Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Таңқурайдың тамаша қасиеттері

Жидектердің патшасы–Таңқурай. Таңқурай– адам денсаулығына пайдасы мол, өсімдіктің бірі.

Тамыз, қыркүйек айлары– жидектерді жинайтын кезең, осы уақытта әйелдер қауымы қыс мезгіліне қажетті дәрумендерді дайындаумен айналысады. Таңқура табиғи дәрумен болып табылады, оның адам ағзасына тигізетін пайдасы құрамында . Таңқурай глюкозадан фруктозадан және 11% қанттан құралады. Құрамындағы минералды заттар: темір, цинк ,калий , магний, мыс және кобальт болып табылады. Таңқурай- көптеген ауруларға ем . Ішек-қарын, бауыр, қан аздық ауруларының алдын алады. Қыс мезгілінде суық тию, тұмау, буын аурулары, тыныс алу органдарына таптырмас ем. Құрамындағы салицил қышқылы денедегі ыстықты түсіріп, тер шығаратын әсері бар. Бүйрек тасын шығаруға, іш ауруына және қан диабетіне ем. Ғалымдардың пікірінше , бірде -бір антиоксидант таңқурай секілді обыр жасушаларына қарсы тұра алмайды. Осыған орай ол обыр дертіне шипалы дәрі болып саналады. Таңқурайдан бөлек, жапырағында өзіндік қасиеті бар. Оның жапырағын қолдану арқылы қыс мезгілінде емдік шәй жасауға болады. Таңқурайдың түрлері мен сорттары көп. Солардың бірі камберланд-Ресейде ең көп таралған қара таңқурай сорты. Оның бұтақтары мықты болып келеді.Бұл таңқурай мұз болып қатқанның өзінде қасиеттерін жоғалтпайды. Қыс мезгілінде -30° аязға төтеп беретін, төзімді сорттарының бірі.

Таңқурайға қалай күтім жасау керек?

Күзде жасалатын алғашқы жұмыстарының бірі– жемісін жинап, артық бұтақатарын алып, ұшын кесу. Таңқурайды өсіріп, баптайын десеңіздер егілетін жерді дұрыс таңдағандарыңыз жөн. Жерасты суы бір метрден аспауы тиіс. Отырғызғаннан кейін топыраққа көңді пайдаланады, одан басқа тыңайтқыштарды да қолдануға болады. Айналасында қорған ағаштары болғаны дұрыс!

Таңқурайды тұтынып, бойыңызға қажет дәруменді сіңіріп, спортпен айналысып,салауатты өмір салтын ұстануға кеңес беремін!

Алматы қаласы

№40 Жалпы білім беретін мектептің

11 “Ә” сынып оқушысы

Жамбулова Айым

0
0
865

Осы тақырып бойынша