"Тоқтардың бұлбұлы Мейрамбектің бағында жүр". Желіде қызық видео тарады
Соңғы күндері әлеуметтік желіні 2000 жылдардың басындағы өнер жұлдыздарына қатысты қызық видео жаулап алды.

Соны Facebook-ке жариялағандардың бірі Салтанат Абылбекова мынадай жазба қалдырыпты: "Сәбит: Бұл бұлбұл менің ғана бақшамда сайрауы керек!" Расымен де бейнероликте тойда беріліп ән айтып жатқан әнші Алтынай Жорабаеваға оның сол кездегі күйеуі, актер Сәбит Әбдіхалық тесіліп қарап тұр. Ал ортада Мейрамбек Бесбаев Бейбіт Сейдуәлиевамен билеп жүр. Бұл жазбаға төмендегідей пікірлер жазылған: "Неше жыл сайрады ғой". "Алтынайдың не айтып жатқанын адам түсінбейді ғой". "Тоқтардың бұлбұлы Мейрамбектің бағында жүр". "Бұлбұлдар əлі сайрап жүр. Соларды тойға шақыратындар не дейді екен? Яғни сұрап сүгіретке түсушілер". "Тоқтардың бұлбұлы басқа бақта сайрап жүр ғой. Ол қайда?"
Видены мына жерден көруге болады.
