Елімізде бетперде тағу режимі қайта енгізіледі
Бас санитар дәрігер бетперде тағу режимін енгізуді қарастыратын қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында, адам көп жиналатын орындарда бетперде тағу керек. Бұл қызылша, COVID-19, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың таралуын болдырмау үшін қолға алынып отыр.
