«Nur Otan» партиясы Қапшағай қалалық филиалы партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.
Алматы облыстық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің басқарма-төрағасы, ректор, география ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым Академиясының құрметті академигі, облыстық мәслихат депутаты Баймырзаев Қуат Маратұлы, Алматы облыстық партия филиалы төрғасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты, облыстық фракция жетекшісі Тойлыбаева Гүлнәр Қожағұлқызы, Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары Жолдахмет Марлан Халдиханұлы, Қапшағай қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Устенов Бағдаулет Нағыметбекұлы, комиссия мүшелерінің қатысуымен партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.Күн тәртібіне сәйкес «Nur Otan» партиясы Қапшағай қаласы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының Жол картасының орындалуы бойынша «Қапшағай қаласының автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі» ММ басшысы М.Орынбасаровтың, «Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысы Д.Қатубаевтың, Жол картасының 2021 жылдың 9 айында орындалуы бойынша қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Нұрпейісовтің есептері тыңдалды.Комиссия мүшелері күн тәртібіндегі қаралған үш мәселе бойынша отырыс барысында айтылған ұсыныстар мен пікірлерді ескере отырып, жеке-жеке қаулы қабылдады.Алматы облыстық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Баймырзаев Қуат Маратұлы партиялық бақылау қомиссиясы отырысын қортындылап, бірқатар тапсырмалар берді.Отырыстан кейін комиссия мүшелері жоспарға сәйкес құрылыс нысандарына барып, жұмыс барысымен танысты.#Кедергісізкелешек
