Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Бірнеше аймақта тағы да жолдар жабылды

Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде көлік құралдарының барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Бұл туралы бүгін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы әлеуметтік желіде хабарлады.

Жамбыл облысында - 1 учаске

1. «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 шақырым, Кенен а. - Қайнар а. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) – 79 шақырым (тұман, шектеулі көрініс, жел)

Жетісу облысында - 1 учаске

1. «Үшарал-Достық» 84-184 шақырым, Көктұма ст.-Достық ст. – 100 шақырым. (боран, шектеулі көрініс)

Қарағанды облысыда - 1 учаске

1. «Екатеринбург-Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы» 0-16 шақырым, Пришахтинск а-Новостройка а. – 16 шақырым. (қар, боран, шектеулі көрініс)

Қостанай облысында - 1 учаске

1. «Жезқазған-Петропавл» 252-335 шақырым, Ұлытау обл.шек. - Арқалық қ.-83 шақырым. (Ұлытау облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты)

Ұлытау облысында - 1 учаске

1. «Жезқазған-Петропавл» 137-252 шақырым, Ұлытау к.-Қостанай обл.шек. – 115 шақырым. (боран, шектеулі көрініс)

Республикалық маңызы бар автожолдарда 337 бірлік техника және 457 адам жұмылдырылды.

0
0
177

Осы тақырып бойынша