Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Өзбекстандағы Ovoz жобасына қатысып жатқан қазақстандық туралы не білеміз?

Өзбекстандағы Ovoz (Дауыс) жобасына Қазақстан атынан дәстүрлі әнші Асқар Мұқият қатысып жатыр.

undefined

Ол Instagram-дағы парақшасында отандастарының өзіне қолдау білдіруін сұраған.

«Егер Алла бойға талант нәсіп етсе, оны дамыту, шыңдау, дүйім жұртқа паш ету – ол да бір парыз деп білемін. Өзбекстан Республикасында өтіп жатқан халықаралық OVOZ The Voice жобасында Қазақстан атынан бақ сынап жатырмын. Бұл жерде Өзбекстан Республикасының Халық әртісі Фарух Закиров, мәдениет және туризм минстрі Озадбек Назарбеков, танымал әнші Севара Назархан, Тохир Содиков сынды өнер майталмандарының (қазылар алқасы – ред.) берген бағасын көрдік. Дегенмен, әлі көп жұмыс істеуім керек. Сол үшін сіздердің қолдауларыңыз да өте қажет және маңызды…» – деп жазды Асқар.

Ал енді бұл өнерпаз кім дегенге келсек, осы тұрғыда оның өзі еңбек ететін Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының ресми сайтына жарияланған мәліметті ұсынамыз:

Асқар Мұқият – дәстүрлі әнші, көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Ол 1994 жылы дүниеге келген.

Білімі:

2010-2014 жж. – Қ. Байсейітов атындағы саз колледжі, «Бас қобыз» мамандығы;

2014-2018 жж. – Қазақ ұлттық өнер университеті, «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы

Шығармашылық жетістіктері:

• 2016 – Ә.Найманбаев атындағы Республикалық әншілер конкурсынан бас жүлде;

• 2016 – М.Бапиұлы атындағы III Республикалық әншілер конкурсынан бас жүлде;

• 2017 – Е.Беркімбаев атындағы V Республикалық әншілер конкурсынан 2 дәрежелі лауреат атағы;

• 2017 – Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде бас жүлде;

• 2018 – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрмет» грамотасы;

• 2020 – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Репертуар:

• «Қызыл бидай» (халық әні)

• «Қорлан» (Естай)

• «Алты басар» (Ақан сері)

• «Бабалар» (Ж.Кәрменов)

• «Ақжалмаш» (Е.Беркімбайұлы)

• «Ардақ» (Ж.Жұмабайұлы)

• «Жарқ етпес қара көңілім не қылсада»(С.Мұxамеджанов)

• «Шәпибай-ау» (халық әні)

• «Шіркін-ай» (Мади Аққошқар Сайдалы)

• «Бүркітбай» (Мұстафа)

• «Қаракөз» (Әсет)

• «Қара кесек» (Мади)

• «Он саусақ» (Біржан сал)

• «Ғалия» (Балуан Шолақ)

• «Қоңыр қаз» (Н.Әсет)

• «Гәкку» (Үкілі Ыбырай)

• «Баян ауыл» (халық әні)

• «Сары бидай» (Сәдіқожа)

• «Желдірме» (И.Байзақов)

0
0
1029

Осы тақырып бойынша