Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Шымкентте миллиондаған қарызын төлеуден жалтарып жүрген жүргізуші "Қорғау" арқылы табылды

Шымкентте “Қорғау” көмегімен миллиондаған қарызын төлеуден жалтарып жүрген Lexus жүргізушісі анықталды.

"Қорғау" мегаполис полицейлеріне құқық бұзушыларды анықтауға көмектесуді жалғастыруда. Мәселен, өткен дүйсенбіде бағдарлама Тәуке хан даңғылында борышкердің басқаруындағы автокөлік туралы ақпарат берді.

Азаматтың 27 миллион теңге көлемінде берешегі бар болып шықты. ЖБО кезекшілері көлік құралын ұстауға патрульдік полиция инспекторларын бағыттады. Қала тұрғынына қарызды төлеу қажеттілігі туралы ескертілді, ал оның “темір тұлпары” айыппұл тұрағына қойылды.

Айта кетейік, "Қорғау" қосымшасын қаланың тәртіп сақшылары 2022 жылдың сәуір айында қолдана бастады. Қосымша полицейлерге жалған нөмірлі, сақтандырусыз, іздестірудегі, төленбеген айыппұлдары бар көліктер туралы хабарлай алады. Сонымен қатар, аталған бағдарлама жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатын қауіпті жүргізушілерді анықтайды.

0
0
164

Осы тақырып бойынша

Шымкентте миллиондаған қарызын төлеуден жалтарып жүрген жүргізуші "Қорғау" арқылы табылды - Yvision.kz