Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Ләйлә Сұлтанқызы: Мені қоғамда, әйелдердің өмірінде болып жатқан барлық дүние қызықтырады

«Қазақстан» ұлттық арнасынан берілетін «Әйел бақыты» бағдарламасына қазіргі күннің алғыр бойжеткенінен бастап, ауылдағы қарапайым қазақ келіндері мен қаладағы іскер әйелдердің бастарынан өткен шынайы оқиғалары арқау болып отыр. Ашық әңгіме түрінде өтетін сұхбат қай-қай көрерменді болмасын қызықтыра алады.

Жоба нәзік жанды арулардың жан дүниесін ашып көрсетіп, қиындықтары туралы әңгімелейді. Оларға серік болып, қажет жерде кеңес беруді көздейді.

Мақсаты - қазақ әйелінің ең үздік, ең жарқын бейнесін қалыптастырып, халық арасына насихаттау. Қазіргі заман әйеліне отбасы мен қоғам арасына үйлесім орнатуға көмектесу. Халқымыздың дәстүрімен, заманмен үйлестіре отырып, әйелдердің өзіне деген сенімін ояту, қолдау көрсету.

Бүгін жоба жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызының бұған дейін жарияланған сұхбаты негізінде біршама сырмен сіздерді таныстырып, Ләйлә Сұлтанқызының ойларымен бөлісуді жөн көрдік.

Алдымен, «Әйел бақыты» бағдарламасының жүргізушісін не қызықтыратыны жайлы білсек.

Мені қоғамда, әйелдердің өмірінде болып жатқан барлық дүние қызықтырады. Әйелдердің қоғамдағы орны, рөлі, олардың тұрмысы, тіршілігі  толғандырады.

Қазақ телевизиясының аруы өмірдегі ең маңызды дүние жайында да әңгімелепті.

Ең бірінші кезекте өзімді-өзім түсінуім, өзіме-өзім қанағаттануым, алға қойған мақсатыма жетуім маңызды деп қабылдар едім. Маңызды нәрсе – отбасы,  ошақ қасы, бала-шағам айтпаса да түсінікті. Ал енді өзіңді-өзің түсіну – гормония дейміз. Егер сен өзіңді-өзің түсінбесең, өзіңе талап қоя алмасаң,  және де талабыңа сәйкес болмасаң, мақсат қоя білмесең, ең үлкен мәселе – осы.

Ең алғаш эфирге шыққан сәтін еске алсақ...

Алғаш рет 1998 жылы, яғни  21 жасымда музыкалық бағдарлама жүргіздім. Ол кезде томпақ болатынмын. Ең қызығы мен радиода қызмет еткеннен кейін мені записьтегі бағдарламаға емес, тікелей эфирдегі хабарға жіберген еді. Сонда мен бір ғана нәрсені ойға түйіп алдым. Яғни, камерамен дос болдым. Камера мені жақсы көрді, мен камераны жақсы көрдім. Еш уақытта мені мына камераның ар жағында миллион адам көріп отыр деп ойлаған емеспін. Мен камераны досым ретінде қабылдап, досыма әңгіме айтып отырғандай әсерде болдым. Сол камерамен әлі күнге дейін дос болып келемін.

Ер-азаматтың бойындағы қандай қасиеттерді бағалайды?

Жаттанды дерсіздер, дегенмен менің де бағалайтын дүнием барлық әйелдікіндей. Ол  -  сенім, арқа сүйеу. Ең алдымен азамат болуы, шынымды айтайын.  Өйткені адалдық десем, әрине жарасады. Ер-азаматты қазіргі уақытта қоғамдағы рөлімен байланыстырамын. Мен үшін өмірде өзіне белгілі бір принциптерді,  мақсатты қоя білген  - нағыз ер-азамат.

Еліміздің аруларына арналған «Әйел бақыты» ток-шоуын дүйсенбі мен жұма аралығында 15:05-те «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан тамашалаңыздар!

0
0
1457

Осы тақырып бойынша

Ләйлә Сұлтанқызы: Мені қоғамда, әйелдердің өмірінде болып жатқан барлық дүние қызықтырады - Yvision.kz