Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Батыс Қазақстанда төрт көлік жанып кетті

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Мичурин кентінде 4 көлік өртенді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 9 шілдеде болған.

"Заводская көшесіндегі "Восход" ЖШС аумағында 20 шаршы метр алаңда автокөлік бөлшектері бар металл контейнер жанып кетті. Салдарынан 2 ПАЗ көлігі толығымен жанып кетті. Тағы екі көлік зардап шекті", - дейді ведомство.

Өрт таңғы 04:00 шамасында толық сөндірілді.

0
0
248

Осы тақырып бойынша

Батыс Қазақстанда төрт көлік жанып кетті - Yvision.kz