Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

«QAZAQ AIR» сатылымға қайта шығарылды

«Самұрық-Қазына» АҚ «QAZAQ AIR» әуе компаниясын екінші рет сатылымға шығарды.

«Самұрық-Қазына» АҚ жаңа ашық екі кезеңдік конкурс аясында «QAZAQ AIR» АҚ акцияларының 49-дан 100 пайызға дейін сату бойынша конкурс өткізу басталғанын хабарлайды. Бұған дейін, 2023 жылғы 13 қарашада «QAZAQ AIR» АҚ-ты жекешелендіру бойынша алғашқы ашық екі кезеңдік конкурс өткізілмеді деп танылды», - деп жазылған «Самұрық-Қазына» сайтында.

Компанияны жекешелендірудегі басты мақсат – оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар бәсекелестік нарығындағы квазимемлекеттік сектордың үлесін төмендету.

Конкурстың бірінші кезеңінде өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 29 қаңтарда сағат 10:00-де аяқталады. Қорытындыны шығару 2024 жылғы 16 ақпанға белгіленген.

0
0
225

Дронды заңсыз пайдаланғаны үшін салынатын айыппұл көлемі қандай?

Өткен жылы 35 адам дронды заңсыз ұшырғаны үшін жазаланған.Фото: kazakh-zerno.netЕлімізде бұл құралды пайдалану ережесі 2021 жылы қатайтылған болатын. Оған дейін тұрғындар дронды еркін қолдана беретін. Қазір оны ұшыру «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидалары» бойынша қадағаланып отырады.Дрон иесі ең алдымен оны тіркеуге қоюы керек.Қазақстан Авиация әкімшілігінің мәліметі бойынша, әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 10 АЕК (36 920 теңге), лауазымды тұлғаларға 20 АЕК (73 840 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.Ал тіркеуге қойылмаған ұшыру аппаратын қолданғаны үшін жеке және лауазымды тұлғаларға 40 АЕК (146 680 теңге), заңды тұлғаларға 100 АЕК (369 200 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.Айта кетейік, бір жыл ішінд…

0
0
265

Енді соттар тұрғындарды үйінен уақытша шығарып жібере алады

Бұл қандай адамдарға қатысты болмақ? Қазір соны айтамыз.

Сурет: Info-zhilish.ru

Еліміздегі судьяларға тұрғындарды баспанасынан шығарып жіберу құқығы берілмек. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров мәлімдеді.

Ол заңдарға әйел мен бала құқығын қорғау және отбасы құндылықтарын арттыру бағытындағы түзетулер жайында айтты.

«Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру мен адам сабауды криминалға жатқызу жоспарланып отыр. Енді сотқа сондай құқық бұзған адамды үйінен уақытша шығарып жіберу құқығы беріледі. Оған Әлеуметтік бейімдеу орталығына барып, өз әрекеті жайында ойлану туралы ұсыныс та айтылады. Сондай-ақ, сот зорлықшыны психокоррекциялық курстан өтуге міндеттеуге де құқылы», – дейді Р.Зұлқайыров.

0
0
437

Еліміздегі банктер телефон алаяқтарымен күресу жолдарын ұсынбақ

Қазақстанда 2023 жылы алаяқтық мақсатпен шетелден жергілікті нөмір кейпімен шалынған 43,5 миллион қоңырау бұғатталған. Бұл туралы белгілі қаржылық шолушы Ербол Азанбек мәлімдеді.Фото: Cnews.ruОл Facebook-те жариялаған жазбасында былтыр телефон алаяқтарымен күресте негізгі істің бірі осы – шетелдік алаяқтардың қоңырауын бұғаттау болғанын айтқан.«2022 жылы шетелдік алаяқтардың негізгі құралы - қоңырау шалып, тэнгэ деп тұратын. 2023-те ол мүмкіндіктен айырылған соң, уатсап арқылы қоңырау шалу, жазуға көшті. Бірақ ол тәсілдері аузы күйген адамдарға өтпеді», – дейді Ербол Азанбек.Сондай-ақ, сарапшы биыл жекелеген банктердің мұндай әрекетпен күресудің өзіндік жолдарын ұсынуы мүмкін екенін айтады. Бұл жерде, әрине, тұрғындардың өздері де абай болуы керек.«2024 жыл шетелдік қаржы алаяқтарының әре…

0
0
529

«Екпе салынбаған жеткіншектер «Ұлттық қор - балаларға» жобасына қатыса алмайды» деген сөз рас па?

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде «Екпе салынбаған жеткіншектер «Ұлттық қор - балаларға» жобасына қатыса алмайды» деген ақпарат тарап жатыр.

Фото: afk.kz

Stopfake.kz осы ақпаратты тексеріп көріпті. Ондағылар бұл әңгіменің "Информационное агентство сатирических новостей Qaznews24" атты Instagram-аккаунттан тарағанын анықтаған. Ал бұл аккаунтта тек ойдан шығарылған ақпараттар ғана жарияланады.

Әрі оның шекесіне «Адам аттары мен оқиғалардың бәрі ойдан шығарылған. Шын өмірдегі қандай да бір тірі немесе өлі адамдармен сәйкестік болып жатса, ол тек кездейсоқтық» деп жазылған. Яғни ондағы «Ұлттық қор - балаларға» жобасына қатысты «жаңалық» жалған болып тұр.

0
0
238

Енді газбен жүретін көлікте "GAS" деген жазуы бар сары үшбұрыш таңба болуы керек

Биыл 1 қаңтардан бастап елімізде ҚР СТ 1412-2017 "Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану қағидалары” ұлттық стандартына өзгертулер күшіне енді.

Яғни газ баллондарымен жабдықталған автомобильдер "GAS" деген жазуы бар сары теңбүйірлі үшбұрыштың сәйкестендіру белгісімен таңбалануы тиіс.

Бұл белгі жабық паркингтерге кірген кезде көлік оңай танылатындай етіп орнатылуы қажет. Бұл шара қауіпсіздік мақсатында енгізілді. Осыған байланысты Түркістан облысының полицейлері автокөлік жүргізушілерін тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Осылайша тәртіп сақшылары облыс орталығында автокөліктерді тоқтатып, газ баллон жабдығы бар автокөлік иелеріне тану белгісін орнату қажеттігі туралы айтты.

https://web.telegram.org/k/#@POLICE_of_KZ

0
0
882

Елімізде өткен жылы қойылған ең танымал 10 есім

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылы дүниеге келген балаларға ең көп қойылған ең есімдерді анықтады. Бұл тұрғыда өткен жылмен салыстырғанда аса айырмашылық жоқ. Қыздардың есімдері бұрынғыдай болып қалған. Ал ұлдар арасында Хамза деген ат Рамазанның орнын алмастырып, ТОП-10 тізіміне кірді. Сонымен, елімізде 2023 жылы ең көп қойылған ұл есімдері:1. Әлихан – 2848; 2. Омар – 2362; 3. Айсұлтан – 2268; 4. Әмір – 2162; 5. Алдияр – 2035; 6. Мұхаммед – 1928; 7. Алан - 1900; 8. Али – 1768 ; 9. Нұрислам – 1549; 10. Хамза – 1468.Елімізде 2023 жылы ең көп қойылған қыз есімдері: 1. Медина - 5307; 2. Айша - 4390; 3. Асылым - 4139; 4. Айлин - 4063; 5. Раяна - 3019; 6. Томирис - 2877; 7. Сафия - 2719; 8. Амина - 2471; 9. Айым - 2312; 10. Аяла - 2279.Соңғы айларда ұлдар арасында Мұстафа, Ахмет есімдері, қызд…

0
0
192

Үлкен Алматы айналма автожолының ақысы өзгерді

Алматы облысындағы Іле ауданының әкімдігі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен (ҮАААЖ) жүру ақысына өзгерістер енгенін хабарлады.Фото: Zakon.kzАлматы облысындағы Іле ауданының әкімдігі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен (ҮАААЖ) жүру ақысына өзгерістер енгенін хабарлады.Алматы облысындағы Іле ауданының әкімдігі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен (ҮАААЖ) жүру ақысына өзгерістер енгенін хабарлады.Алматы облысындағы Іле ауданының әкімдігі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен (ҮАААЖ) жүру ақысына өзгерістер енгенін хабарлады.Алматы облысындағы Іле ауданының әкімдігі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен (ҮАААЖ) жүру ақысына өзгерістер енгенін хабарлады.«2024 жылғы айлық есептік көрсеткішті индексациялауға байланысты 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҮАААЖ бойынша жол жүру құнын…

0
0
272

Елімізде ресейлік телеарналардың көрсетілуі жаппай тоқтатылып жатыр

Жерсеріктік және интернет-телевизияның отандық операторы TVCOM хабар тарату торабынан ресейлік бірнеше телеарнаны алып тастағанын хабарлады. Олардың арасында «Первый канал» да бар.

TVCOM таратқан хабарлама бойынша, «Первый канал СНГ», «Поехали», «Время: далекое и близкое», «Дом кино», «Телекафе», «Дом кино Premium», «Музыка Первого», «Победа», «Карусель», «Бобер», «О!» телеарналарының Қазақстандағы трансляциясы тоқтатылған.

Отандық оператор өкілдері компанияның ақпараттық нарративтері (көзқарас) бар шетелдік телеарналардың үлесін ақарындап азайтуды жоспарлап отырғанын айтады.

Ал «Первый канал. Всемирная сеть» АҚ өкілінің «Власть» басылымына айтқан сөзіне қарағанда, хабар таратуды тоқтатудың себебі басқада, яғни бұл TVCOM-ның қарысдарына байланысты екен.

https://t.me/RadioAzattyq/

0
0
225

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 100-ден аса әуе рейсі кешіккен

Бүгін премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкіметтің жаңа жылдағы алғашқы жұмыс кеңесінде қолжетімді көлік қатынасын қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Бұл туралы үкіметтегілер хабарлап отыр.Көлік министрі Марат Қарабаев қазіргі уақытта барлық әуежайлар штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын айтты. Әуе кемелерін қабылдауға және шығаруға ешқандай шектеулер жоқ. Сонымен қатар 29-31 желтоқсан аралығында Астанада ауа райы күрт бұзылды: қалың қар жауып, боран соқты, желдің жылдамдығы секундына 26 метрге жетті. Соның салдарынан 100-ден астам рейс кешіктірілді. Қажетті шараларды қабылдау үшін әуежай, авиакомпания және метеорологиялық қызмет өкілдерінің қатысуымен жедел штаб жұмыс істеді.Атап айтқанда, жолаушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, қажет болған жағдайда медициналық…

0
0
175