Ұлттық валюта – ұлт тағдыры
Төл теңгеміз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы, экономикалық дамуымыздың басты кепілі.
— Қасым Жомарт Тоқаев
Биыл ұлттық валютамыз – теңгенің қолданысқа енгеніне 30 жыл болды. 1993 жылдың 12 қарашасы күні елбасы Нұрсұлтан Назарбаев « Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу» туралы жарлыққа қол қойып, 15 қараша күні теңге айналымға енді. Содан бері жыл сайын15 қараша – Ұлттық валюта күні ретінде атап өтіледі.

Теңгені айналымға енгізу шаралары құпия түрде жүргізілді. Бұл жайлы жаңа валютаның дизайнымен айналысқан суретшілері мен мемлекет басшылығындағы санаулы адамдар ғана білген болатын. Тимур Сүлейменов, Қайролла Әбжәлелов, Меңдібай Алин және Ағымсалы Дүзелханов Англияда валютамыздың дизайнын бекітсе , алғаш рет Ұлыбританияда басылып шықты. Ол кездегі теңге бетінде: Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, әл-Фараби, Абылай хан мен Қасым хан сынды ұлы тұлғалардың портреттері бейнеленген болатын. Ұлттық ақшаның атауы жайлы да біраз ой тербелген екен. Валютаға «Алтын» атауын қою жайлы ұсыныстар болды. Бірақ, кейін қазіргі атауы «теңге» нұсқасына тоқталды. Бұл сөз орта ғасырлардағы «таньга» ; « таңғадан» ; «денге» сөздері негізінде шыққан болатын. Алғашқы қағаз ақшалар: 1, 3, 5, 10, 20, 100 теңгелері болды. 1994 жылы 2, 5, 10, 20 және 50 теңгелік монеталар енгізілсе , 2006 жылы теңге бейнесі жаңартылды. Жаңа дизайнмен 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттар қолданысқа енді. Теңге дизайны – еліміздің бүгінгі бейнесін көресететін болып өзгертілді. Ұлы тұлғалардың бейнесін – мемлекеттік нышандар мен еліміздің табиғат ландшафтыларының бейнесіне алмастырды.
Теңге- мемлекеттік тәуелсіздігіміздің жарқын көрінісі.Экономикалық ауытқулар мен өзгерістерге қарамастан өз құнын жоғалтпайды. Өйткені , ұлттық валюта – ұлттық тағдырымыз.
Абаева Ақбота
Алматы қаласы, Әуезов Ауданы
202 мектеп-гимназиясының
11 «Б» сынып оқушысы
Шығармашылық жетекшісі:
Жидегүл Әбдіжадылқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті
