«Балапан» көрерменіне екі жаңалық ұсынады
Достар, «Балапан» телеарнасының сендерге арналған керемет жаңалықтары бар! Көңілді бағдарламаларды жіберіп алмаймын десең бізбен бірге бол және ары қарай мұқият оқы. Сонымен... алғашқы жаңалығымыз: «Балапан» телеарнасы «Сиқырлы смурфтер» мультфильмін ұсынады! Осы аптада «Сиқырлы смурфтер» мультфильмін бізбен бірге тамашалаңдар. Бұл мультфильмде Нью-Йорк атты үлкен қалаға тап болған смурфтердің басынан кешкен оқиғалары баяндалады. Алыс шалғайдағы сиқырлы мекенде бойлары алмадай ғана көк түсті смурфтер алаңсыз өмір сүреді. Бір күні зұлым Гаргамель олардың тыңыш өмірінің шырқын бұзады. Қастандық жасап, оларды сиқырлап тастайды. Сөйтіп, смурфтер таңғажайып әлемінен Нью-Йорк қаласының Орталық саябағынан бір-ақ шығады. Кішкентай смурфтер өздерінің әлеміне қайтуға тырысады. «Кішкентай смурфтер»…


