Италия баспа сөзінің жаңа бағыты
Италия мемлекетiнiң бұқаралық ақпарат құралдарының дамыған батыс елдерден айырмашылығы: онда ақпараттық қоғам мен БАҚ байланысы ғаламдық жүйесіне негізделген 1997 жылы Италия өкiметі телерадиобағдарлама, газет, журналдарды әлемдiк БАҚ тенденциясы негізінде қарастырады. Қазiргi Италия басылымдары халықаралық деңгейде қалыптасса да, өзiнiң таралуы жағынан артта қалып келеді. Өткен ғасырдың соңында Италиядағы таралымы ең көп газет миллиондық «Секоло» («Ғасыр») едi. Ол 200 000 данамен шығып тұрған. 1946 жылы Италия Республикасы болып жарияланып, бұқаралық ақпарат құралдарына көп өзгерiстер енгiздi. Италияның ең iрi қалаларында күнделiктi газеттерiне сұраныс деңгейi жағынан жоғары болды.Италияда күнделiктi газеттердiң 3/2 бөлiгi халық тығыз орналасқан солтүстiк аймақта шығып тұрған. Италияның 2009 жылдағы көрсеткiшi бойынша газеттердiң түрлерi де таралу масштабы да және дизайны жағынан ХҮII ғасырмен салыстырсақ, айырмашылығы жер мен көктей. Бүгiнгi таңда БАҚ арқылы көптеген жетiстiктерге толы Италия баспасөзi жүйесiнде ақпараттық газеттермен қатар, арнаулы газеттердiң үш категориясы тiршiлiк етуде.Италия журналистикасында саяси басылымдардың орны ерекше. Мысалы, республикалық партияның екi күнделiктi газетi болса «Джорнале дель пополо», «Италиа дель пополо», Италия социалистік партиясының елу шақты мерзiмдi басылымы бар. Олардың iшiнде «Аванти», «Темпо», «Маттио», «Республиканың» беделi жоғары болды. Клерикалдардың әр қалада шығатын күнделiктi газеттерi бар және олардың арасында Ватикан үнi - күнделiктi «Оссерваторе романының‘’ орны айрықша. Себебi, ол басылым ағылшын, испан, португал тiлдерiнде шығады. Оған қосымша газеттi барлық елдердiң эпископтары, дiндар адамдары алдырыпты.Арнаулы басылымдардың екiншi тобын iскер адамдарға арналған экономикалық газеттер құрайды. Экономикалық басылымдарға оқырмандар сұранысының өсуi, таралымның көтерiлуi әсер еттi. Негiзгi экономикалық басылымдар: «Италия Оджи», «Оре 12», «Соле 24 оре», «Мессаднеро», «Джорнале» т.б. әрқайсысының әр дүйсенбi сайын шығатын арнаулы қосымшасы бар. Басылым Италияның күнделiктi басылымдар жүйесiн ақпараттық және арнаулы деп бөлiп қарастыруға болады. Италия газеттерiнiң түрi туралы мәселе әлi де даулы, басы ашылмаған жайт. Көпшiлiктiң пiкiрiне сүйенсек, бұл елдiң ақпараттық басылымдарын «аралас» - газеттер түрiне жатқызуға болады. Аралас газеттердiң деңгейi әртүрлi: солтүстiктiң газеттерi сапалық газеттер болуға ұмтылса, оңтүстiктiң газеттерi танымал болуға ұмтылатын сияқты көпшiлiк газеттердiң құрылымы ұқсас.Италия басылымдарының саяси ақпараттар беруде қара түнектi қаптатып жазатынын, жаңалықтарды беруде де тосын оқиғаларға: жер сiлкiну, су қаптау, қылмыс, бақытсыз жағдайларға көп жүгiнетiнiн зерттеушiлер көп сынайды. Сондықтан, кейбiр мамандар, теледидар ғасырында газеттi жеңiл оқылатындай етiп жағдай жасау керек деп ұсыныс айтады. Қазiргi газеттер осы тәсiлге көшкен сыңайлы. Кейбiр басылымдар бiрiншi бетке атақты әншiлердiң жаңа дискiлерi туралы жазуды жөн көрсе, кейбірі саяси жаңалықтарды басады. Журналистика дәстүрі бойынша бiрiншi беттiң астына берiлетiн романдардан үзiндiлердiң орнын ақсүйектердiң, өнер жұлдыздарының өмiрiнен берiлетiн хроника иемденген. «Республика» газетiнің бір нөмірінде тележүргiзушi Пиппо Бауда мен әншi Кати Ричареллидiң үйлену тойлары туралы хабарлаған. «Саясатқа көбiрек жүгiнетiн күнделiктi газеттердiң оқырманы шектеулi, ал иллюстрациялық апталықтардың таралу ауқымы кең. Соңғы жылдары баспа шығындарының күрт өсуi, жарнамадан түсетiн кiрiстiң азаюы Италияда күнделiктi газеттердiң бағасын көтерiп жiбердi -дейді зерттеушілер.
Ғылыми жетекшісі етіп Майкотова Ғ. Т.,ф.ғ.к., доцент, Әлім Ә,.А., аға оқытушы.
Рустем Балтабаев
