Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

Ақтөбе облысының әкімі бейнежазба жариялады

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров әлеуметтік желісінде өңірдегі қазіргі қалыптасқан жағдай туралы бейнежазба жариялады.8 ақпандағы жағдай бойынша 7 республикалық және 7 облыстық маңызы бар автожолдар жабық.«Апаттық-құтқару жұмыстарына 46 полиция жасағы, төтенше жағдай, әскери бөлімдер мен жергілікті атқарушы органдардан 81 бірлік техника, 211 жеке құрам тартылды. Облыстың 8 ауданының орталығында, яғни Қарғалы, Қобда, Әйтеке би, Алға, Мұғалжар, Хромтау, Байғанин, Мәртөк аудандарында 11 жылыту пункті ашылды, онда 427 адам, оның ішінде 18 әйел және 20 бала орналастырылды. 8 автобус қар құрсауынан шығарылып, 157 адам, оның ішінде 17 бала эвакуацияланды және жақын жердегі жылыту пункттеріне жеткізілді. Полиция трассалардағы 50-ден астам автокөлікті құтқарды», - деді Асхат Шахаров.Бейнежазба…

0
0
212

Бүгін - Мұқағали Мақатаевтың туған күні

Биыл ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың дүниеге келгеніне 93 жыл толып отыр.Біз осы айтулы күнге орай ақынның өмірінен қызықты 10 деректі жария еткенді жөн көрдік.Балалық шағы қиын кезеңге тұспа-тұс келгенМұқағали Мақатаевтың балалық шағы қазақтың басына төнген қайғы-қасіреттің бірнешеуімен тұспа-тұс келді. 1932-33 жылдардағы ашаршылық кезінде ақын небәрі 1-2 жас шамасында болса, 1937 жылғы саяси қуғын-сүргін кезінде 6 жаста болады. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында Мұқағали Мақатаев 10 жастағы бала екен. Соғыстың салқын қабағы ақынның шаңырағына оңай соққан жоқ. Әкесі Сүлеймен қан майданда қаза тапты. Әжесінің тәрбиесін көргенБолашақ ақын ер мінезді әжесі Тиынның тәрбиесін көріп, аңыз-ертегілермен сусындап өседі. Ол өзінің анасы Нағиманды жеңгесі сияқты қабылдап, Нақа деп атап кеткен…

0
0
260

Алматы мен Шымкентте "Дикий Арман" қылмыстық тобының мүшелері ұсталды

Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес шеңберінде іздеуде жүрген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін, оның ішінде қаңтар оқиғасына қатысушыларды ұстау бойынша шаралар қабылдап келеді. Мәселен, өткен жылдан бері ел аумағында ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деп күдіктелген ұйымдасқан қылмыстық топтардың 19 көшбасшысы мен белсенді мүшеcі ұсталды. 7 ақпанда Алматы және Шымкент қалаларының аумағында ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері ұзақ уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүрген қаңтар оқиғасының екі қатысушысын ұстады. ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыстың айтуынша, олар - Жұмагелдиев (Дикий Арман) ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі. "Ұсталғандардың бірі Самат Әмірбаев 2022 ж…

0
0
172

Мәжіліс ғимаратына бетпердемен кіру міндеттелді

Парламент Мәжілісінің ғимаратына міндетті түрде бетперде тағу режимі енгізілді.

Фото: almatydc.kz-

Мұндай қаулыны Президент Іс басқармасы медициналық орталығының бас санитар дәрігері Айгүл Темірғалиева қабылдаған.

Жиындар онлайн-форматқа көшірілген. Онда да бетперде тағу режимін қатаң сақтау керек.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен Президент кеңесшісі Қанат Бозымбаев коронавирусқа шалдыққан болатын.

0
0
184

Антикор Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша 44,6 млрд теңгені қайтарды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекетке осы жылдың басынан бері қосымша 44,6 млрд теңге қайтарған.

Коллаж: Ulysmedia.kz- Қазіргі уақытта қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебінен республикалық бюджетке жіберілді.

Бұған дейін Қайрат Сатыбалдының мемлекетке 650 млрд теңге қайтарғаны белгілі болған еді.

0
0
183

Алматыда "Айшуақ-Жантүгел" қылмыстық тобының 14 мүшесі құрықталды

Еліміздегі екі қалада ұйымдасқан қылмыстық топтардың жетекшілері мен белсенді мүшелері ұсталды. Иллюстрациялық фото: polisia.kz-Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу бойынша 15 факті анықталып, тіркелді. Әртүрлі қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық топтардың 30-дан астам жетекшілері мен белсенді мүшелері ұсталды. Мәселен, 7 ақпанда ІІМ мен ҰҚК қызметкерлері Алматы қаласында құрамында белгілі “Айшуақ-Жантүгел” ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері бар топты құрықтады. Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 14 адам ұсталды. 7 атыс және травматикалық қару, 4 граната, 200-ден астам оқ-дәрі, есірткі заты, сондай-ақ басқа да суық қару тәркіленді. Топ мүшелері кәсіпкерлерге өздерінің криминалдық “қамқорлығын” көрсете отырып, оларды бопсалаумен айналысқаны ан…

0
0
174

Глицерин мен махорка соғысы

Парламент вейптерге толық тыйым салатын заң қабылдап, бәріміз урррааа деп ұрандатқанымыз кеше ғана еді. Бүгін еліміздегі вейпинг қауымдастығы депутаттардың шала-шарпы шығарған шешіміне қарсымыз деп отыр.Себебі темекінің бұл түріне тиым салынса, ел экономикасы 18 млрд теңгеден қағылады дейді. Былтыр вейп сатқыштар салыққа осынша ақша төлеген екен. Сондай-ақ 20 мың адам тұрақты жұмысынан айырылып, нәпақасыз қалады дейді. Ең сорақысы вейптерді әкелуге, сатуға, пайдалануға тиым салса, қара нарық кеулеп, заңсыз контрабанда көлемі артады деп алаңдап отыр екен ассоциация өкілдері. Ең қызығы бұл өнімге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің ешқайсысында шектеу жоқ.Бір ғана нәрсе айтайын: бұл вейп пен темекі өндірушілер арасындағы соғыс. Себебі электронды темекі нарыққа енгелі ФилипМоррис си…

0
0
198

Жемқорлардан тәркіленген қаржыға жаңадан 20 мектеп салынбақ

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 15 мыңға жуық оқушыға арналған 20 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.Жасанды интеллект фотоиллюстрациясыЖемқорлардан тәркіленген қаражатқа салынатын білім беру нысандарының тізімі ведомствоның сайтында жарияланған. Оған мыналар кіреді: • апатты мектептерді ауыстыратын 2740 оқушыға арналған 5 мектеп құрылысы (екі ауысымда); • үш ауысымда оқытуды жою үшін 1200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда); • оқушы орынының тапшылығын жою үшін 8976 оқушыға арналған 11 мектептің құрылысы (екі ауысымда); • тозығы жеткен мектепті ауыстыратын 200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда); • екі мектепке қосымша корпустар салу (мәжіліс және спорт залдары, асханалар).Шымкент қаласында, Жетісу және Қыз…

0
0
180

Бірнеше аймақта жастардың қылмыстық топтары ұсталды

ҚР ІІМ жастар арасындағы криминалдық топтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізіп келеді. Мұндай топтар көбінесе жасырын сипаттағы қылмыстарды жасайды, яғни жәбірленушілер қаскөйлердің қорқытуының салдарынан немесе тағы да басқа себептермен полицияға жүгінбейді. “Ұрылар” идеологиясын ұстанып, заңсыздыққа жол беретін топтар қоғамдық тәртіп пен азаматтардың құқықтарын өрескел бұзады. Жақында ғана ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Шымкент және Павлодар қалаларында осындай екі топтың ұсталғаны туралы хабарлаған болатын. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр. "Биыл қаңтар айында басқа да бірқатар өңірде осындай ұстаулар жүргізілді. Мәселен, Шымкентте жедел ақпаратты тексеру барысында университеттердің бірінен үш студентті ұрлау фактісі а…

0
0
187

Абай облысында түн жамылып көшеде жүрген балалар жаппай ұсталды

Абай облысында түнгі уақытта көшеде жүрген 370-ден астам жасөспірім ұсталды.Жыл басынан бері Абай облысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуының 370-ден астам фактісі анықталды. Жыл басынан бері Абай облысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуының 370-ден астам фактісі анықталды. Көбінесе жасөспірімдер кафелерде, түнгі және ойын клубтарында, сондай-ақ көшеде жүреді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәмелетке толмағандар сағат 22:00-ге дейін ата-анасыз ойын-сауық орындарында бола алады. Балалардың түнгі 10-нан таңғы 6-ға дейінгі кезеңде болу фактілерін анықтау ата-аналарына айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады. Қазақстан Р…

0
0
189