Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qaz

Тараздықтар қандай байланыс түрін қолданады?

БҰҰ Даму Бағдарламасының Астанадағы өкілдігінің шақыртуымен Таразға барып едім. Таразға осымен үшінші рет келуім. Бірақ осы уақытқа дейін Айша Бибі, Тектұрмас мазарларына баруға уақыт таппай жүр едім. Күннің аяз болғанына қарамастан уақыт тауып, қаланы араладық.

Жергілікті тұрғындармен кездестік. Тренингте әдетте видео түсірудің оңай, әрі тез монтаж жасау жолдарын көрсететінмін. Бұл жолғы тақырыбымызды "Тараздықтар жиі қолданатын мобильді байланыс түрі" деп алдық.

Видео түсіргенде кісілерге: "Бұл тек интернетке шығады" деп айтқанда, пікір білдіруге келісімін берді. Сонысы ұнады :)

Студенттердің дені Tele2 ұстайды екен. Сонымен қатар Beeline, Active абонеттерін көптеп кезіктірдік. Үлкен кісілер шамамен 1000 теңгедей жұмсаймыз десе, студенттер мен жұмыс істеп жүрген қызметкерлер 5 000 -6 000 теңгедей жұмсаймыз дейді.

2
0
531

Осы тақырып бойынша