Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев: ТОП-ондық
Кезінде КВН ойнап, қазақстандықтардың мақтанышына, сүйсінген сүйікті тұлғасына айналған Нұрлан Қоянбаев қазір «Қазақстан» телеарнасында тамаша бағдарлама жүргізетінін қалың көпшілік жақсы біледі. Және «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» деп дүйсенбі мен бейсенбі аралығында 22:40-та көрсетілетін жобаны ел сүйіп көреді.

Ұлттық арна сахнасына жаңаша бағыт пен жаңалық алып келген "Түнгі Студия" бағдарламасы маусым айында уақытша қысқа демалысқа кетті. Осы аралықта ең үздік бағдарламаларды эфир уақытында тамашалау мүмкіндігі арнамыздың көрермендеріне бұйырды.
Жоба ұжымы толыққанды жұмыс тәртібіне қайта көшкенге дейін сіздерге бағдарламының Youtube-арнасындағы ең танымал 10 бөлімін көруді ұсынамыз.
10-орын: Атай Өмірзақов
9-орын: Айқын Төлепберген
8-орын: Дилназ Ахмадиева
7-орын: Айнұр Тұрсынбаева, Жандарбек Бұлғақов
6-орын: Бүркіт пен Аиша
5-орын: Асылхан Төлепов, Аян Өтепберген
4-орын: Илья Ильин
3-орын: Батырхан Шүкенов
2-орын: Аша Матай & Арман Қоңырбаев
1-орын: Мәдина Сәдуақасова
Қысқаша анықтамалық: Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев
Бағдарламада келген қонақ пен жүргізуші арасында еркін сұхбат жүреді. Белгіленген бір тақырып аясында емес, кез келген тақырып бойынша әңгіме өрбиді.
Қатысушыларға орынды қалжың арқылы саяси сынаулар мен ойландырар сауалдар қойылады. Бағдарламада жанды дауыста әр түрлі музыкалық аспапта ойнайтын топ жұмыс істейді. келмек.
ШБ жетекшісі: Ш. Ықсанғалиева
Продюсері: Нұрлан Қоянбаев
Редакциясы: «Бағдарламалар өндірісі» шығармашылық бірлестігі
Редакторы: Дәулетхан Ақайдаров
Қоюшы режиссері: Б. Санитасов
Жүргізушісі: Нұрлан Қоянбаев
Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: дүйсенбі-бейсенбі, сағат 22:40
Ұзақтығы: 30 минут
Қайталанатын уақыты: дүйсенбі-бейсенбі, сағат 02:30
Жиілігі: аптасына 4 рет
Жанры: көңілді шоу-бағдарлама
