Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Бізде жазушы жоқ. Халық жазушысы атағын кімге береміз? – Қанат Тілеухан

Жазушы Қанат Тілеухан тележурналист Жайна Сламбекке берген сұхбатында кәсіби тұрғыда әдебиетпен айналысып жүрген адамдар жоқ екенін айтты.

«Қазір Қазақстанның Халық жазушысы деген атақ шығарды. Бірақ мен «бұл кеңестік дүние ғой, қаңсық нәрсе ғой, мен бұған қарсымын» деген мағынада айтып отырған жоқпын. Мен неге оған қарсымын? Өйткені бізде жазушылар жоқ. Біз оны кімге береміз? Қазір кәсіби түрде әдебиетпен айналысып жүрген адамдар жоқ. Мүмкін, Халық әртісін беруге болатын шығар. Ол сала дамып жатыр. Біз осы жоқ нәрселерді бар қылып көрсету үшін кей кезде атақ, марапат дегендерді ойлап шығаратын сияқтымыз», – деді Қанат Тілеухан.

Ол тіпті Дидар Амантайдан кейін дені дұрыс жазушы жоқ дегенге келтірді.

«Дидар Амантайдан кейінгі жазып жатқандар – бәрі әуесқойлар. Ал сіз ойлаңызшы қоғамда әуесқой дәрігер болсаңыз не болады? Немесе әуесқой мұғалім болсаңыз. Әуесқой құрылысшы болса. Ол кешке жұмысынан кейін келіп үй салып, сосын ол құлап қалса. Біздің қазіргі әдебиеттің жағдайы солай. Тиіп-қашып жазамыз. Өйткені ақша жоқ. Нарық жоқ», – деді жазушы.

Десе де, Қанат Тілеухан әдебиет саласындағы нарық қалыптасып келе жатқанын, оның болашағына сенетінін айтты.

Сұхбатты толық мына жерден көруге болады.

0
0
456

Осы тақырып бойынша