Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Хасен Молдабаев: Дзюдодан Әлем біріншілігінің маңызы зор

24-30 тамыз аралығында Астана қаласында Дзюдо күресінен әлем біріншілігі өтеді. Осыған орай «Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің баспасөз хатшысы Хасен Молдабаев «Таңшолпанда» қонақта болды. «Бұл Әлем біріншілігінің маңызы зор. Себебі, әр мемлекет Олимпиада алдында осындай Әлем біріншіліктеріне мықты деген спортшыларын жібереді. Елімізге атақты спортшылар келмек», - дейді Хасен Молдабаев. Оның айтуынша, дайындық жұмыстары қазір қарқынды жүріп жатыр. Осы уақытқа дейін халықаралық Дзюдо федерациясының өкілдері Қазақстанға екі рет келіп кеткен екен. Аздаған ескерту айтылыпты. Осы уақытта аталған кемшіліктермен жұмыс жүргізіліп жатыр екен. Жарыс «Алау» мұз айдынында өтеді. «Бүгінде сайысқа 50-ге жуық мемлекеттің спортшылары тіркелді. Біздің жоспарымыз бойынша, 100-ден аста…

0
0
1056

Тұрсынбек Өмірзақов: Қазақ еліне ДСҰ арқылы әлем нарығы ашылады

Қазақстан жуырда ғана Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздерді аяқтады. Осы қадамның маңыздылығы туралы ойымен бөліскен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тұрсынбек Өмірзақов таңғы бағдарламада қонақта болды. «Бұл – өте маңызды шарт. Бүгінгі күнге жету үшін біз жиырма жылдай жүріп келдік. Дүниежүзілік сауда ұйымы арқылы әлемнің 98 пайыз тауары айналымға түседі. Енді біздің елдің 90 пайыз тауары әлем елдеріне тарайды. Бұл – үлкен жетістік. Себебі, елімізге ДСҰ арқылы әлем нарығы ашылады», - дейді Тұрсынбек Өмірзақов. Мәжіліс депутатының айтуынша, Дүниежүзілік сауда ұйымы әлем елдеріне бір ереже жасайды екен. Яғни, барлық тауар бір қалыпта сатылуы керек. «ДСҰ-ға кіруіміз кәсіпкерлеріміздің жағдайын көтереді. Себебі, бәсекелестік жоғары болады», - дейді ол. Сұхбаттың толық нұс…

0
0
332

Журналистердің кадрдан тыс қызметтері

Мемлекет басшысының жарлығымен 28 маусым байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні болып белгіленгенін қазақстандықтар жақсы біледі. Қалың елге соны ақпарат, тұщымды дерек ұсынатын БАҚ өкілдері – бүгінгі қоғамның бетке ұстар азаматтары, маңызды іс атқарып отырған жандар. Журналистер күніне орай «Таңшолпан» бағдарламасы ақпарат саласы мамандарының эфирден тыс сәттерімен таныстырады. Алдымен, Ұлттық арнаның жаңалықтар бөлімінде қызмет ететін диктор Гүлзия Сейітованың жұмысын білсек. Күніне бес рет тікелей эфирге шығатын жаңалықтар бөлімі қызметкері: «Маған тікелей эфирде жұмыс істеу аса қиын емес. Мұның бәрі тәжірибеге байланысты, деп білемін. Біздің міндетке тек дайын ақпаратты экран алдында оқып беру ғана емес, сонымен қатар, эфирге бермес бұрын мәтінді өңдеу де кіреді. Кейде ақпаратты…

0
0
881

«Астана» радиосы ұжымының қос қуанышы

28 маусым Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында ұжымымызда қос бірдей қуанышты жаңалық орын алып отыр. Өздеріңізбен бөлісуді жөн көрдік. Бүгін Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова кәсіби мерекеге орай үздік журналистерді марапаттады. Аталған шара аясында «Астана» радиосының ұжымына Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғысы жариялады. «Көкжиек» және «От и до» хабарларының шығармашылық ұжымына Еуразиялық экономикалық одақ аясында маңызды мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы барысын насихаттағаны үшін Елбасының Алғысы жарияланды. Бұқаралық ақпарат құралдары саласы мамандарының төл мерекесі қарсаңында «Астана» радиосы директорының орынбасары, журналист Базаргүл Үмбетова «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Әріптестері…

0
0
466

«Қазақстан» РТРК АҚ қызметкерлері «Нұр Сұңқар» байқауының жеңімпаздары атанды

Бүгін Астанадағы «Мюзик холлда» «Нұр Отан» партиясының ұйымдыстыруымен өткен «Нұр Сұңқар» республикалық байқауында «Қазақстан» РТРК АҚ  қызметкерлері екі аталым бойынша «Үздік тележурналист» және «Үздік радио журналист» жеңімпаз танылды.

Жеңіс биігінен көрінген әріптестеріміз, «Қазақстан» Ұлттық арнасы, «APTA.KZ» бағдарламасының жетекшісі Еркін Таңатқанұлы мен Қазақ радиосының журналисі Құралай Жұмаханқызын кәсіби мерекемен құттықтаймыз.

0
0
1011

4-6 шілде аралығында Астанада «Аялаған Астана» балалар байқауының финалы өтеді

Байқауды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 4-6 шілде аралығында Астанада «Аялаған Астана-2015» жас поп-орындаушылардың Ұлттық музыкалық телевизиялық балалар байқауының финалы өтеді.

Үш күнге созылатын жарыста қазылар алқасы  жеңімпазды  анықтайды.   Үздік шыққан орындаушы «Балалар Жаңа толқыны» халықаралық байқауында Қазақстанның намысын қорғайды. Сондай-ақ, арнайы ақшалай жүлде - 1 миллион теңгеге ие болады. Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінен Астанаға жиналған талантты балалар өнер майталмандарынан дәріс алуда. Айта кетейік, байқауды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы  тікелей эфирде  көрсетеді.

0
0
363

Стивен Сигал қала күніне орай ұйымдастырылған І Халықаралық жекпе-жек өнері фестиваліне қатыспақ

Фестивальға Қазақтан, Америка, Қытай, Ресей, Чехия, Оңтүстік Корея және Жапонияның ең үздік шеберлері қатысады. Сонымен қатар, оқушылар сарайында белгілі америкалық актер, режиссер және продюсер Стивен Сигал жекпе-жек өнері бойынша шеберлік сағатын өткізді. Айкидо федерациясының 70 жуық спортшысы мен Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері әйгілі актердің шеберлігін тамашалады. І Халықаралық жекпе-жек өнері фестиваліне актер, кәсіби спортшы, «Страна бокса», «Страна героев» тележобаларының жүргізушісі Сергей Бадюк пен ресейлік кикбоксер, кәсіпқойлар арасында бірнеше дүркін Әлем чемпионы Бату Хасиков та келмек. Еске сала кетейік, ертең сағат 15.00 «Марриотт» қонақ үйінде Стивен Сигал фестивалға қатысушы басқа да қонақтармен бірге баспасөз мәслихатына қатысады. Стивен Сигал – 1952 жылы 10 сәуірд…

0
0
284

Индира Бектенова ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хатымен марапатталды

Қазақстанда 28 маусым күні аталып өтілетін Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздары мен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімін өткізді. Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні кәсіби мерекесінің қарсаңында Арыстанбек Мұхамедиұлы БАҚ-тың қазіргі қоғамдағы маңызды орнын атап өтті. Ол бұқаралық ақпарат құралдары елдің әлемдік ақпараттық және мәдени кеңістіктегі орнын анықтап, әр мемлекеттің ішінде ғана емес, елдер мен халықтар арасындағы қоғамдық қатынастардың дамуына әсер ететіндігін айтты. Мәдениет және спорт министрлігінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын министр А. Мұхамедиұлы табыстады. Мекеме басшысы мәдениет…

0
0
1416

«Алаң» ток-шоуының тележүргізушісіне кастинг жарияланды

Құрметті оқырмандар, «Қазақстан» ұлттық телеарнасы «Алаң» тоу-шоуының тележүргізушісіне кастинг жариялады. Үміткерлерге қойылатын басты талап - саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді сараптай білуі, сондай-ақ сценарий жазуда жоғары білімге ие болуы. Мамандығы саясаттанушы болғаны құпталады. Үміткерлердің жасына қойылатын талап – 30 бен 50-дің аралығы. Кастингке қатысып, бақ сынап көремін деген азаматтарды 2015 жылдың 29 маусымында сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығында» күтеміз. Кастинге қатысу үшін үміткер міндетті түрде алдын-ала тіркелуі керек. Кастингке жауапты тұлға: Мақпал Буралкиева Кастингке тіркелу үшін немесе қандай да бір сұрақтарыңызға жауап алу үшін +7 7172 55 33 68 телефонына хабарласа аласыз немесе [email protected] электронды поштасына ха…

0
0
220

«Қорғансыздың күні»

Жастайынан қорлық көрген келіншек бүгін «Әйел бақытында» сырымен бөліседі. Қоғамның ең басты құндылығы – отбасы. Ал, отбасы мен мемлекеттің тірегі – әйел. Кез келген өркениетті елде ешбір зорлық-зомбылық көрмей, еркін өмір сүру – адамның негізгі құқықтарының бірі.

Бұл ерлер үшін де, әйелдер үшін де бірдей. Алайда, бүгінгі қоғамда жарынан, жақындарынан, тіпті жай ғана таныстарынан зорлық көріп жүрген жандар да бар. Мұндай жағдайға душар болған әйелдерге бірінші кезекте жақындары көмек қолын созуы керек.

Бүгін 15:00-де «Әйел бақытында» жастайынан  қорлық көріп, танысынан опық жеген келіншек жан сырымен бөліспек. Екі рет зорлық-зомбылықтың құрбаны болған кейіпкер қылмыскердің Заң жүзінде жазаланғанын қалайды.

0
0
368