін қазіргі заманғы қазақстандық авторлардың шығармаларын қолдау және насихаттау. Байқау бес номинация бойынша өткізіледі:«Проза» номинациясыБірінші орын (1 жүлде) – 1 000 000 теңге;Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге;Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге.«Поэзия» номинациясыБірінші орын (…

0
0
225

Франция баспасөзі қалай құрылды?

Сіздер білесіздер ме? Әлемдгі ең алғашқы журнал Франция мемлекетінде жарыққа шықты. Міне, бүгін тарихы мен тағылымы терең, ерекшеліктерге бай, тым қызықты Франция мемлекетінің баспасөзі жайында жазатын боламын. Бұл мемлекетте алғашқы баспаханалар 1470 жылы атақты Париж қаласында алғашқы өнімдерімен таныстыра бастады. Ал, 1604 жылы газет шығару пайда болып, алғашқы “Газет франсуаз” деген еңбек жарыққа шықты. Жоғарыда айтып өткенімдей, әлемдегі ең бірінші журнал 1665 жылы Францияда шықты. Ол - «Журнал де саван» деп аталды. Франциядағы баспасөзде көптеген мерзімді және мерзімді емес басылымдар бар. Енді газет-журналдарға жекелей тоқталып өтсек.Ұлттық маңызы бар күнделікті газеттердің ішінде «Фигаро», «Парисиенне» (Парисиен), «Монд» (Мир), «Франция-Соир» («Кешкі Франция») және «Либерасьон» га…

0
0
488

Ақтауда "SENIM" кәсіподақ ұйымы бірқатар медицина қызметкерлерін марапаттады

Кәсіподақ қозғалысына қосқан елеулі үлесі, қоғамдық өмірге белсене қатысқаны және кәсіби мереке - Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күніне орай "SENIM" Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Сәкен Мырзақұлов бір топ ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекемен құттықтап, "SENIM" Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіптік одағының Орталық Аппаратының төрағасы Сапарбек Дүйсеновтың атынан Құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапаттады.Атап айтқанда, №3 Жаңаөзен қалалық емханасының директоры Жеңіс Шалхарбаев, Бейнеу орталық аудандық ауруханасының эндокринолог-дәрігері Сәлима Нұрмағамбетова, №1 Ақтау қалалық емханасының сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Александр Минин, облыстық көпбейінді балалар ауруханасының инфе…

0
0
282

Қоғамдық қабылдау

Бекітілген кестеге сәйкес 8 қазан күні аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаты Шолпан Какижанова ауыл тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген азаматтар жұмыспен қамту, жеке тұрғын үй құрылыына арналған жер телімдері бойынша өтініштер айтты. Жұмысқа орналастыру бойынша түскен өтініштер бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы оң шешілді: жылыту қазандығына оператор және гардероб қызметіне жолдама берілді.

0
0
220

Бөрлі ауылында"Ашық әкімдік" шарасы өтті.

Аудан әкімі, аудандық филиал төрағасы Нұрлыбек Даумов бастаған тиісті мекеме басшылары Т.Масин ауылдық округіне барып "Ашық әкімдік" бірыңғай қабылдауын өткізді. Ауыл тұрғындарын жекелей қабылдап, тұщымды жауап берді.

0
0
151

"Ардагерлерді ардақтайық" жобасы

"NurOtan" партиясының "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында аудандық мәслихат хатшысы Л.Қайырғалиева Сайқын ауылының тұрғындары Бисенғалиев Қитеш аға мен жолдасы Әсия апа отбасына барды. 62 жыл бірге тұрып, жеті бала тәрбиелеп,немере,жиен, шөбере,шөпшек көріп отырған аға,апамыз. Жастайынан еңбекке ерте араласып, шопан болып, жолдасына көмектескен апамыз, енесін де бағып,жолдасын төрт жыл бойы әскерден күтіп, енесімен тұрған. Ағамыз электр жарығымен қамтамасыз ететін мекемеде ұзақ жылдары жасап,зейнеткерлікке шықты. Әсия апа сиыр сауыншы болып жұмыс істеді, аспазшы болып балабақшада жасады. Ауыл советіне бірнеше дүркін депутат болып сайланды ,сотта халық өкілі болып қоғамдық қызмет атқарған. Әдемі дауыс иесі концерттер де сахнада ән шырқаған. Тәуелсіздік арқасында өмірімізге өкпе жоқ,ең…

0
0
254

Қоғамдық қабылдау өтті

"Nur Otan" партиясы Тасқала аудандық филиал төрағасының орынбасары, аудандық маслихат депутаты Жұбанышқалиева Люция Әсетқызы бекітілген кесте негізінде Мерей ауылында тұрғындарды жеке қабылдады. Тұрғындар сұрақтарын қойып, тиісінше заң аясында жауап алды.

0
0
160

Европа елдерінің баспасөзі

ХҮ ғасырдың аяғында Европаның батысында ұлттық негізде бір орталықтанған бірқатар мемлекеттердің пайда болғаны белгілі. Олардың қатарында Англия, Франция, Испания, ал бұлардан да бұрын Португалия пайда болған еді. Мемлекеттер аумағы ұлғайған сайын шенеуніктік қызметтердің ауқымы кеңейді. Ел билеушілері өз елдерін алтын мен күміспен байытуға тырысты. Капиталдың қоғамдағы орны артты. Жаңа экономикалық қатынастардың дамуына байланысты өндіргіш күштер дами бастады. Әлемдік сауда көлемі ұлғайып, теңіз біріншілігі және отар үшін күрес бәсекелестігіне ене бастады. Европалық ішкі сауда шапшаң дамыды. Өмірге қажетті барлық өнімдер өндіріле бастады. Ірі қалалар Лондон мен Парижде, сонымен қатар Солтүстік Италия мен Испан қалаларында матаның қымбат сорттары өндірілді. Осындай монополиялардың қалыпта…

0
0
212

Белсенді Ұзақ Өмір Сүру орталығын Қарттар мейрамы айлығының аясында “Менің байлығым—менің жылдарым”

7 қазан күні Белсенді қарттарымыздың қатысуымен өткен спорттық іс-шарада скандинавиялық жүріс, у-шу (қытай гимнастикасы), йога, хореография (би) жаттығулары бойынша қарттарымыз өз жетістіктерін паш етті. Сонымен қатар, бапкерлеріміз мақтау қағаздарымен марапатталды. Қызмет алушы қарттарымызға мерекелік дастархан жайылды. Мерекемізбен құттықтауға Жетісу ауданы Әлеуметтік бөлімінің меңгерушісі Қайыржан Нурболат Сабитұлы, Жетісу ауданы «Nur Otan» партиясы филиалы өкілдері шақырылды. Санитарлық нормаларға сәйкес барлық қауіпсіздік шаралары сақталды.

1
0
179

"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында

Осы орайда Жетісу ауданы «Nur Otan» партиясы филиалының ұйымдастыруымен Алматы қалалық мәслихат депутаты Ләззат Ибрагимова демеушілік көрсетіп, ауданымыздың әр түрлі сала бойынша Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген ардагер - қарияларымыздың үйлеріне барып құттықтап қайтты. Қарттарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, туған-туыстары мен жақындарына деген сүйіспеншілік пен түсіністік, жақсы көңіл -күй мен белсенді ұзақ ғұмыр тілейміз!

1
0
182