Мазмұнға өту
Qaz

Qaz

497 жазбалар4 тіркелуші

Пхукеттегі жоғары сапалы 7 үздік мейманхана

Пхукеттегі жоғары сапалы 7 үздік мейманхана 1. The Racha 5* Мейманхана Пхукеттен 30 минуттік қашықтықта, Racha (рача) аралында орналасқан. Бұл жердегі жағалаудағы мөлдір таза су әр адамның көңілінен шығады. Мейманханаға тек шапшаң қайықпен жетуге болады. Мейманхана құрлықтан бөлек аралда болғандықтан қонақтар жұрттан бойды аулақ ұстауға мүмкіндігі бар. Экологиялық бағытта жасалған виллалар минималисттік стильде жасалған. 2. Banyan Tree Phuket 5* Мейманхана Банг Тао жағалауында орналасқан. Бұл мейманхана, дүние жүзілік жоғары сапалы мейманханалар рейтингінде 8 орынға ие. Банг Тао жағалауы Пхукет аралының Андаманд теңізінің алтын құмды жағажайы бар нағыз жер жаннаты десек, артық емес. Бұл мейманхана жайлы виллалар мен барынша қонақжайлылықты ұсынады. Кейбір виллалар жеке бассейн, джакузимен…

0
0
1693

Алғашқы пікір

- Балалар, сабақтың аяқталуына қанша минут қалды? - Әлі он минуттай уақыт бар, апай. - Ондай болса, мен сендерге сабақтан тыс сұрақ қояйын. Үй тапсырмасы түсінікті ғой. - Иә түсінікті, апай. Қандай сұрақ қояйын деп едіңіз? - Мен көптен бері адамдардың бөтен жанның сыртынан қарап, әртүрлі ой ойлайтынын байқап жүрмін. Неге десеңдер, жақында қоғамдық көлікте отырғанмын, яғни сендердің тілдеріңмен автобуста. Сонда бір қызықты жағдай болды. Автобус іші жолаушыларға толы еді. Орындықтарда отырған үлкен жасты адамдар. Бірақ сол адамдардың арасында бір жас қыз да отырды. Жүзі өте мұңлы еді. Сол қыздың жанында бірнеше үлкен жастағы әйелдер тұрды. Балалар, қалай ойлайсыңдар, ол қыз неге үлкен жастағы апаларға орын бермей отыр? - Апай, мен айтайыншы? - Айта ғой. - Ол қызға мүмкін ата-аналары үлкенге…

1
0
777

Тараздықтар қандай байланыс түрін қолданады?

БҰҰ Даму Бағдарламасының Астанадағы өкілдігінің шақыртуымен Таразға барып едім. Таразға осымен үшінші рет келуім. Бірақ осы уақытқа дейін Айша Бибі, Тектұрмас мазарларына баруға уақыт таппай жүр едім. Күннің аяз болғанына қарамастан уақыт тауып, қаланы араладық. Жергілікті тұрғындармен кездестік. Тренингте әдетте видео түсірудің оңай, әрі тез монтаж жасау жолдарын көрсететінмін. Бұл жолғы тақырыбымызды "Тараздықтар жиі қолданатын мобильді байланыс түрі" деп алдық. Видео түсіргенде кісілерге: "Бұл тек интернетке шығады" деп айтқанда, пікір білдіруге келісімін берді. Сонысы ұнады :) Студенттердің дені Tele2 ұстайды екен. Сонымен қатар Beeline, Active абонеттерін көптеп кезіктірдік. Үлкен кісілер шамамен 1000 теңгедей жұмсаймыз десе, студенттер мен жұмыс істеп жүрген қызметкерлер 5 000 -6 00…

2
0
554

Kindle Paperwhite электронды кітабына шолу

Сәлем оқырмандар! Бүгінгі тақырыбымда Amazon компаниясының Kindle Paperwhite атты өніміне шолу жасаймын. Электронды кітаптар қазіргі таңда аса жоғары сұранысқа ие. Ал Amazon бұл нарықта алдыңғы қатарда келе жатыр. Өзінің сапалы әрі арзан өнімдерімен нарықта бірінші орында тұр десе де болады. Ал Kindle Paperwhite-тің басты артықшылығы сенсор және кіріктірме көмескі жарықтығы. Жақынырақ танысайық. Amazon Kindle Paperwhite, Kindle Touch өнімінің жалғасы екені мәлім. Алдыңғы нұсқасынан қай жері өзгерген және қай жері артық екенін кестеден көрсеңіздер болады. Amazon Kindle Touch және Kindle Paperwhite сипаттамалары: Kindle Touch Kindle Paperwhite Дисплей Сенсор 6" E-Ink Pearl Сенсор 6" E-Ink Pearl HD + көмескі жарық Кеңейтілімі 800 х 600 1024 х 768 Сенсор Инфрақызыл Ёмкостный (аудармасын таба…

3
6
923

Samsung ATIV Smart PC Pro 700T планшетті компьютерге шолу

Бүгін "Үй" атты лабораториямда жаңа өнім - Samsung ATIV Smart PC Pro 700T. Samsung ATIV Smart PC 500T атты планшеттің жаңартылған түрі немесе ағасы десек те болады. Бұл планшетті компьютерді сатып алуға тұрарлық па? Бәсекелестерінен қай жері артық немесе кем? Өзінің бағасына сапасы жауап бере алады ма? Осы сұрақтарға және де басқа да сұрақтарға бірге жауап іздейік. Техникалық сипаттамалары Samsung ATIV Smart PC Pro 700T Дисплей PLS, 11.6 дюйм, 1920x1080 нүкте, жылтыр, сенсорлы, Wacom дигитайзері Көлемі Планшет: 304x189x12 мм Салмағы планшет: 888 грамм, док-станция: 725 грамм Операциалық жүйе Windows 8 (64-разрядтық нұсқа) Процессор Intel Core i5-3317U, 1.7 ГГц (Turbo Boost 2.6 ГГц дейін) Графика Intel GMA HD4000 Жедел жады 4 ГБ Жинақтаушы mSATA SSD 64 ГБ Байланыс түрлері Wi-Fi 802.11b/g/n…

8
9
2015

«Қазақтарды» патшалық Ресей заманында «қырғыз» деп атауына БАҚтың қандай қатысы бар?

Айтылған сөз, атылған оқ. Ал БАҚ беттерінде абайсыз жазылған сөздің кейде БОМБАға айналуын қазір ақ байқап жүрміз. Кейде әдейі, кейде біреудің қателігімен жазылған мақала адамның болмысы мен тіршілігі түгілі, бүтін бір халықты байырғы атануынан да айыра алады екен. 1734 жылы "Санкт - Петербургские ведомости" газетінде жарық қорген мақалаға және қазақ халқына оның кейінгі әсері қандай болғаны туралы тарқатып жазғым келеді. 1870 жыл. Алқабилер соты. Тарих. Мектепте біз онымен алғаш рет таныссақ, есейгенде өзіміз де сол тарихтың бүгінгі бөлшегі екенімізді түсіне байстаймыз. Абайша айтсақ "кетігімізді тауып, тарих атты зәулім ғимараттан өз орнымызға кірпіш болып қаланамыз". Алайда қандай әрекетпен "қаланамыз"? Кеше біздің қатысымызбен орын алған оқиға, ертең ел тарихының беттерінде мәнгі қала…

Қазақ елінде 143 жыл бұрын түсірілген суреттер АҚШ Конгрессінің кітапханасында қайдан жүр? 140 жыл бұрынғы Оңтүстік Қазақстанның келбеті!

143 жыл бұрын еліміздің оңтүстік аумағында жаппай "фотосессия" ұйымдастырылды. Қалалар мен жергілікті халық тұрмысы, тарихи ескерткіштер мен көне ғимараттар фотограф назарынан тыс қалмады. Бұған арнайы тапсырма болған. Патшалық Ресейдің Ташкенттегі ресми өкілі, генерал-губернатор К.Кауфманның пысықтығы ма, әлде арнайы зерттеу науқаны ма, әзірше белгісіз. Бірақ сол әрекеттің арқасында бізге 140 жыл бұрынғы өмірді көрсететін 1200 жуық сурет жетті. "Түркістан альбомы" атты төрт томдық жинақ 1870 жарық көрді. Бұл туындының толық нұсқасын АҚШ Конгрессінің кітапханасы жақында ғаламтор беттерінде жариялады. Шымкент 1870 жыл. Бүгінгі қаланың келбетіне қарап, бұрын осындай болғанына шынымды айтсам алғашқы кезде сенбедім. Алайда нақты фактқа қарсы болу мүмкін емес ))) Осы көне суреттердегі бүгінгі…

Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Қазір Қазақстан Республикасында 3G интернет қызметін көрсететін компаниялар көп. "Қайсысын таңдаймын? Қайсысы жақсы?" - деген сұрақтар да қаптап кетті. 3G модемдер жайлы ойлап жатқан кезде, бас қалаларымызға 4G да келді. Ол әрине Altel 4g. Ал бүгінгі мақала Altelдің Алматы қаласының әр жеріндегі жылдымдықтарын салыстыру туралы болмақ. Модем туралы қайталап жазбаяқ қояйын. Ол ақпараттың барлығын "Смартшоу" редакторы Рустам Ниязов және Роман Антонов өзінің мақалаларында жазған болатын. Ол мақаларды мына жерде, мына жерде және мына жерде оқи аласыздар. Жылдамдық шынымен 40 Мбит/сек-ке жетеді ме? Әлде кезекті алдану ма? Міне осының барлығын тексеру үшін Алматы қаласының негізгі нүктелерін өзім аралап шықтым. Төменде мекен жай және сол жердегі Интернет жылдамдығын жазып отырамын. Маршрут: 1. "…

Кітап оқығанға қай ридер ыңғайлы?

Заман өзгерді. Халық оқуды азайтып жатыр. Бірі уақыт жоқ, екіншісі керек емес деген сылтаулармен кітап оқудан бас тартып жатыр. Бірақ кітап оқу әрқашан керек болды және болашақта да керек болады. Оның себептерін қазір талқылап жазбаяқ қояйын. Ол өзі жеке үлкен тақырып және тақырыбымыз басқа бағытта болып тұр. Қазір далада 21 ғасыр, сол себепті кітапханамыз өзгерді. Қазір бәрі электронды түрге ауысып жатыр. Енді біз тақырыбымда: "қандай электронды кітап таңдаған дұрыс болар?" - деген сұрақты ашып талқылаймын. Және сатып алар кезде неге назар аударған дұрыс екенін қарастырамын. I Экран a) Экран қандай технологияда жасалғаны өте маңызды. Біздің таңдауымызға 2 түрі келіп тұр; а) Жидкокристалды (аудармасы қандай екенін тегі білмей қойдым;) ) және ә) Электронды қағаз. Бізге әрине екіншісі қолай…

Баламен қайда барамын, немесе оқушыларға Сарай салып берген Школьник

Жұма сайын үйімізде пікір талас басталады. Демалыс күндері қайда барамыз? Керуен, Азияпарк, Ханшатыр және тағы басқа ойын-сауық орталықтарына демалыс сайын барып қомақты сома қалдыру қиындау болып барады. Оған қоса "біреудің пәтері" деген атракционға ай сайын төлеп жатқан жайымыз бар. Сондықтан балаға қызықты, сонымен қатар пайдалы демалыс ұйымдастыруды ойластырып жүрдім. Кеше Астанадағы Оқушылар сарайына жолым түсті. Қатты таң қалдым. Бұл ғимараттың жанында өткен сайын таң қалатынмын. Керемет жобаға сүйеніп салынғаны сыртынан-ақ көрініп тұрды. Өткен демалыс күндері Сарайдың ішіне де кірдім. Ендеше іште жүріп алған әсеріммен бөліскім келеді. Ғимараттың ішіне кірген кез келген адам мына бір конструкцияға назар аударады. Ол үнемі айналып тұрады, ал конструкцияның астында Сарайдың ресми симв…

8
3
2365