Екі қызға үйленген жігіттің әйелі көрген қорлығын айтып берді
Жақында әлеуметтік желіде шымкенттік жігіт бірден екі қызға үйленгені туралы видеолар тараған болатын. Өзін Ержан мырза деп атайтын жігіттің екі әйелінің бірі болған Фариза есімді қыз елден көмек сұрайды. Оның сөзінше, Фариза бүгінде ол үйден кетіп қалған. Ал бастапқыда күйеуі тағы бір әйел әкелетінінен бейхабар болған екен."Негізі біз екеуіміз үйленбек болғанбыз. 16 наурызда "тәтті шай" болды. 17 наурызда мені келісіп алып кетті. Сол сәтте көліктен бір қызды көріп қалдым. Бірақ тағы бір әйел әкеле жатыр деген ой болмады. Үйіне барған кезде ол қыз бала көтеріп қалғанын білдім. Ол кезде қыздың жасы 17-де еді, қазір 18-де. Маған жағдайды түсіндіргеннен кейін мен қалдым. Бірақ үшеуіміз туралы әлеуметтік желіге салып жібергенін қаламадым. Біздің өміріміз туралы әлеуметтік желіге салуына қарсы…

