Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

«Оны әлден нете бастадым». Қарағанды әкіміне Қайрат Нұртас неге ұнамай қалды? (видео)

Қарағанды әкімі Мейрам Қожықов қаладағы ретсіз жапсырылған жарнамалық плакаттарға шүйлікті.

undefined

Қожықов әлеуметтік желідегі парақшасына аялдамада қалай болса солай ілінген жарнамалар мен хабарландыруларды көрсетіп тұрған видеосын жариялады. Сондай плакаттардың бірі әнші Қайрат Нұртастың концертінің анонсы еді. Бір қызығы, ол Қарағандыда тура бүгін өнер көрсетеді екен.

«Бұлар ғимараттарға, өткелдерге, аялдамаларға жапсыра салады. Олай болмауы керек. Мен Қайрат Нұртасты ешқашан тыңдаған емеспін. Оны әлден... нете бастадым... Өйткені оның әдемі жүзі барлық жерде тұр. Келсін-келмесін іле берген. Барлық аялдамаға жапсырыпты», – деді әкім.

0
0
473

Еліміздің автожолдарында орташа және ең жоғары жылдамдық енгізіледі

Бүгін мәжіліс қабылдаған негізгі заңда «орташа жылдамдықты» енгізу мен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жылдамдықты шектеуді бақылаудың жаңа тәртібі көзделген. Ол аттестатталған бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптары орнатылған жолдардың түзу учаскелерінде және қала сыртындағы айналма жолдар жоқ жерлерде автоматты түрде есептелмек. Бүгінде республика бойынша 94 қондырғы орнатылған. Түзетулер мұндай жолдарда жүргізушілердің жылдамдықты азайтып, оның салдарынан болатын апаттардың санын азайтуға сеп болады.Бұл ретте «орташа жылдамдықты» асырғаны үшін жауапкершіліктің жаңа түрі енгізілмейді. Қолданыстағы ӘҚБтК-нің 592-бабында белгіленген жылдамдықты 10-нан 20 км/сағ асырғаны үшін 10 АЕК айыппұл түріндегі жаза қарастырылған.Сондай-ақ Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске көлік…

0
0
436

ДСМ: медициналық ЖОО-ларда маман даярлау сапасы төмен

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері медициналық жоғары оқу орындарында кадрларды дайындау сапасының төмен екенін мәлімдеді.Қазіргі уақытта медициналық білім беру саласындағы аса өзекті мәселелердің бірі - медициналық ЖОО-ларда студенттер санының шамадан тыс көп болуы. ДСМ өкілдерінің айтуынша, бұл білім беру ресурстарының артық жүктемесі және білім беру сапасының төмендеуі сияқты бірқатар теріс салдарға әкеп соғады."Ақылы негізде білім алатын студенттерді шамадан тыс қабылдау білім беру ортасына да, оқытушылар құрамына да, ең бастысы болашақ медицина мамандарын даярлау сапасына да әсер етеді. Бұл фактор қоғамның медицинаның білім беруіне деген сенімін төмендетуде және денсаулық сақтау жүйесі үлкен сынға түсуде.Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі білім беру санын емес, с…

0
0
329

Алматыдағы Гагарин даңғылының жоғарғы бөлігінің атауы өзгереді

Алматы көшелеріне Қазақстанның белгілі өнер қайраткерлері: әнші Ермек Серкебаев, композитор Ескендір Хасанғалиев, актерлер Юрий Померанцев пен Владимир Толоконниковтың есімдері берілмек.Фото: yandex.ru/maps / Гагарин даңғылының Тимирязев көшесінен жоғары жағы"Гагарин даңғылының тарихи бөлігі өзгеріссіз қалады. Әңгіме Төле би көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі аралықтағы даңғылдың бульварлық бөлігі туралы болып отыр", - делінген қалалық мәслихаттың ресми сайтындағы хабарламада.Ал Юрий Гагарин атындағы даңғылдың  бір бөлігін, яғни Климент Тимирязев көшесінен жоғары қарай Ермек Серкебаевтың есімімен атау жоспарланған. Бұдан  өзге, Әуезов ауданындағы Юбилейная көшесіне Владимир Толоконниковтың атын беру ұсынылып отыр.Бостандық және Түрксіб аудандарындағы атаусыз көшелерге Еске…

0
0
309

Енді мопед көлік құралына жатқызылып, оны тіркеуден өткізу міндетті болады

Мәжіліс «Жол жүрісі туралы» заңға және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске көлік құралдарының жекелеген түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.Фото: almaty.tvНегізгі заңда шағын электрлі және көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын бақылау ұсынылады. Бұл мопедтерді пайдалану мен қозғалыс ережелерін реттеуге көмектеседі. Осыған байланысты қозғалтқыш көлемі 50 текше сантиметрден төмен мопедтер автокөлік құралына жатқызылады. Олар тіркеуден өтіп, мемлекеттік нөмірді алуы қажет.Сонымен қатар заң жобаларын пысықтау кезінде елге әкелінген мопедтердің көптігіне қатысты тәуекелдер де ескерілді. Осы жұмысты ұйымдастыру кезінде жаппай ажиотажға жол бермеу үшін оларды тіркеудің жаңа талапта…

0
0
348

Павлодар әкімі мектептегі сұмдық жағдайға алып келген жайттарды атады

Павлодар әкімі Хасар Қабылбеков қаладағы білім беру нысандарының қауіпсіздігіне арналған жиын өткізді. Ол №14 мектептегі оқиға жауапты қызметтердің кемшіліктерінен болуы мүмкін екенін мойындауға тура келетінін айтты.Хасар Қабылбеков жиыннан мынадай қорытынды шығарған:"Сыныптасы мен мұғалімін жарақаттаған бала психологтар мен мұғалімдердің көмегіне мұқтаж болғаны қазір белгілі болып отыр. Мектеп басшылығы мұны байқамаған. Жасөспірім сабаққа пышақты қалай алып кіргенін де ешкім байқамаған. Айта кетерлігі, білім беру мекемесі бұрын лаңкестік әрекетке осал нысан ретінде тексерілген, оның күзетіне қатысты маңызды ескертулер жасалған, бірақ ешкім кемшілікті жоймаған.Өкінішке орай, мұндай жағдай қаладағы тек осы мектепте ғана қалыптасқан жоқ. Бейнебақылау камераларының жұмысына қатысты мәселелер…

0
0
388

Автобуста болған қызық жағдай

(Суреттің бұл оқиғаға қатысы жоқ)Қоғамдық көлікте жолаушылардан тексеруші төлем жасамаған бір қызды анықтады да:- Қашан отырдыңыз?- Басынан...- Студентсіз бе? Қыз:- Жоқ, 25-темін.- Неге сонша аялдамадан бері әлі төлем жүргізілмеген?!- Смс-пен жіберу үшін бағаналы теріп келе жатырмын, жүйеде қателік болып қабылдамай тұр. Тексеруші әйел:- Тәк, бойжеткен қыз, бұлай болмайды! Қане, түсейік... Айыппұл толтырасыз.- Жоқ, түспеймін. Менің не кінәм бар?! Жүйе дұрыс жұмыс істемей тұр. Істесе төлеймін қазір...- Олай болмайды, түсіңіз деймін. Бір-біріміздің уақтымызды алмайық!..- Түспеймін! Дәл осы кезде түрегеп тұрған қызға таяу орында отырған отыздар шамасындағы жігіт төлем тексеруші әйелге телефонын көрсетіп:- Міне, ол қыз үшін осы кез мен төлей салдым. Болды, қоя салыңыз... - деді. Дереу анау қыз…

0
0
276

ҚМДБ мешіттегі төбелестің видеосына қатысты мәлімдеме жасады

Намазхандардың төбелесі, алдында жазылғанындай, Сарыағашта емес, Шымкенттегі мешітте 12 мамырда болыпты. Онда ақшам намазы оқылып жатқан.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) осы жағдайға байланысты мәлімдемесін баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы жариялады. "Өзге өңірден Шымкент қаласына келген бір топ азамат мешіт имамының ескертуіне қарамастан бірнеше рет жамағат намазын бұзған. Өзге мәзһабта намаз оқыған олар жамағат пен имамның өтінішіне құлақ аспай, мешіт ережесін өрескел бұзған. Намаз кезінде “әмин” дұғасын қатты дауыспен айтқан жандардың әрекетіне төзбеген мешітке тұрақты келуші бір азамат олардың біріне қол жұмсаған. Нәтижесінде имам жамағат намазын тоқтатуға мәжбүр болған. Оқыс оқиға дер кезінде тоқтатылып, полиция қызметкерлері тиісті жұмыс жүргізуде. Қазақстан мұсыл…

0
0
386

"Шымкентте шашлық арзан дейсіздер". Қала маңынан есек бордақылап, соятын орын табылды

Шымкентте есек бағып, оны тіпті бордақылап, соятын орын әшкере болған. Бұл туралы белгілі журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желіде жазды.

undefined

"Шымкентте шашлық арзан дейсіздер. Сол арзан кәуаптан қорқа бастадым. Себебі Шымкентте жүз шақты есек бағып, бордақылап етін базарда сатқан есекші (малшы деген сияқты ғой) анықталыпты. Алайда арам еттен ақша тапқан азамат оны Шымкентке емес Қытайға өткіземін деп ақталған көрінеді. Мына ақпарат рас болса масқара. Қара жұмысқа жегілмеген жас қодықтың еті тіске жұмсақ болады деуші еді. Шымқаланың арзан әрі дәмді шашлыгы сол есектің етінен дайындалып жатқан жоқ па?" - деп жазады Диас Нұрақын.

0
0
302

Алматы облысындағы түрмелерде айналымы 3 млрд теңгеден асатын сауда және қаржы жүйесі ұйымдастырылған

Жазасын өтеушілер ғаламтор арқылы сауда жасауды, несие рәсімдеу мен құмар ойын ойнауды жақсылап меңгеріп алыпты.

undefined

Фото: vk.com

«Сотталғандар ұялы телефондарды пайдалану арқылы онлайн сатып алуға, несие рәсімеуге және букмекерлік кеңселер мен онлайн-казино арқылы құмар ойындарға қатысқан. Онда қаржының жалпы айналымы 3 млрд теңгеден асады», – деп жазылған Алматы облысы прокуратурасының ресми сайтында.

Айта кетейік, 3 млрд теңгеден астам қаражат шамамен 7 млн АҚШ доллары болады.

0
0
279