Жексенбіні жақсы өткіз!
Біздің заманымыздың 321 жылы 7 наурызда Рим императоры Константин жексенбіні демалыс күні деп жариялайды. Біздің бүгінгі аптаның соңғы күні деп, арқа-жарқа демалып, тынығып алатынымыз, сірә, осы билеушінің арқасында шығар.

Жұмыс аптасы алдында сергіп, шаршағанымызды басып, әл-қуат, күш жинауға мүмкіндік беретін жексенбіні жақсы көрмейтін адам кемде-кем. Бұған, «Қазақстан» ұлттық арнасынан берілетін «Бүгін жексенбі» атты керемет бағдарламаны тамашалау мүмкіндігі бар екенін ескерсек, көңіліміз еселеп өседі емес пе!?
Осы қазір жетінші күн мен журналистиканың байланысы туралы қызықты факт оқып, алдағы уақытта біздің жобамызды жібермей көруді ұсынамыз.
Көптеген күн сайын шығатын британ және американ газеттері жексенбіде шығатын басылымы нөмірін адамды елітіп, қызықтырып әкететіндей қылып беруге тырысады екен. Әдетте бұл күні шығатын нөмірден оқырман түрлі купондар, шағын журналдар, комикстар «тауып» ала алады.
Бұған қоса, кейбір редакциялар жексенбі сайын аптаның қорытындысын ұсынатын арнайы «еншілес басылымдар» шығарады.
Көрермен ретінде, жетінші күні телеарналар мен радио бағдарламасында адамның жанын сергітіп, көңілін көтеретін, қызықты һәм пайдалы ақпарат ұсынатын жобалардың көбейетінін байқаған шығарсыз. Міне, солардың қатарында біздің «Бүгін жексенбі» бағдарламасы да бар.

Отандық телевизияда тұңғыш рет әр аптаның жексенбі күндері, тікелей эфирде, ақпараттық-танымдық «Бүгін - жексенбі» бағдарламасында әлемдегі қызықтар, аптаның айтулы оқиғалары, «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы телебағдарламалардың ең қызықты сәттері, саясат, спорт, мәдениет және ғаламтор әлеміндегі ең актуальді ақпараттар мен тұлғалар-бәрі бір бағдарламада ұсынылады.
Бағдарлама жүргізушісі көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйласа, шығармашылық ұжымның редакторлары ел назарын елең еткізетін бейнематериалдарымен студияға қонаққа келеді.
Жексенбіні жақсы өткізіп, бізбен бірге болыңыздар!
Бағдарламаның соңғы бөлімін көру үшін мұрағатқа өтіңіз.
