Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейіне көне жапон тапаншасы табысталды

Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музей қоры ерекше жәдігермен толықты.

undefined

Жапонның Намбу тапаншасы Жаңаарқа ауданында үй ауласынан ұра қазу барысында табылды. Газетке оралған қару жер қойнында 100 жыл көмулі жатқан.

14 типті Намбу тапаншасын 1925 жылы Кидзиро Намбу жасап шығарған. Оны император әскерінің офицерлері 1937 жылы Қытайға қарсы соғыста, сондай-ақ 1945 жылы Кеңес-Жапон соғысы кезінде қолданған.

Құнды экспонатты музейге Ұлытау облысы полиция департаментінің жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы Бауыржан Қалыбеков табыстады.

Polisia.kz

0
0
482

"Араларыңызда қордайлықтар бар ма?" Саят Медеуов түрмеде ән салды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №72 мекемесінде бүгінгі мереке құрметіне белгілі әнші Саят Медеуов өнер көрсетті."Өнер қайраткерімен кездесу алдында мекеме ұжымы мен шаруашылық қызмет жасағындағы сотталғандарды Жеңіс күнімен құттықтаған №72 мекеме бастығының орынбасары әділет майоры А. Әлімжанов Қазақстан халқы үшін маңызы зор мерекенің маңызымен таныстырып, құттықтау сөз сөйледі.Ішкі істер министрлігінің ҚАЖД мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының тармақтарын орындау мақсатында ұйымдастырылған кездесуде әнші өз репертуарындағы патриоттық әндерді орындап, сотталғандардың ризашылығына бөленді", - деп жазады Polisia.kz. Рас-өтірігін білмейміз, баяғыда әнші Мәдина Садуақасова бір түрмеде өнер көрсетіп тұрып: "А…

0
0
468

Атырау облысында құтқару, су сору және тасқынның алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр

undefined

Атырау облысы Жылыой ауданында авариялық құтқару жұмыстары тәулік бойы жалғасуда.

Тәулігіне 204 444 текше метр су сорылды. Ал тасқын басталғалы 4 521 719 текше метр су сорылған.

undefined

Осы облыстың Махамбет ауданында пилотсыз ұшу аппаратымен визуалды шолу жүргізіліп жатыр. Мониторинг тұрақты негізде жүргізіліп, жағдай қатаң бақылауға алынған. Қосымша жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда.

0
0
550

Еліміздің бұрынғы ішкі істер министрі ұсталды ма?

Әлеуметтік желіде бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады.Бұл жайында бірінші болып Nege.kz телеграм-арнасы хабарлаған еді. Соны әлеуметтік желідегі басқа көптеген парақшалар мен ақпарат құралдары іліп әкетті.«Біздің ақпарат көздеріміздің хабарлауынша, бүгін бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды. Мұдай шешімді арнайы прокурорлар Тұрғымбаевқа қатысты 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікпен қозғалған қылмыстық іс негізінде қабылдаған», – деп жазды кеше Nege.kz.Әзірге бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.Ерлан Тұрғымбаев 2019-2022 жылдары Ішкі істер министрі болды. Ол 2022 жылдың ақпанында қызметінен кетіп, тамызда Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды. Ал қыркүйекте Қазақстанның ШЫҰ Аймақтық л…

0
0
339

Петропавлда полиция подполковнигі өлі күйінде табылды

Ол жүгіру кезінде көз жұмған көрінеді.

undefined

Фото: t.me/CentralMediaNews

Әлеуметтік желіде СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі, подполковник Иван Гугняктың өлі күйінде табылғаны туралы ақпарат тарады. Онда офицердің аттестацияға дайындалу мақсатында жүгірумен айналысып жүргені жазылған.

Ал Гугняктың қайтыс болғанын растаған облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер жедел уәкілдің аттестациядан өтуге дайындалу үшін жүгіргені шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Өйткені оның лауазымы аттестациядан өткізілетіндердің тізімінде болмаған.  

0
0
351

Елде жел күшейеді

Мамандар еліміздің барлық өңірінде жел күшейеді деген болжам жасап отыр.
undefined
Фото: kk.wikipedia.org

«Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Смағұлованың айтуынша, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста шаңды дауыл, оңтүстікте дауыл, солтүстік пен шығыста түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болуы мүмкін.

«Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек түнде Қазақстанның шығысында аздаған жауын-шашын күтіледі, күндіз елдің батысында аздаған жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын сақталады. Батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай болады», - деді Алина Смағұлова.

0
0
408

ҚАЗҰУ МАҒАН КЕРЕК ЕМЕС ЕДІ...

Студенттік шақ - ең бақытты кезең! Бұл сөзді барлық студент естіген шығар. Бірақ бұл кезең сенің қандай оқу орынында оқығаныңа да байланысты ерекшеленеді. Алматы қаласында университет өте көп. Біразын көрдім. ҚазҰУ-ға жететінін кездестірмедім. Жаңа университеттер ашылуда. Бірақ олар менің қара шаңырағым сияқты мол тарих пен мықты түлектерге бай емес. Оқытушылары жас маман шығар, бірақ менің алтын бесігім секілді тәжірибелі әрі қазыналы емес. Бекжан Әшірбай (айтыскер, ақын, заң газетін 7 жыл басқарды), Айбар Олжай (коммуникация бойынша маман, 7 20 25 тұрғын үй ипотекасының PR маманы, бүгінде Ұлттық Банк қызметкері), Әлібек Шегебай (ақын), Мұрат Шаймаран (ақын, Қытай ХР журналист қызметін атқарды), Назия Жоямерген (Түркітілдес журналистер қорының негізін қалаушы) т.с.с ұстаздар теория мен п…

0
0
254

Бүгін - Ғашықтар күні

15 сәуірде еілімізде Қозы Көрпеш – Баян сұлу күні, яғни ғашықтар күні аталыпп өтеді.

undefined

Сурет: dimashnews.com

Мереке 2011 жылы бұрын жастар атап өтіп келген 14 ақпан – Ғашықтар күніне балама ретінде пайда болды және XIV-XV ғасырларда өмір сүрген Қозы Көрпеш пен Баян сұлу махаббатының символы ретінде белгіленген.

Бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халық аңызында махаббат пен достық, тазалық пен нәзіктік, адамгершілік пен әдеп туралы айтылған.

Мөлдір де нәзік сезімді, екі жүрек арасындағы махаббатты білдіретін мерекеде әдетте жас жұбайлар некесін тіркеуге асығады.

kaz.inform.kz

0
0
349

Астанада алапат өрт болды

undefined

Бүгін түнде Елордада жатақхана отқа оранды. Қызыл жалын шамамен 500 шаршы метр аумақты қамтыған.

Өрт таңғы сағат 6:07-де толық сөндірілді.

0
0
392

Қаршадай қыздың әскери қызметшілерге тәтті таратқаны жұрттың жүрегін елжіретті

undefined

"Оқушы қыз әскери қызметшілерге тәттілер таратты. Су тасқынына қарсы күресіп жатқандар оған ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты. Кішкентай қыздың мейірімділігі көпшілікті сүйсіндірді", - деп жазылған "Астана" телеарнасының Instagram-дағы парақшасында.

0
0
528