Ғаламтордың ғажабы мен азабы
Ғаламтор–ақпарат көзі. Ғаламтор кеңістігінде кез-келген ақпаратты тауып, алмаса аламыз. Артықшылығы:ақпаратты табуға, жұмыс істеуге, қашықтықта оқуға, әлемнің түкпір-түкпірінен адамдармен хабарласып, хат алмасуға болады. Ғаламтор білім саласында үлкен мүмкіндіктері ие шетел жоғарғы оқу орындарында оқуға басқа ұлт-өкілдерімен қарым-қатынас жасауға болады. Жұмыс нарығында ғаламтор ерекше рөл ойнайды. Адамдар еркін жұмыс іздеп, қалаған жұмысына орналаса алды. Ғаламтор арқылы қашықтықтан жұмыс істеп, өзіңізді жан-жақты дамыта аласыз. Жаңа мамандықты, тілді игеруге арнайы онлайн сабақтар арқыл жетіп, меңгеруге болады. Ғаламтор арқылы сайттың көмегімен заңды құжаттарды жасатуға болады. Әр адам өз кәсібін ашып, жүргізуге мүмкіндік береді. Тіпті шет ел аралап, саяхаттау барысында өзге мемлекетте карта қолданып,қалаған жеріне жетуге болады.
Ғаламтордың ең басты қаупі– тәуелділік. Адамдар қажет емес ақпараттарды көріп, тәуелділікке ұшырайды. Тәуелділік адамның денсаулығына кері әсерін алып келеді. Ол көздің нашарлауына, бойымыздағы қимыл-тірекке зиян келеді.
Ғаламторда жарияланатын келеңсіз ақпарттардың әсерініен адамның психикасы бұзылады. балалар мен жасөспірімдер сматфоннан көргендеріне еліктейді. Қандай да бір видеодағы кейіпкердің қимылдарын қолданып, келеңсіздікке ұшырайды. Ғаламтордың тағы бір қаупі–адамдардың жалған ақпарат арқылы, алаяқтың арбауына түсіп қалуы. Ғаламтордың мүмкіндіктерін оң бағытта пайдаланып, кажетіңізге жаратыңыз!

Алматы қаласы
№40 Жалпы білім беретін мектептің
11 “Ә” сынып оқушысы
Жамбулова Айым
