Өзбекстандағы Ovoz жобасына қатысып жатқан қазақстандық туралы не білеміз?
Өзбекстандағы Ovoz (Дауыс) жобасына Қазақстан атынан дәстүрлі әнші Асқар Мұқият қатысып жатыр.Ол Instagram-дағы парақшасында отандастарының өзіне қолдау білдіруін сұраған.«Егер Алла бойға талант нәсіп етсе, оны дамыту, шыңдау, дүйім жұртқа паш ету – ол да бір парыз деп білемін. Өзбекстан Республикасында өтіп жатқан халықаралық OVOZ The Voice жобасында Қазақстан атынан бақ сынап жатырмын. Бұл жерде Өзбекстан Республикасының Халық әртісі Фарух Закиров, мәдениет және туризм минстрі Озадбек Назарбеков, танымал әнші Севара Назархан, Тохир Содиков сынды өнер майталмандарының (қазылар алқасы – ред.) берген бағасын көрдік. Дегенмен, әлі көп жұмыс істеуім керек. Сол үшін сіздердің қолдауларыңыз да өте қажет және маңызды…» – деп жазды Асқар.Ал енді бұл өнерпаз кім дегенге келсек, осы тұрғыда оның ө…







