Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Алдағы күндері елде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Tengrinews.kz-

Ондағылардың айтуынша, Қазақстан солтүстік-батыс циклонының әсерінде болады. Соның нәтижесінде жауын-шашын көбейейін деп тұр.

«Солтүстік аймақтарда қар, оңтүстік аймақтарда жаңбыр мен ылғалды қар болады, сондай-ақ бұрқасын күшейеді. Таулы жерлерде қатты қар жауып, көктайғақ пен тұман болады деп күтілуде», – деп хабарлайды мамандар.

Бұл – алдағы үш күнге арналған болжам.

0
0
113

Көкшетауда ағзасын сатпақ болған адам ұсталды

Ағза донорлығы туралы айтып болғанымыз сол еді, мынадай ақпарат тарады. Полиция адам ағзасын сатудың жолын кескен. Қазақстандық өзінің бүйрегін 18 мың АҚШ долларына бағалап, кездейсоқ сатып алушыға интернет арқылы сатуға тырысқан. Автор желі қолданушыларына өз мүшесін сатуды ұсынды, ал алу операциясы туралы барлық келісімдерді қабылдаушы ұйымдастыруы керек еді. Әлеуметтік желідегі ерекше хабарландыруға Ақмола облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері назар аударып, донормен байланысқа шықты. Бірнеше апта бойы полицейлер арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, нәтижесінде трансплантация жасау және ақша қаражатын беру туралы мәміле жасалды. Көкшетау қаласында ҰҚҚКБ қызметкерлері, ақша беру кезінде күдіктіні ұстады. Алғашқы тергеу әрекеттері аясында полиц…

0
0
129

Алматылық қыз АҚШ-та жыл моделі атанды

"Бүгінгі күннің кейіпкері – алматылық Кристина Менисова! Ол АҚШ-та ұлттық деңгейдегі марапатқа ие болды! Ол әлеуметтік желілерде жылдың үздік моделі болып таңдалды!

Біз сізге Кристина туралы 2022 жылы айтқан болатынбыз, сонымен қатар біздің YouTube арнамызда онымен қысқаша сұхбат бар. Өйткені ол АҚШ-тың Майами қаласында өткен «Әлем аруы» халықаралық байқауында бас жүлдені жеңіп алды", - деп жазды alga.peterburg Instagram-парақшасы.

0
0
159

150 мың теңгеге ішіп-жеп, қашып кеткен

Екі ер адам дәмханада 150 мың теңгеге ішіп-жеп, төлемей қашып кетіпті.

"Осыны жариялаңыздаршы. Ақысын менен алды. Отбасымды асырау үшін күні-түні жұмыс істеймін. Осы азаматтарды табуға көмектесіңіздерші", - деп жазылған 100baksoff Instagram-парақшасында.

https://www.instagram.com/p/C2ua0lLtlPH/

0
0
211

Астанада ұрылар бір тұрғынға 101 млн теңгеден астам шығын келтірген (видео)

Елорда полициясы тұрғынға 101 млн теңгеден астам шығын келтірген ірі пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктілер ұсталды. Күдіктілердің екеуі ұсталып, біреуі іздестіріліп жатыр. Елордада Сарыарқа ауданының полицейлері жедел-іздестіру шаралары барысында ірі пәтер ұрлығына қатысты деген күдікпен 46 және 60 жастағы екі ер адамды анықтады. Күдіктілер ұсталғаннан бірнеше күн бұрын жергілікті тұрғын полицияға хабарласып, пәтерінен 4 швейцариялық сағат, 2200 АҚШ доллары және 650 мың теңге ұрланғанын хабарлаған. Ер адам келтірілген материалдық шығынды 101 миллион теңгеден астам деп бағалаған.Жәбірленушінің айтуынша, ол сағаттың жоғалып кеткенін Алматы қаласына 10 күннен астам сапарында болып, келген соң білген. Келгеннен кейін киім ауыстыратын бөлмеде заттарды сұрыптап жатқанда, ол ашылған сейфті көрген…

0
0
241

Қазақстандықтар «Канвон-2024» Олимпиадасында үшінші медальді қанжығаға байлады

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан «Канвон-2024» IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан қоржынына кезекті жүлде түсті.

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында алғаш рет 3×3 хоккейден жүлде жиынтығы сарапқа салынған. Қазақстан құрамасы бұл сында үшінші орынға табан тіреді. 3-орын үшін өткен тартысты ойында жерлестеріміз Аустриядан 6:5 есебімен басым түсті.

Қазақстан - Аустрия 6:5 (4:1, 1:2, 1:2).

Айта кетейік, IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан бүгінге дейін 1 алтын және 2 қола жүлдені қанжығаға басты.

Алтын медальді Илья Мизерных бірінші (шаңғымен секіру) болып әкелсе, одан кейін Полина Омельчук шорт-тректен қола жүлде иеленген еді.

0
0
198

Әмір - жасөспірімдер арасындағы Australian Open-нің ширек финалына шыққан тұңғыш қазақстандық!

Теннистен Австралия ашық чемпионатының үшінші айналымдағы матчында қазақстандық Әмір Омарханов әлемнің жасөспірімдер рейтингіндегі 26-шы ракеткасы Хен Кимді 6:3, 5:7, 6:0 есебімен ұтты.

Ол 6:0 есебін шешуші сеттегі 19 минутта жасады. Әмір жартылай финалда Нидерланд өкілі, жасөспірімдер рейтингіндегі 25-ші ракетка Мец Роттерингпен сайысқа түсуі тиіс.

t.me/sportilinet

0
0
241

Ясауидің Вашингтоннан табылған қолжазбасының көшірмесі жарыққа шықты

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары ұлы ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Ясауидің Америкадан табылған қолжазбасының көшірмесін жарыққа шығарды.Бұл туралы еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.«Рисала Мират әл Кулуб» кітабының түпнұсқасы ХІІ ғасырда араб графикасымен түркі тілінде жазылған. Қолжазба «Диуани хикметке» қарағанда проза түрінде жарық көрген. Үш тараудан тұратын шығарма әділдік, адалдық, ізгілік сияқты гуманистік құндылықтарды сипаттайды. Қазіргі уақытта мамандар Вашингтондағы АҚШ Конгресінің кітапханасынан табылған XVIII ғасырда көшірілген нұсқа мен бұрыннан бар түпнұсқаның ерекшелігін зерттеуде.«Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы қорына Қазақстан тарихына қатысты жазба мұраларды жинақтау барысында мұраларды ізд…

0
0
236

Алматыда түнде қалай жер сілкінгенін көрсететін видео тарады

Алматыда жер сілкінісі қалай болды?

Жер асты дүмпуінің Көктөбеден түсірілген видеосын мына жерден көріңіздер.

Еске салсақ, 23 қаңтарда сағат 00:09-да Алматыдан 264 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болды. Соның әсерінен Алматыда 5 балл, Шымкентте 2 балл, Жамбыл облысында 2-3 балл және Жетісу облысында 4 балл дүмпу сезілген. Алдын ала мәліметтер бойынша, ғимараттар мен құрылыстар қираған жоқ.

0
0
232

АҚШ пен Ұлыбритания Йемен хуситтеріне әуеден кезекті соққы берді

АҚШ пен Ұлыбритания Йемендегі сегіз нысанаға бірлескен әуе шабуылдарының жаңа сериясын бастады.

ВВС-дің жазуынша, соққылар жерасты қоймасы мен хуситтердің «зымыран және барлау жүйесіне» бағытталған.

Йемендік ақпарат құралдарының хабарлауынша, соққылар елдің астанасы Санаға және басқа аймақтарына да жасалды.

Иранның қолдауындағы хуситтер Қызыл теңіз арқылы өтетін негізгі сауда жолы бойындағы Израильмен байланысы бар кемелерді нысанаға алды.

Біз екі алып елдің Йемен хуситтеріне қарсы соққыны қашан және не себепті бастағанын бұрынырақта жазғанбыз.

0
0
213