Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

ТЖМ: Қазақстанның басым бөлігінде күн 43 градус ыстық болады

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде күн 43 градусқа дейін ыстық болып, кей жерлерде жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. 

"Алдағы күндері елдің шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Найзағай, бұршақ жауып, жел соғады. Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады", – делінген хабарламада. 

Батыста, 9-10 шілдеде солтүстік-батыста, 10 шілдеде Қазақстанның орталығында күн +43 градус болады. 

0
0
206

Елімізде Астана күнінде 1000 бала дүниеге келді

Астана күні 1000 бала дүниеге келді, оның 505-і – қыз, 495-і – ұл. Оның ішінде сегіз егіз бар. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Жаңа туған нәрестелердің саны бойынша Түркістан облысы рекорд жасада, онда тәулігіне 146 сәби дүниеге келді. Бала туу бойынша екінші орында Алматы тұр, онда 91 бала туды. Одан кейін Алматы облысы мен Шымкент қаласының әрқайсында 76 сәбиден дүниеге келген", – делінген хабарламада. 

0
0
217

Батыс Қазақстанда төрт көлік жанып кетті

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Мичурин кентінде 4 көлік өртенді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 9 шілдеде болған.

"Заводская көшесіндегі "Восход" ЖШС аумағында 20 шаршы метр алаңда автокөлік бөлшектері бар металл контейнер жанып кетті. Салдарынан 2 ПАЗ көлігі толығымен жанып кетті. Тағы екі көлік зардап шекті", - дейді ведомство.

Өрт таңғы 04:00 шамасында толық сөндірілді.

0
0
255

Атырау облысындағы өзенде балық қырылды

Атырау облысының Қызылқоға ауданында өзеннен қырылған балық табылды.

Балық шаруашылығы комитетінің мамандары балықтың жаппай қырылу себебін анықтауға кірісті.

"Ойыл өзенінде балыл қырылғаны туралы ақпарат 7 шілде күні түсті. Келесі күні оқиға орнына арнайы комиссия шықты. Оның құрамында Жайық-Каспий бассейні инспекциясының басшысы және оның орынбасары, инспекция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органның жұмысшылары бар. Өлі балықтар анықталған жерден биоматериалдың қажетті сынамалары алынды", - дейді комитет мамандары.

Сараптаманың қорытындысы бойынша тиісті шаралар қолға алынады. Сол кезде осы жағдайға қатысты барық ақпарат жарияланады.

0
0
271

Жалақы бойынша үстемақы

Егер жұмыс беруші жалақыны уақыты бермесе, кешіктірілген әр күнге үстемақы талап етуге болады. Оны Ұлттық банктің сол уақыттағы базалық мөлшерлемеге байланысты есепеледі. Мысалға қазір 2023 жылдың 14 наурыз, биыл базалық мөлшерлеме 16,75% тең. Жұмыс беруші 10 ақпандағы беруге тиіс қаңтардың жалақысын бүгін ғана берді. Жалақы - 500 000 теңге Кешіктірілген уақыт - 31 күн Базалық мөлшерлеме - 16,75% Үстемақы келесі формуламен есептеледі: (Жалақы * Кешіктірілген күн * Базалық мөлшерлеме)/ 365 (500 000 * 31 * 16.75%)/365 = 7 113 теңге https://t.me/bolatbekkz

0
0
364

Ұлттық валюта – ұлт тағдыры

Төл теңгеміз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы, экономикалық дамуымыздың басты кепілі.— Қасым Жомарт Тоқаев Биыл ұлттық валютамыз – теңгенің қолданысқа енгеніне 30 жыл болды. 1993 жылдың 12 қарашасы күні елбасы Нұрсұлтан Назарбаев « Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу» туралы жарлыққа қол қойып, 15 қараша күні теңге айналымға енді. Содан бері жыл сайын15 қараша – Ұлттық валюта күні ретінде атап өтіледі. Теңгені айналымға енгізу шаралары құпия түрде жүргізілді. Бұл жайлы жаңа валютаның дизайнымен айналысқан суретшілері мен мемлекет басшылығындағы санаулы адамдар ғана білген болатын. Тимур Сүлейменов, Қайролла Әбжәлелов, Меңдібай Алин және Ағымсалы Дүзелханов Англияда валютамыздың дизайнын бекітсе , алғаш рет Ұлыбританияда басылып шықты. Ол кездегі теңге бетінде: Шоқан Уәлиха…

0
0
322

Ұйқының беймәлім және мәлім сырлары

Әлем халқының 45 % ұйқысыздыққа шалдығып, жапа шеккен. Дәрігерлердің айтуынша кешкі сағат 21:00 - 23:00 аралығында жату дұрыс деп санайды. Өйткені күні бойы ағзаңыз қызмет атқарып, ұйқыға дайындалады.Аз ұйықтаған адамның бойында қандай өзгеріс орын алады?Неміс медицинасында 24 сағат бойы ұйықтамаған адам шизофренияның жеңіл түріне шалдығады. Бойы әлсіздікке ұшырап, сезімтал болады. Түстерді ажырата алмай, тілі күрмеле бастайды. Таңды ұйқысыз атырған адамдардың бет терісінде мезгілінен бұрын әжімдер пайда болады. Келбетіңіздің қартайып, көздің асты қараюы ұйқысыздықтың белгісі. Организде зат алмасу процесі тоқтап, жүрмейді. Түрлі токсиндер ,улы заттар ағзаға таралады. Теріде түрлі бөрітпелер пайла болып, онкологоиялық ауруларға әкеліп соқтырады. Ұйқысыздықпен күресіп, аурудың алдын алмасаң…

0
0
395

Арманыма асығып келемін

Санаулы күндерден соң арманымның алғашқыбаспалдағынан аттағалы тұрмын.Мақсатым - мамандығымның тізгінін ұстау.Автор “Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылданып, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!” деп Асқар Жұмаділдаев айтқандай, таңдаған мамандығыңмен еліңді көркейту - азаматтық парыз. Мамандық таңдаудағы жауапкершілік осы, біріншіден өзіңнің көңіліңнен шығуы, екіншіден еліңе пайдаңның тиюі. Достары футбол ойнап жатса, өзі қолына таяқ алып, жерге есеп шығарған Асқар Жұмаділдаев бала күнінен өзінің болашақ мамандығына етене жақын болған екен. Алматы қаласында физика-математика мектебінде оқаған математик бүгінде Ғылым академиясының бір ғасырда бір туатын академигі болды. Адам қиялға ерік береді, армандайды, алдына белгілі бір мақсаттар қояды, ішкі жан дүниесімен сырласады. Сон…

0
0
556

Ғаламтордың ғажабы мен азабы

Ғаламтор–ақпарат көзі. Ғаламтор кеңістігінде кез-келген ақпаратты тауып, алмаса аламыз. Артықшылығы:ақпаратты табуға, жұмыс істеуге, қашықтықта оқуға, әлемнің түкпір-түкпірінен адамдармен хабарласып, хат алмасуға болады. Ғаламтор білім саласында үлкен мүмкіндіктері ие шетел жоғарғы оқу орындарында оқуға басқа ұлт-өкілдерімен қарым-қатынас жасауға болады. Жұмыс нарығында ғаламтор ерекше рөл ойнайды. Адамдар еркін жұмыс іздеп, қалаған жұмысына орналаса алды. Ғаламтор арқылы қашықтықтан жұмыс істеп, өзіңізді жан-жақты дамыта аласыз. Жаңа мамандықты, тілді игеруге арнайы онлайн сабақтар арқыл жетіп, меңгеруге болады. Ғаламтор арқылы сайттың көмегімен заңды құжаттарды жасатуға болады. Әр адам өз кәсібін ашып, жүргізуге мүмкіндік береді. Тіпті шет ел аралап, саяхаттау барысында өзге мемлекетте…

1
0
602

Таңқурайдың тамаша қасиеттері

Жидектердің патшасы–Таңқурай. Таңқурай– адам денсаулығына пайдасы мол, өсімдіктің бірі. Тамыз, қыркүйек айлары– жидектерді жинайтын кезең, осы уақытта әйелдер қауымы қыс мезгіліне қажетті дәрумендерді дайындаумен айналысады. Таңқура табиғи дәрумен болып табылады, оның адам ағзасына тигізетін пайдасы құрамында . Таңқурай глюкозадан фруктозадан және 11% қанттан құралады. Құрамындағы минералды заттар: темір, цинк ,калий , магний, мыс және кобальт болып табылады. Таңқурай- көптеген ауруларға ем . Ішек-қарын, бауыр, қан аздық ауруларының алдын алады. Қыс мезгілінде суық тию, тұмау, буын аурулары, тыныс алу органдарына таптырмас ем. Құрамындағы салицил қышқылы денедегі ыстықты түсіріп, тер шығаратын әсері бар. Бүйрек тасын шығаруға, іш ауруына және қан диабетіне ем. Ғалымдардың пікірінше , бірд…

0
0
890