Ұлттық арнада «Қазына» телехикаясы жүріп жатыр
Осы жылдың 2 маусымнан бастап "Қазақстан" ұлттық телеарнасында отандық "Қазына" телехикаясы көрсетіліп жатыр. Телефильмде бүгінгі күні белең алып, заманның ерекше алаңдататын тақырыбына айналған есірткі тасымалы мәселесі көтеріледі.

Оқиға Қазақ елінің өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы басынан кешкен тарихи сәтінен бастау алады. Сюжетте Ауғанстанда туып, ер жеткен Әли деген қазақ жігіті ұшақпен Ақтауға келе жатып, 1987 жылы атасының айтқан сөздерін еске алады. Аталары кезінде қазақ жеріне қазынасын тығып кеткен еді. Қазақ жеріне жеткен Әли Ақтаудағы Жұмбақтауға барып, атасынан қалған мұраны іздейді. Міне, оқиға осы жерден шиеленісе бастайды.
Телехикая көрермендерге патриотизмді насихаттап, құқық қорғау саласы қызметкерлерінің ерен еңбегін, Отанға, отбасына деген махаббатты дәріптеп, есірткінің жиіркенішті екенін көрсетуді мақсат тұтады.
"Қазына" тележобасы елімізге белгілі жазушы-драматург Рақымжан Отарбаевтың ("Жұмбақтау қазынасы" кітабы) шығармасының желісімен түсірілген. Сценарий жазуға Әнуар Райбаев, Жәмит Көшербаев, Асқар Дүйсенбі атсалысты. Режиссері - Әнуар Райбаев, продюсері - Рашит Аманжолов. Негізгі рөлдерде Жандос Айбасов, Ерік Жолжақсынов, Мақпал Исабекова, Ержан Түсіпов, Ержан Нүсіпақынов, Оңдасын Бесікбасов, Нұржан Сәдібеков, Ақкенже Әлімжан, т.б. актерлер ойнады.
Сериал 16 бөлімнен тұрады, әрқайсысы 42 минутқа созылады. Дүйсенбі мен бейсенбі аралығында 21:50-де түпнұсқасын көре аласыздар. Қайталауы жұмыс күндері 10:00-де.
Ғаламтор желісінен тамашалайымн деген көрермен мұрағатқа өте алады.
