Мазмұнға өту
QazAgym
QazAgym

QazAgym

599 жазбалар50 тіркелуші

Әр қазағым — жалғызым!

Ойнақтаған он саусақ

Компютерде асығыс мәтін теріп отырғанда әріптік қате жібергенімізді саусағымыз сезіп қояды. Менде де солай. Саусағым сүрініп кеткенде бірден мониторға қараймын. Расында қате кеткен болып тұрады. Мысалға сағат дегенді сғаат деп жазып қоямын. Көзімізді пернетақтадан мониторға көтеретін сол сүрінген саусағымыз. Қаламмен жазғанда қате жібермейтін едік қой. Бұрынырақта естігенін, көргенін елге айтып қоя беретін адамдарды аузына сөз тұрмайды деуші едік. Сондайлар қазір де бар. Мен оларды саусағына сөз тұрмайды деймін.

Ақпарат көзі

0
0
394

Терғанақ-187

Шындығында мен Дулат ағаның барлық әңгімелерін, повесттерін оқығанмын. Жаңа Сәкен Сыбанбай ағамыздың құттықтауын оқып отырғанда, ол кісі атаған барлық шығармалары мен ондағы кейіпкерлері тұтастай маған таныс екен. Дулаттың кейіпкерлерін жақсы көрмеу мүмкін емес. Және оларды санаңнан сызып тастай алмайсың. Жауһар мен қоқыс араласқан жан дүниеңнің бір түкпірінде олар (Исабеков кейіпкерлері) да өмір сүріп жатады. Көңіліңнің түкпірінде Секс.. Секс... деп селкілдеп, кекештеніп Сексенбаев тұрады. Бәрі аяулы. Бірақ, Дулат ағамыз драматургияның ауылына біржола көшіп алды. Соңғы жылдары қандай әңгіме, нендей повест жазғанынан хабарым жоқ. Кейде ойлаймын, ол кісі енді әңгіме жазса не жазар екен, қалай жазар екен деп. Барлық оқырмандар үшін қызық деп ойлаймын. Осыдан он төрт-он бес жыл бұрын «Қазақ…

0
0
381

Сауат ашу сабағы

Бұрын: Алфабиттің А тұрады басында, Әрқашан да Ә тұрады қасында, Байқадың ба? Б тұрады үшінші, Осылардың сыры неде?... түсінші. А – деген ол аналар ғой, ардақты Ә – деген ол әкелер ғой, салмақты Б – деген ол балалар ғой ойнақты. Біздің елде үшеуі де кәделі Сондықтан да, алшақ кетпей расында Тұрады олар алфавиттің басында. Әбдіраштың Жарасханы

Қазір: Алфабиттің А тұрады басында, Үтірі бар А тұрады қасында. Бұрынғыдай Б тұрмайды үшінші, В тұрады. Бұның сырын түсінші. А – деген ол Ахметтей бабаң ғой, Ал, А'- деген ақылы аздау әғәң ғой . В - деген ол басы қатқан Bi'ligin', Бұның бәрін сараптайтын санаң ғой. Ноқатты әріп көп ұзамай түзелер, Ал, қазірше мал мен жаның аман ғой.

Ақпарат көзі

0
0
1651

Қызық емес ертегі

Университет басшылығы әлгі жігіттің қолына дипломын ұстатыпты да, арт жағынан тепкендей қылып, жатақханадан қуып шығыпты. Бара ғой, айналайын,-депті. Ал, жігітіміздің дәл сол уақытта не тұрақты жұмысы, не тұра қоярлық үйі де болмапты. Ауылға қайтуға мүлде құлқы болмаса керек. Ары ойланып, бері ойланыпты да Алматының іргесінде тұратын ағасының үйіне қарай тартып отырыпты. Ағасының әйелінен қатты қорқатын біле тұра барыпты. Үміт аз енді. Жұмысқа шығып, квартира тауып алғанша тұра тұрайын деп үміттенген ғой. Бірақ, анда-санда бір келгенде қабағын ашпайтын жеңгесінің бұны бірер айға тұрғыза қоюы неғайбыл. Ағасына әсер етіп, жеңгесінің жүрегін жібіту үшін жолай ән шығарған екен. Сол әнді кейіннен, арада біраз жыл өткенде Қайрат Нұртас сөзін өзгертіп орындаған көрінеді... Бірақ, негізгі мәтіні…

0
0
516

Күлсең кәріге күл...

Мынау да сондай бір тәтті күлкі. Анау күні тоқсанға толған бір атамыз Нұрлан ағаға келді. - Айналайын, үлкен той жасамаймын, дүрілдетіп өткізбеймін. Ағайын-туыс пен құда-жекжатқа бір шәйін берермін,-деді. Содан кейін әңгіменің аяғында Нұрлан аға: - Маған қандай тапсырма бересіз, не өтінішіңіз бар?-деді. Ана кісі аз-кем ойланып отырды да: - Ана, қолымдағы кіші балам жұмыссыз қалды. Соған жұмыс қарастырсаң...-деді. Нұрлан аға: - Ол балаңыз қаншада еді?-деді. Сондағы атамның жауабы: - Осы жазда алпыс бірге толды ғой... Құдай бақ берем десе үйіп-төгіп береді екен ғой иә. Алпыс бірдегі балаңа жұмыс іздеп жүрсең, одан өткен бақыт жоқ шығар.

Ақпарат көзі

0
0
545

Арман ағаның арманы

Ет қызуымен айтты дейтіндей емес, көкем өте сабырлы, байсалды кісі. Ұшқалақ болған күннің өзінде желпілдейтіндей жастан өткен. Айтылған сөздің атылған екенін өзі біліп қана қоймай, өзгелерге де ескерте жүретін қасиеті тағы бар. Енді шегінерге жол жоқ. Алматыны артқа тастап, Астананы борандатып жүрген ағамның құйысқаны көтеріліп-ақ тұр. Бірде Алланың ақ жолымен, енді бірде Перуашевтің "Ақ жолымен" жүріп келе жатқан Арағам, енді Нарынқолға апаратын күре жолды көздеп жүр. Алдағы көктем Нарынқол жеке аудан болады. Сол кезде көкем жүгін жинайды. Жинатамыз. Айтылған сөз - атылған оқ! Кезіге кеткеннің бәрінен әлгі кетем дегенің қайда, ауданың бөлініпті ғой деген сөзді естіп жүре береді деп пе едіңіз?. Жо-о-қ, көкем өйтпейді. Ол бөлінген күні, немесе бөлінерден бірер күн бұрын салып отырады. Бірі…

0
0
412

Қазақстандықтар визасыз 71 елге бара алады

Henley&Partners компаниясы таратқан ақпарат бойынша Қазақстан Беларусь пен Оман елдерімен бір орында тұр. Қазақстан өткен жылы да 71 елге бару мүмкіндігімен, 67 орында тұрған.Осы рейтинг бойынша көрші елдеріміз келесі орындарды иенденді: Ресей - 48, Әзербайжан - 72, Өзбекстан - 85 орында тұр. Аталған рейтингте визасыз баруға болатын елдер тізімінің көрсеткіші алғашқы қатараларын келесі елдер өз бөлісті: 1) Германия, бұл ел азаматтары визасыз 177 елге еркін саяхаттай алады;2) Сингапур, бұл елде тұратын азаматтардың 176 елге визасыз баруға мүмкіндігі бар;3) Үшінші орынды Ұлыбритания, Дания, Италия, Норвегия, Финляндия, Франция, Швеция, Жапония бөліскен. Аталған елдің азаматтары 175 елді визасыз-ақ көре алады. Ал ең соңғы орында тұрған ел - Ауғанстан. Бұл ел азаматтары үшін визасыз тек 24 ел…

0
0
439

Ел тілегінің күші

Тағдырының той-қызығы тарқаған, Өлкедегі ең бай әрі қарт адам, Сәуле шашқан досы түгіл қасына, Шығып алып құзар таудың басына, Жаратқаннан ұлы демеу сұрады, Үш күн, үш түн жалбарынып жылады. - О, тәңірім, Санам мұңға шайлықты, Бердің маған бұл маңда жоқ байлықты. Адам аз ба барлықты даңқ санаған, Бірақ бақыт таба алмадым мен одан. Қарттық жеңді, Көрде тұр бір аяғым, Осыменен бітпек пе өмір - баяным? Көз жұмарда нені демеу етемін, Байлығымды кімге сеніп кетемін? Пейілі мен мерейіңнен таң атқан Бір нәресте сыйла маған, жаратқан?! Сүмбіле шың болып лезде жап-жарық, Үн естілді ақша бұлтты қақ жарып: - Сен перзентсіз өтесің бұл өмірден, Саған сондай жалқы тағдыр берілген, Ол шешімім өзгермейді және де! - О, жаратқан, тәтті арманым өле ме? – Деп сорлы қарт тұманданып көз алды, Ұзақ тұрды, сосын…

0
0
629

Бесінші еркек

Намыс туы желбіреген өрінде, Дүниеге келтірген сан алыпты, Отырарда, Менің туған жерімде Мынадай бір асқақ аңыз қалыпты.Жігерімен жіберердей тасты үгіп, Өнер, ойы тармақты, Адал, жайсаң жас жігіт Ел ырысын шашып өткен Тосын келген қасіреттен Жанын салып туған жерін қорғапты.Ал,табиғат - ұлы Ана Ұланыңа тіл қатыпты қуана: - Бұдан да үстем болу үшін мерейің, Ұлым, саған үш байлықты нысана етіп көрейін. Нысап керек дәулетке де, баққа да, Бірін таңда тек қана: Әр сөзіңде от тұратын, Елге таңдай қақтыратын, Ғажабы да, Азабы да орасан Жұрттан асқан АҚЫЛ берем, қаласаң? Қызығушың көбейетін шашыңнан, Көрген адам кете алмайтын қасыңнан, Қызғаныш та тудыратын орасан Жұрттан асқан КӨРІК берем, қаласаң. Ұмыттырып дүниенің тарлығын, Кілең игі жақсылардың барлығын Жинайтұғын дастарқанның басына, Тіпті,…

0
0
478

Қазақстандық 6 боксшы ХОК шәкіртақысын алады

«Олимпиадалық ынтымақтастық» - Халықаралық Олимпиада Комитетінің олимпиадалық қозғалысты дамытуға арналған бағдарламасы. Аталған бағдарлама аясында ұлттық федерациялар ұсынған шәкіртақыға үміткер спортшыларды Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті халықаралық ұйымға жіберген болатын. Өтінімдерді қабылдаған ХОК шәкіртақы алуға лайықты спортшыларды анықтады.

Қазақстандық 24 спортшыға шәкіртақы бөлінген. Бұл қаржылық қолдау спортшылардың Олимпиада ойындарына дұрыс жаттығуын қамтамасыз етуге арналған.

Боксшылар арасында бұл шәкіртақыға 2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ералиев, Рио Олимпиадасының жүлдегерлері Василий Левит пен Дариға Шәкімова, 2017 жылғы әлем және Азия чемпионатының жүлдегері Абылайхан Жүсіпов пен Әбілхан Аманқұл, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай ие болды. Ақпарат көзі

0
0
256