Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

Елімізде жаңа жыл түнінде 200-ге жуық нәресте дүниеге келді

Жаңа жылды әркім әртүрлі қарсы алып жатады. Жаңа жыл әркімге әртүрлі қуаныш сыйлайды. Ал мұндайда сәбилі болған тіпті керемет.

Сонымен, Қазақстанда жаңа жыл түнінде 191 бала дүние есігін ашыпты. Олардың 101-і ұл, 90-ы қыз екен.

Әйелдер ең көп босанған өңір – Түркістан облысы. Онда 38 нәресте дүниеге келді. Бала туудан екінші орын осы қасиетті өңірден алыс кетпеген. Шымкент қаласында 23 бала туылды. Ал үшінші орындағы Алматыда 22 сәби дүние есігін ашқан.

Енді Астананы ерекшелеп айтар болсақ, онда 10 бала дүниеге келді.

0
0
239

М.Әуезов атындағы ОҚУ жастарымен кездесу өтті

Біздің еліміздегі дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі деструктивті идеологиялардың таралуы болып табылады. Деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар.Осыған орай «Auezov Jastary» ҚҚ ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы ОҚУ жастарымен кездесу өтті.Кездесудің мақсаты - жасөспірімдерге теріс пиғылды діни ағымдардың алдын алу туралы терең түсінік беру. Спикер дінтанушы, қари Оспанов Далелхан Қоңырбайұлы әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған ғаламдық мәселе — діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Студент жастардың бойында экстремизм мен терроризмге қарсы тұру имуннитетін дамыту, азаматтық қоғамға сай әлеуметтік мінез-құлық дағдыл…

0
0
308

М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі жастарымен кездесу өтті.

Біздің еліміздегі дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі деструктивті идеологиялардың таралуы болып табылады. Деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар.Осыған орай «Auezov Jastary» ҚҚ ұйымдастыруымен М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі жастарымен кездесу өтті.Кездесудің мақсаты - жасөспірімдерге теріс пиғылды діни ағымдардың алдын алу туралы терең түсінік беру. Спикер дінтанушы, қари Оспанов Далелхан Қоңырбайұлы әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған ғаламдық мәселе — діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Студент жастардың бойында экстремизм мен терроризмге қарсы тұру имуннитетін дамыту, азаматтық қоғамға с…

0
0
402

ҰҚШҰ-ға мүше елдердің Парламент өкілдері ұйымның бітімгерлік миссиясын күшейту мәселесін қарастырды

Отырыста Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Парламент жетекшілері осы Ұйым қызметінің өзекті мәселелерін, өңірлік қауіпсіздік саласындағы ахуалын талқылап, алдағы жоспарларды айқындады.ҰҚШҰ ПА Кеңесінің отырысына қатысушылар Қазақстанды еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумның сәтті өтуімен құттықтады.Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов жиналғандарды жалпыұлттық референдумның алдын ала қорытындылары туралы хабардар етіп, ҰҚШҰ ПА миссиясының құрамында референдумды бақылау мақсатымен Қазақстанға өз өкілдерін жібергені үшін Ұйымға мүше мемлекеттердің Парламент жетекшілеріне алғысын айтты.«Алдын-ала мәлімет бойынша 77,2 пайыз қазақстандықтардың конституциялық өзгерістерге дауыс беруі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевт…

0
0
455

Мәжіліс Төрағасы: қазақстандықтар азаматтық белсенділік танытуға тиіс

Палата Спикері «AMANAT» партиясының облыстық филиалы ғимаратында өңір жұртшылығымен жүздесті.Ерлан Қошанов алдағы референдум жайлы айтып, ел тағдырын шешетін ауқымды реформалардың мән-маңызын түсіндірді. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы ұсынып отырған конституциялық реформалардың барлық салаға қатысы бар.– Таяуда Президент Жарлығымен Ұлытау облысы қайта құрылды. Өздеріңізге белгілі, қазіргі Қарағанды – алып аймақ. Бір орталықтан мұндай өңірді басқарудың тиімсіз тұстары баршылық. Шалғай елді мекендерден облыс орталығына жету қолайсыздық тудыратын. Сондықтан бұл халық үніне құлақ асқан әділ әрі тиімді шешім деп есептеймін. Дегенмен, Қарағанды облысы еліміздегі ең ірі аймақтың бірі болып қала береді, – деді Ерлан Қошанов.Жиында Мәжіліс Төрағасы еліміздің саяси өміріндегі үлкен өзгерістерді ай…

1
0
333

Мәжіліс депутаты Б.Бекжанов: заңсыз нөмермен көлік жүргізу ауыр қылмысқа апаруы мүмкін

Отырысқа Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, Мәжіліс депутаты Берік Бекжанов, қала әкімі Мұрат Әйтенов пен құқық қорғау органдарының басшылары мен мәслихат депутаттары қатысты.Отырыста Берік Бекжанов елімізде мемлекеттiк тiркеу нөмiрi жоқ немесе көлік құралына жалған, қолдан жасалған нөмiрлерді пайдалану арқылы көлік жүргізу фактілері кең етек алғанына назар аударды.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік нөмірін қолдан жасау немесе жалған нөмір пайдалану бойынша жауапкершілікті күшейтуді тапсырды. Біз ең алдымен халықтың талап-тілегін орындап, осындай бұзақылықпен күресуіміз керек. Бүгінгі таңда мұндай заң бұзушылықтарға «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» және қылмыстық кодекстерде бірқатар жаза қарастырылған. Алайда жауапкершіліктің жұмсақтығы халық арасында алаңдатушылық туғыз…

0
0
843
Сіз қауымдастық лентасының соңына жеттіңіз