Мазмұнға өту
Qaz

Qaz

497 жазбалар4 тіркелуші

Күзгі LookBook: романтикалық бейнелер

Сәлем! Қалың қысқа қарамастан, бүгін назарларыңызға жеңіл киімдерді ұсынғым келеді. Бұл түрлі түсті белдемшелер мен көйлекті Сима есімді әшекей қызға күзде болған сән мерекелерге арнап тіккенбіз. Қысқаша Сима туралы айтып кетсем, ол сұлу және өте стильды қыз. Киімдерінің үлгісін өзі тауып келеді, сосын Әлия толықытырып, тігіп береді. Бізге досынан естіп келген. Тез арада белдемше тігу керек еді. Кейін Симамен жақынырақ танысып, оны фэшн және бьюти әлемінде жұмыс жасайтынын білдік. 1. Бірінші бейне - Қызыл қызғалдақ. Белдемшені қалың тафтадан тіктік. Бұл матаның ерекшілігі форманы жақсы қабылдайды, көп мыжылмайды. Түрлі киім арқылы бейнесін ауыстырып, Сима белдемшені кешкі және күндізгі мерей тойларға киді. Баста белдемше ұзын болатын, етегі тіпті жерде жататын. Симаның қыз жолдас болған о…

Ескі жылдың соңғы премьералары

Сонымен бізге қиял-ғажайыбы бар, атыс-шабысы бар, күлкісі бар, мұңы бар түрлі фильмдерді сыйға тартқан 2012 жыл бірнеше күннен соң «шаң басқан архивтерден табылады». Өткен жылға Киностан үлкен көлемді шолу жасап жатыр (әлемдік фильмдерге, қазақстандық туындыларға және 2013 жылы елге келетін премьераларға), оны сіз, құрметті оқырман, осы апта бойы сайттың «Мақала» атты бөлімінен тауып, оқып отыра аласыз (ол жерде басқа да «ммуа» материалдар бар:)). Бүгін біз жылдың соңғы аптасында қазақстандық кинотеатрлардың төріне шығатын туындылар туралы азды-көпті әңгіме айтамыз. Cirque du Soleil: Алыстағы әлемдер / Cirque du Soleil: Сказочный мир в 3D Осы аптаның ең үлкен премьерасы десе де болады. Заманауи цирк өнерінің алдыңғы қатарлы өкілі, құрамында 4 000-нан астам адам қызмет атқаратын Cirque du…

2
2
1371

Бала тәрбиелеудің 9 өсиеті.

Әр ата-ана «баланы қалай тәрбиелеу керек?» деген сұраққа жауап іздейді. Баланы қалайша тәуелсіз, бірегей, мақсатты және жинақы етіп тәрбиелеуге болады? Бала тәрбиесі – ауыр да үздіксіз еңбек екенін бәріміз де білеміз. Сондай-ақ, бала біреуге қарап еліктейтіні айдан анық. Сондықтан да, ата-аналар бала үшін ең бірінші «модель» болады. Мысалмен айтатын болсақ, әкесі баласына: «Тамақ ішпес бұрыс қолыңды жу» деп, өзі жұмыстан келген бетте сол талапты орындамаса, балаға қанша ұрысқанымен ол әкесінің жасағанын/жасамағанын істейді. Бұл кезде тәрбие берудегі қақтығыс – «ережелік» талап ету мен нақты іс-әрекеттің сай келмеуі пайда болады. Осы қайшылық түсінбеушілік пен қарсылықты туғызады. Әрине, әр отбасының бала тәрбиелеудің өз түсініктері бар. Бірақ, тәрбие берудің қандай тәжірибелері бар екенін…

5
8
95871

Bale-нің басталуы

Кіріспе немесе "Bale"-нің басталуы Тұңғыш рет FIFA 07-ні 2007 жылы ойнадым. Ол кезде қазіргідей футболдың фанаты емес едім, әрі ойыншыларды да толық танымайтынмын. Үйдегі компьютер ескі болса да, ФИФА-ны тартуға жетіп жатты. Колледжден келе сала монитор алдына қонжиямын. ФИФА-ны ойап көрсеңіз, менеджерлік карьераны білетін шығарсыз. Маған сонысы қызық. Өзіңді клуб қожайыны тәрізді сезінесің. "Барселона" жанкүйері болғандықтан, сол клубпен футболдық "өмірімді" бастаймын. Клубқа жаңа ойыншы сатып алу, талантты жастардың көз алдыңда өскенін көру қандай ғажап... Мессидің жұлдызға айналуы секілді қызықтар көп. Карьерада маған ең ұнамайтыны "Барселонаның" сол қанаттағы қорғаушылары кәрі болатын. Силвиньо 33, Джованни ван Бронкхорст 32 жаста еді. Бір жылдан кейін екеуінің де спорттық формасы аза…

3
3
1050

Әйгерім Қалаубаева, әнші, тележүргізуші: «Аймақтар аламаны» көрермендердің сүйіп көретін бағдарламасына айналады

- Әйгерім, жақында Тұрсынбек Қабатов екеуіңіз «Аймақтар аламаны» атты жаңа бағдарламаның жүргізушісі болады деген хабар естіп жатырмыз... - Иә, ақпаратыңыз өте дұрыс. Тұрсынбек екеуміз аталған бағдарламаны жүргізбекпіз. Бір ерекшелігі - сайысқа кез келген өнерлі адам келіп қатыса алмайды. Қазақстанның он төрт облысынан іріктелген өнерпаздар ғана қатысады. Он төрт облыс өкілдері қазылар алдында өнер көрсете отырып, ұпай жинайды. Жинаған ұпайлары арқылы іріктеліп, ең соңында бір облыс жеңімпаз атанады. - Бағдарлaманың негізгі тұжырымдамасы қандай? - Жобаның мақсаты - өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу. Әр облыстың тұрғындары жанкүйер болып, жерлестеріне қолдау көрсетеді. Байқау барысында елімізге жаңа есімдер мен жаңа жұлдыздар белгілі болады деген үміттеміз. - Ойынның жалпы ережесі…

1
2
4052

Жаңа премьераларға шолу: Мелодрамалар шеруі 2

Достар, естеріңізде болар, өткен жолғы шолуда біз апта премьераларының арасында мелодрамалардың ерекше көптігін айтқан болатынбыз. Осы аптада шамамен сол жағдай қайталанып отырған секілді. Оған қоса бонус ретінде Голливудта түспеген екі бірдей мульфильм бар. Мұндай туындылардан қажып жүрсеңіз тұңғыш қазақстандық фэнтези деп желеулеткен «Аңыздар кітабы: жұмбақ орман» мен танымал актерлар түскен «Тұзақ» атты қылмыстық драма прокатқа шықты. Таныса отырыңыздар. 10 жыл / 10 лет спустя IMDb көрсеткіші бойынша көрермендердің орташа бағасын алып отырған «10 жыл» бәз-баяғы махаббат тақырыбын қозғайды. 10 жылдан бас қосқан сыныптастар кездесуіне Джейк өзінің сүйіктісін ерте келеді. Өзге жұрт қызыға да, қызғана қарайтын жұп ә дегеннен-ақ сезімде жолдары болған жандарды көрсетеді. Алайда Джейк алғашқ…

2
0
1072

Мен, Аарон Кросс немесе Борнның болымсыз мұрасы

2002 мен 2007 жылдар аралығында жарық көрген, шпиондық экшн десе ішкен асын жерге қоятын киномандардың қанына ләззат алатын адреналин жіберген «Борнның жеке тұлғасы», «Борнның үстемдігі» және «Борнның талабы» сериясы алып мемлекеттің тыңшысы туралы арғы-бергі тарихтағы ми қайнатып, ой шайқайтын ең үздік франшизалардың бірі һәм бірегейі болып отыр. Басқаны қойып өзін-өзі пародиялауға көшкен Бондты тағынан тайдырып, тәжісін басына салған Борн шаппа-шап төбелес пен адам жанының тереңін қатар салмақтаған күрделі фильм ретінде елдің көңіліне майдай жаққан-ды. Жеке өзім әлі күнге араға аз уақыт салып осы үш фильмді қайта-қайта көруден жалықпаймын. Содан болар актерлік құрамы әжептеуір өзгеріске ұшыраған «Борнның мұрасын» әбден күттім. Тіпті Қазақстанға кедендік проблемалардың кесірінен кешігіп…

3
1
929

Жаңа премьераларға шолу: Борннан Бригадаға дейін

Достар, өткен аптада сәтті басталған, алғашқы кірпіші қаланған дәстүрімізді ары қарай жалғастырсақ деп отырмыз. Сіздердің назарларыңызға бүгін, 29 қарашада қазақстандық кинотеатрларда кейбірі жапа-тармағай, кейбірі таңдалып көрсетілетін жаңа туындыларға жасалған шолуды ұсынамыз. Фильмдер тізімі аса бай, жан-жақты болып көрінбегенімен де, арасында ауыр салмақтағы бір жоба бар. Бірақ, бәрін рет-ретімен жазсақ... Сөздер / Слова Сценарий жұмысын Брайан Клагман мен Ли Стернтал сонау 1999 жылы жазып, ортақ достары Брэдли Куперден басты рөлді ойнау туралы уәдесін 2009 жылы алып қойған екен. Фильм Рори Джэнсен атты жазушының қиын жағдайын баяндайды. Өзіне танымалдылық әкелген романды басқа біреудің жазуы және бас кейіпкердің оның алдында келтірген азабы үшін жауап беруі Джереми Айронс, Оливия Уай…

2
2
995

Қазақстандық кинопрокатта осы апта жарық көретін премьераларға шолу

Оқырман айып етпес, керісінше көпшілікке бір пайдамыз тиер деген үмітпен осы аптадан бастап жеті сайын қазақстандық прокатқа шығатын отандық және әлемдік жаңа туындыларға шолу жасап отыруды жоспарладық. Тілек, талап, ұсыныстарыңыз қуана-қуана, басты шұлғыта-шұлғыта қабылданады. Үлкен экрандарға алды бүгін шығып кеткен бір топ фильм ертеңнен, яғни қарашаның 22-сінен бастап жер-жерде жаппай көрсетіледі. Рет-ретімен соларға тоқталсақ. Ғаламтордағы махаббат/Виртуальная любовь Режиссер Әмір Қарақұлов түсірген қазақстандық комедия һәм мелодрама. Жиырма бірінші ғасырда жаппай жер-жаһанды басып қалған виртуалды сөз алмасу жайлы туынды бір қарағанда бәріне белгілі, бірақ өзекті өмір желісімен түсірілген. Қызметтес жігітті көзге ілмейтін, есіл-дерті Интернеттегі танысындағы тәкаппар сұлу қыздың шын…

4
5
1912

Жастардың ашық пікірі немесе көз бояушылық

16 қараша күні елордамыз - Астана төріңде үлкен іс-шара өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен белсенді жастардың "Жас Отан" ЖҚ бастарын қосу арқылы, болашаққа көзқарастарын біліп, ортаға ойлары тасталды. Ресми ақпарат көздерінің жариялануы http://www.khabar.kz/kaz/world/Bugin_Zhas_Otan_ZhK_II_syezi_otti.html Бұл жиналысқа елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтан басқа, саяси қазағымыздың нағыз май-қаймақтары, қоғам қайраткерлері және жалпы жастардың келешегіне бей-жай қарамайтын азаматтар жиналды. Сөйлеген жастар, жылтырлағанның барлығын алтындай елестеп, өмірде болып жатқан өзгерістерге жалған көзқараспен қарайтыны сияқты сыртынан қоғамға солай елестетілді. Қазіргі таңда, жастарды қолдау шаралары біршама көбейді. Әйткенмен, саны өсіп, сапаның жоғарылмауы өкінішті жағдай. Үкімет тарапынан жастарды қолдау б…