Мазмұнға өту
Qaz

Qaz

497 жазбалар4 тіркелуші

Алаштың салмағы – «69»!

Қазақ боксы алыс Кеңес одағы тұсында да мықтылығымен танылған-ды. Былғары қолғап киген оғландарымыз талайға таңдай қақтырды. Тәуелсіздік алғалы қатысқан бес Олимпиадада бокстан алты алтын алуымыз осы сөзімізді айғақтай түседі. Солардың үшеуін 69 келіде сайысқа түскен тарландарымыз жеңіп алған екен. Тұңғыш рет Қазақстан дербес ел ретінде 1996 жылы Атланта Олимпиадасына қатысты. Ол кездегі ережеге сәйкес біз сөз еткелі отырған 69 келі салмақ дәрежесі жоқ болатын. Бұл салмақ кейіннен Афиныда қосылды. Мұхиттың арғы бетінде өткен додаға елімізден 8 боксшы аттанды. Бапкерлер сегіз ұланның ішінен Болат Жұмаділов, Василий Жиров, Ермахан Ыбырайымов, Болат Ниязымбетовтің жүлдеден үміткер екенін айтып еді. Тәжірибелі мамандар қателеспеген екен. Василий Жиров Олимп шыңын бағындырып, ең үздік боксшыға…

5
0
1010

Қазақ әріптер жинағы - KZChars

Құрметті оқырмандар, сіздердің назарларыңызға KZChars - қазақ әріптерін iPhone/iPod құрылғыларында теруге арналған бағдарламасын ұсынуға рұқсат етіңіздер. Бағдарламаның мақсаты қазақ тілінде ғаламтордағы және құрылғыдағы мақалаларды, мәтіндерді, пікірлерді ыңғайлы өңдеп және жариялауға көмектесу. Бағдарламадан шықпай-ақ Twitter арқылы қазақ тілінде шағын жолдамаларды жариялауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, осы бағдарламаның мәзірі арқылы терілген мәтінді sms және e-mail арқылы жолдауға болады. Бұл бағдарламаның ең алғаш қадамы, егер KZChars-қа қатысты қызықты ойларыңыз, толықтыруларыңыз болса, оларды не пікір арқылы, не жеке жолдау арқылы ұсынсаңыз болады. Келесі 10 код (redeem) алғашқы оқырмандарға бұл бағдарламаны app store-дан тегін жүктеуге мүмкіншілік береді: 7Y7HWNNFHH93YN7W6HXWHJL…

Оңтүстікке сапар, немізбен баймыз, неге кедейміз?

Жамбыл облысы осындай әдемі көрініспен қарсы алды. Таулардың арғы жағында Қырғызстан. 2000 жылдық тарихы бар Тараз қаласының саябақтары ерекше көрінді. Мынау секілді ұлттық нақыштағы мүсіндер көп жерде кездеседі. Әрине Таразға келіп кеткен әр бір азамат тарихи ескерткіштерге соқпай кетпейді. Қарахан кесенесі - өзінің әсемдігімен Ресей сәулет өнерін бағалаушыларын 1902 жылдың өзінде ежелгі Тараздың теңдесіз жасампаздығы ретінде таңдандырыпты. Археологиялық қазбалар көрсеткендей, бұл ғимаратты өрлеу кезінде шеберлікпен әзірленген 30 түрлі өрнекті кірпіштер пайдаланған. Құрылыс қараханидтер дәуірінде, ХІ ғасырда жасалған. Оның жерленуін тарих, біздің аймақты Х-ХІІ ғасырларда билеген Қараханидтер әулетінің хандығымен байланыстырады. Әулие-Ата атануы да содан. Қарахан 960 ж. қайтыс болады. Оны…

4
9
8271

(ФОТО - ВИДЕО) Данияр Елеусінов Джамельді ұтты

Данияр Елеусинов

Қазақ боксшысы Данияр Елеусінов америкалық Джамель Херрингпен қолға түйістіріп, жеңіске жетті. Бірінші раунда Данияр 8:5 есебімен алға шықса, екінші раундта соққыларын жаудыра түсті, 7:3! Ал, үшінші раундта қарқынын бәсеңдетіп, 4:1 есебін тіркеді. Қорытынды есеп - 19:9!

Бүгінге дейін бірінші айналымды артта қалдырған қазақ боксшыларының ішінде Данияр ғана өзінің мықтылығына күмән тудырған жоқ. Енді ол тамыздың 4-і күні ирандық Мехди Толоутибантпимен қолғап түйістіреді.

ФОТО

Данияр Елеусинов

Данияр Елеусинов

Данияр Елеусинов

Данияр Елеусінов

Фантаст жазушылар көріпкелділігі

Фантаст жазушылар көріпкелділігі жөнінде жазылған материалдар жеткілікті. Қысқа әрі қызықты жазбалар деуге болады. Бірақ біреуінде де шығармаларынан үзінді келтірілмеген. Барлық дерлік олардың шығармаларын оқыған жоқ. Осындай оймен ең танымал фантаст жазушылар шығармаларын шолып шықтым. Көңілім Артур Кларка тоқтады. Артур Кларк фантаст жазушы геостационарлық жер серігі, интернет пайда болуын болжаған деседі. Оқи бастадым «2001: A Space Odyssey» (2001: Одиссея бір) үзінді, доктор Хейвуд Флойд айға ұшуға арналған шаттл ішінде айға сапар шегіп барады: «Ұшақ ішінде іші пысқан жоқ. Ресми баяндамаларды, протоколдарды, еске түсіруге арналған жазбаларын оқып жалыққан соң, газеттік планшетті кеменің ақпараттық желісіне қосып әлемнің ең ірі электрондық газет басылымдарын көре бастады. Олардың кодты…

5
1
1659

Жаңа өрмекші адам, ұяң дауыс және қарақұрт

Ә деп жерден алып, жерге салып, ит-сілікпесін шығару туралы ой қылаң бергенімен фильмде кездесетін кейбір ұнамды сәттер жақсы-жаманды қатар айтуға итермелеп отыр. Әйтсе де, жанға жақты дегеннен гөрі көңілді құлай сендірмеді деу тура келетін сияқты. Өрмекші шағып өрмелей жөнелу қасиетіне ие болған жасөспірім туралы оқиға күллі әлемнің көрермендеріне кеңінен танымал. Жалпы жұртқа режиссер Сэм Рэйми түсірген трилогиядағы Тоби Магуайрдың тұлғасы арқылы жеткен суперқаһарман туралы сюжеттік желі «ойпырым-ай» дегізетін тұстарымен ерекшеленбейді, бас-аяғы жұрт біткенді жалмап бара жатқан құбыжыққа қарсы тұратын кейіпкермен шектеледі. Отандық прокатта қазақ және орыс тілдерінде қатар шыққан «Жаңа Өрмекші адам» (Новый Человек-паук/The Amazing Spider-Man) франшизаны толықтыра түсетін һәм жаңа оқиғағ…

6
1
1543

Ананың ойы балада, баланың ойы Фэйсбукта

Ғаламторда ата-аналарға арналған мәнді блог іздеудің үстінде, New York Times-тың, ата-ана мен балалардың қарым қатынасын, балалардың тәрбиесін, жасөспірімдерді толғандыратын мәселелерді талқылайтын Parental Blog-қа жолығып, өзім үшін бұрын-соңды ойыма кірмеген тақырыптарды кездестірдім. Айта кететін жағдай, біздің санамызда қалыптасқан «тәрбиесі төмен американдық балалардың» ата-аналары өте өзекті мәселелердің мән-жайын талқылап, өзгеше ойларын бөлісіп, жазып жүр екен. Олардың ішінен, төрт перзенттің анасы, заңгер болып істеген, кәзіргі таңда блогшы болып жүрген, Karin Dell’Antonia-ның көтерген мәселесі жаныма батып, сол туралы айтып кеткенді жөн көрдім. Оның мақаласы «Should Children Be Allowed on Facebook?», яғни «Балаларға Фэйсбукты қолдануға рұқсат берген дұрыс па?» деп аталады. Қысқа…

5
5
1727

“IT-тірлік” онлайн-журналы жарық көрді

Құрметті, оқырмандар!

Өздеріңіздің назарларыңызға қазақ тіліндегі тұңғыш онлайн және жаңа технологиялар жөніндегі "ІТ-тірлік" атты журналды ұсынамын.

Оқыңыздар, пікір білдіріңіздер, журнал сайтына бас сұғып, шағын сауалнамаға жауап беріңіздер. http://it-tirlik.kz

Рахмет!

Құрметпен, журнал редакторы Тимур Бектұр @timusha

 

«Батыл жүрекке» барасың ба, қазақ тілінде көресің бе?

Тұрмысқа шықпаймын, одан да бойдақ болып жүре беремін арғымақтың үстінде құстай самғап, жебем көкке жетсін деймін...Мериданың әкесі король Фергюс* Стив Джобс кезінде бас болған Pixar студиясы еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін бірдей қызықты болатын кезекті туындысын елге ұсынып отыр. Бұл жолғы фильм біз үшін алабөтен ыстық, себебі «Батыл жүрек» (Храбрая сердцем/Brave) прокатқа қазақ тілінде шықты. Жіберген жебесі нысанаға дәл тиетін, ат құлағында ойнайтын, күйеуге шыққысы келмейтін Фергюс әкесінің ерке қызы Мерида ойламаған жерден басына бәле тілеп алады. Орманда жарқырауық қуып жүріп әлдебір мыстан кемпірдің арбауына түсіп анасынан жартылай айрылып қалады – Элинор патшайым аюға айналып кетеді. Әкесінің қорбаңбай көрсе өре түрегелетінін білетін қыз қайтсем жағдайды түзеймін деп жү…

«Мәңгіліктің роктың» екінші фондағы бас кейіпкерлері

Рок-н-роллдың жілігін шағып, майын ішкендер «Мәңгілік роктың» етін сүйегінен ажыратып баға-пайымдауларды беріп-ақ жатқан тұста, аталған жанрды ара-тұра ғана тыңдайтын, ойындағы азды-көпті ақпараты шаң басып жатқан дилетанттың пікірі оқырманға қаншалықты қызықты боларын білмедім, алайда, хэви-метал мен хард-роктың глэм-металға қандай қатысы бар екенінен шала-шарпы хабардар жұртшылық үшін рецензия зиянсыз болар деп шештім. 1987 жыл. Жетпісінші жылдары бұрқ ете қалған глэм-рок Америка Құрама Штаттарында танымалдылықтың ақырғы күндерін өткізіп жатыр, жұдырықтарын түйіп, екі саусақтарын шошайтып, тіл шығарған мыңдаған фанаттар жақын арада жаппай поп-музыканың астында қаларын сезер емес. Голливудты бағындырамын деп келген Шерри аузын ашып жүріп бар дүниесінен айрылып қалады. Аты дүрілдеп тұрған…

2
1
1078