Kinostan.kz: бір жылдық қорытынды есеп
Кішкентай кейіпкерлер жоқ, кішкентай актерлар бар. Оноре де Бальзак Бұдан тура бір жыл бұрын, дәл осы 11 маусымға азды-көпті елді шақырып, kinostan.kz жобасының азын-аулақ таныстырылымын өткізген болатынбыз. — Қалай қарайсың? — Болады. — Бастайық онда, — деп апыр-топыры шығып, бір түннің ішінде Интернетке шығып кеткен kinostan.kz туралы сол кезде ыстық-ыстық тілектер айтылып еді. Бір жылдың ішінде біздің жоба біраз дамып қалды. Әрине, жоқ жерде сайт құру, стартаптың ең төменінен бастау өз кемшіліктері мен кедергілерін көрсетіп-ақ жатыр, әйткенмен, энтузиазм, үміт әлі таусылған жоқ, еңбек қайтар деген ой бар. Әзірге, құрметті сайт оқырмандарына осы бір жылдың ішінде біздің сайтқа қатысты құрылған статистиканы ұсынсақ па дейміз. Google Analytics мәліметтері бойынша, 2011 жылдың 10 маусымы м…
