Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

Маңғыстау облысында енді өрт сөндірушілер көтеріліп жатыр

"ҚазТрансОйл" ұлттық компаниясының өрт сөндірушілері 16 ақпаннан бастап жұмысқа шықпай қойған. Бұған олардың жалақысының аздығы себеп.Интернетте тараған видеода бір өрт сөндіруші жұмысшылардың талабын оқып берді. "Маңғыстау облысының "Зевс Энерго" өрт сөндіру компаниясы Ақтау, Жаңаөзен, Жетібай, Қаражанбас, Қаламқас ұжымдарының атынан үндеу. Осы уақытқа дейін мемлекеттік органдарға ескерту жасалып, арыз-талабымыз оң шешімін тапқан жоқ. Сол себептен ақпанның 16-сынан бастап жұмысты тоқтаттық. Айлығымыз 130-150 мың теңге аралығында. Еңбек демалысына 80 мың теңге беріліп келеді. Бұл қазіргі қымбатшылыққа байланысты аздық етеді. Айлығымызды 350 мыңға көтеруіңізді, әлеуметтік пакет қосылуын талап етеміз. Денсаулығымызға зиян аймақта жұмыс істеп жүргендіктен сүт, тағы басқа пайдалы азықпен қамт…

0
0
273

Жайдарманда жік шықты

ЖАЙДАРМАННАН ҚҰТ КЕТТІ! ЕСЕННІҢ ЕРКЕЛІГІ!50 жасты еңсерген Есен Елеукен мырзаның, елге есеп берірі бар деп жүрсем. Жас балалардың еңбегін елеусіз қалдырумен есте қалуда. Есен аға, сіздің оңтүстік өңірде қалып кеткен есеңіз бар ма? Әлде қайдан өскеніңіз естен шықты ма?Депутаттық сайланар кезде, “Қыздар емес” командасына байланысты айқай шыққан еді. Сонда “Жоғары лига”-дан алам дедіңіз. Бірақ олай жасамадыңыз. Жастардың сахнаға жартылай жалаңаш шыққанына көз жұмдыңыз. Оған ширек финалда оңбай ұтылып еді. Әділ қазылардың, әділдігі көрінбеді. Оған қоса президентімізді масқаралаумен хит болды.Өңірлердегі “Жайдарманға” бөлінер қаржы аз емес. Бірақ оның қалай игеріліп жатқанын білеміз. Сізге “Жайдармандағы” жемқорлық бар екенін белгілі болса, орныңызды босатасыз ба? Әлде менің күнәм жоқ деп қашқ…

0
0
362

Ұлттық бірыңғай тестілеу жұмысына қол сұғылған

Қылмыстық кодекстің 205-бабы 2-бөлімінде және 208-бабы 2-бөлігінде қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылған Қазақстан азаматтары «С», «Ж» және «Н-ға» қатысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты мен Өскемен қаласы № 2 сотының үкімдері заңды күшіне енді.Олардың әрбіреуіне 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы белгіленді, сондай-ақ ақпараттық технология және телекоммуникация желілері саласында лауазымды қызметке тұру құқықтарынан 3 жыл мерзімге айырылды.Сотталған адамдар 2023 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізуді және көшіруді жүзеге асырғандары тергеумен анықталды.Олардың Ұлттық бірыңғай тестілеудің, педагогтар мен магистранттардың білімін бағалаудың өткізілуіне қол сұғулары дәлелден…

0
0
225

Науқасқа омбы қар кешіп жеткен ақтөбелік фельдшерлерді облыс әкімі марапаттады

Қарлы боранда омбы қар кешкен фельдшерлердің еңбегі еленді.Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қолайсыз ауа райына қарамастан, қызметіне адалдық танытып, әлеуметтік желі жұлдыздарына айналған фельдшерлерді марапаттады. Бауыржан Құдияров, Сая Рысбаева, Қайрат Төлеуге өңір басшысы Алғыс хат табыстады. Хромтау ауданының жедел жәрдем фельдшерлері 2024 жылдың 7 ақпан күні жүрегі сыр берген науқасқа бармақ болады. Үш маман, көлігі қар басқан көшеге кіре алмай, жарты жолда жаяулатады. Боранды күні ұзақ жүруге тура келген. Медицина қызметкерлері бұл сәтті видеоға түсірген. Бірақ ол әлеуметтік желіде таралады деп ойламапты.«Біз белгіленген жерге кешігіп жатсақ, диспетчерлерге дәлел ретінде бейнежазба жазып жібереміз. Науқасқа барып, жұмысқа қайтып келсек, әлеуметтік желілерде әлгі видеомыз тарап…

0
0
252

Бізде жазушы жоқ. Халық жазушысы атағын кімге береміз? – Қанат Тілеухан

Жазушы Қанат Тілеухан тележурналист Жайна Сламбекке берген сұхбатында кәсіби тұрғыда әдебиетпен айналысып жүрген адамдар жоқ екенін айтты.«Қазір Қазақстанның Халық жазушысы деген атақ шығарды. Бірақ мен «бұл кеңестік дүние ғой, қаңсық нәрсе ғой, мен бұған қарсымын» деген мағынада айтып отырған жоқпын. Мен неге оған қарсымын? Өйткені бізде жазушылар жоқ. Біз оны кімге береміз? Қазір кәсіби түрде әдебиетпен айналысып жүрген адамдар жоқ. Мүмкін, Халық әртісін беруге болатын шығар. Ол сала дамып жатыр. Біз осы жоқ нәрселерді бар қылып көрсету үшін кей кезде атақ, марапат дегендерді ойлап шығаратын сияқтымыз», – деді Қанат Тілеухан.Ол тіпті Дидар Амантайдан кейін дені дұрыс жазушы жоқ дегенге келтірді.«Дидар Амантайдан кейінгі жазып жатқандар – бәрі әуесқойлар. Ал сіз ойлаңызшы қоғамда әуесқой…

0
0
476

Науқасқа омбылап қар кешіп жеткен фельдшерлерді тани отырыңыздар!

Әлеуметтік желіде ақтөбелік жедел жәрдем фельдшерлерінің шұғыл шақыртуға омбылап қар кешіп бара жатқанын көрсететін бейнежазба тараған еді. Артынан олардың кімдер екені анықталды.Сонымен, олар - Ақтөбе облысы Хромтау ауданының жедел жәрдем фельдшерлері Қайрат Тілеу, Сая Рысбай және Бауыржан Құдияров.Ерлікке пара-пар іс жасаған медицина қызметкерлеріне Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова алғыс айтты."Кез келген ауа райында, аяз бен боранда, жол жоқ жерде жедел жәрдем бригадалары төтенше жағдайларға қарамастан адамдардың өмірін сақтап қалу қажет миллиондаған шақыртуға қызмет көрсетеді. Осындай батырлардың қатарында – Хромтау ауданының жедел жәрдем фельдшерлері Құдияров Бауыржан Сұлтанханұлы, Тілеу Қайрат Берікұлы, Рысбай Сая Ыбырайқызы бар. Олар қар құрсауына қарамастан жүрек ұстам…

0
0
219

Еліміздің тұрғындары наурызда неше күн демалады?

Еліміз тұрғындарының наурыз айында неше күн демалатыны айтылды.

Наурыз айында қазақстандықтар 14 күн демалады. Наурыз айында қазақстандықтар 14 күн демалады. 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнінде аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 8, 9, 10 наурызда үш күн демалады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 9 наурыз жұмыс күні болып саналады. Наурыз мейрамында қазақстандықтар 5 күн демалады. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз жұмыс күні.

@qazaqstantv

0
0
280

Елімізде бетперде тағу режимі қайта енгізіледі

Бас санитар дәрігер бетперде тағу режимін енгізуді қарастыратын қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында, адам көп жиналатын орындарда бетперде тағу керек. Бұл қызылша, COVID-19, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың таралуын болдырмау үшін қолға алынып отыр.

0
0
276

Мектеп есепшісі 90 млн теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

Білім беру саласында ақша жымқыру доғарылар емес. Бір мектептен 90 млн теңгеден аса ақша ұрлау деген енді сұмдық! Қанша болса да ақша жымқыру деген жақсы емес, әрине. Десе де, біз мынадай көлемге таңғалып отырмыз. Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданындағы мектептердің бірінде есепшінің жалақыға арналған бюджет қаражатын ұрлау дерегін анықтады.Бұл құқық бұзушылық мектепте жұмыс істемейтін қызметкерлері мен олардың туыстарына ақша аудару арқылы жасалған.Алдын ала келтірілген шығын 90 млн теңгеден асады және шығынды есептеу жалғасуда.Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 189 бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) тергеулігі бойынша Алматы облысы бойын…

0
0
196