Ақмола облысында 10-нан астам автокөлік бірден соғысып қалды (видео)
Бүгін Астана-Қарағанды тас жолында 11 автокөлік бірден соғысып қалды.

"Патриот" Telegram-арнасының хабарлауынша, оқиға Ақмола облысындағы Бірсуат ауылының маңында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатына "Тойота Камридің" 29 жастағы жүргізушісі себепкер. Ол қатты жылдамдықпен келіп, алдында бір бағытта кетіп бара жатқан Volkswagen Polo-ны соққан.
Осы оқиғадан 5 адам зардап шегіпті.
Видеоны мына жерден көруге болады.
