Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Атырау облысындағы өзенде балық қырылды

Атырау облысының Қызылқоға ауданында өзеннен қырылған балық табылды.

Балық шаруашылығы комитетінің мамандары балықтың жаппай қырылу себебін анықтауға кірісті.

"Ойыл өзенінде балыл қырылғаны туралы ақпарат 7 шілде күні түсті. Келесі күні оқиға орнына арнайы комиссия шықты. Оның құрамында Жайық-Каспий бассейні инспекциясының басшысы және оның орынбасары, инспекция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органның жұмысшылары бар. Өлі балықтар анықталған жерден биоматериалдың қажетті сынамалары алынды", - дейді комитет мамандары.

Сараптаманың қорытындысы бойынша тиісті шаралар қолға алынады. Сол кезде осы жағдайға қатысты барық ақпарат жарияланады.

0
0
265

Осы тақырып бойынша

Атырау облысындағы өзенде балық қырылды - Yvision.kz