Ұйқының беймәлім және мәлім сырлары
Әлем халқының 45 % ұйқысыздыққа шалдығып, жапа шеккен. Дәрігерлердің айтуынша кешкі сағат 21:00 - 23:00 аралығында жату дұрыс деп санайды. Өйткені күні бойы ағзаңыз қызмет атқарып, ұйқыға дайындалады.Аз ұйықтаған адамның бойында қандай өзгеріс орын алады?Неміс медицинасында 24 сағат бойы ұйықтамаған адам шизофренияның жеңіл түріне шалдығады. Бойы әлсіздікке ұшырап, сезімтал болады. Түстерді ажырата алмай, тілі күрмеле бастайды. Таңды ұйқысыз атырған адамдардың бет терісінде мезгілінен бұрын әжімдер пайда болады. Келбетіңіздің қартайып, көздің асты қараюы ұйқысыздықтың белгісі. Организде зат алмасу процесі тоқтап, жүрмейді. Түрлі токсиндер ,улы заттар ағзаға таралады. Теріде түрлі бөрітпелер пайла болып, онкологоиялық ауруларға әкеліп соқтырады. Ұйқысыздықпен күресіп, аурудың алдын алмасаң…