Мазмұнға өту
Оқи қалар оқиғалар
63 жазбалар3 тіркелуші

Абай облысында орман өртенді

Абай облысы Бородулиха ауданындағы "Семей Орманы" МОТР филиалының аумағында орман отқа оранды.

undefined
Фото: @qazaqstantv

Бұл аймақ батпақты жерде орналасқан. Сондықтан оған жету қиын.

Тілсіз жауды ауыздықтауға Абай облысы ТЖД және орман шаруашылығы күштері жұмылдырылды. Өрт аумағы нақтыланып жатыр.

Сағат 15-04-те, алдын ала болжам бойынша, 0,22 га аумақтағы өрт оқшауланған.

undefined

0
0
480

ШҚО-да жер сілкінді

Жер сілкінісі Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында сезілді.
undefined
ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 24 сәуір сағат 11:19-да жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 760 км жерде орналасқан.
ШҚО-ның Зайсан ауданына қарасты Тасбастау ауылында жер сілкінісінің сезілуі 2 балл болды.

0
0
303

Қазақтың даласы мен қаласына су тасқынынан кейін өрт келіп жатыр

Алматы облысының Балқаш ауданында қамыс пен шөп өртін сөндіру жұмыстары жалғастырылды.Елді мекендерге қауіп жоқ.Су ағызу құрылғысы бар «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағымен өрт ошақтарына әуеден 65 рет жалпы көлемі 195 тонна су төгілді.Авиациялық техниканы пайдалану және жетуі қиын жерлерге орман шаруашылығының қызметкерлері мен өрт сөндірушілерді жеткізу сияқты қабылданған шаралардың арқасында жекелеген өрт ошақтары сөндіріліп, жақын маңдағы шаруа қожалығы аман қалды.Шымтезек, жетуі қиын, батпақты жерлер және үнемі өзгеріп отыратын қатты желдің болуы өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын қиындатты.Өртті сөндіруге ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, жергілікті тұрғындар жұмылдырылып, ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды.Алматы облысының өрт сөндірушілері өртті жойды.Іле аудан…

0
0
375

БҚО-да тасқын судан құлындар құтқарылды (видео)

undefined

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы Бударин ауылында Түркістан, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының құтқарушылары тасқын суларда батып бара жатқан жылқылар мен олардың құлындарын құтқарды. Сөйтіп, жануарларды құрғақ қауіпсіз жерге алып шықты.

https://t.me/qr_tjm

0
0
405

Степногорда жүздеген литр май мен бірнеше автокөлік өртенді (видео)

Ақмола облысының Степногор қаласындағы Заводская кентінде автокөлік және автокөлік заттарының қоймасы өртенді.

undefined

Болжам бойынша, қызыл жалын 500 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт салдарынан 600 литр пайдаланылған май мен 600 литр таза мотор майы және 3 жеңіл автокөлік жанды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылған.

https://t.me/qr_tjm

0
0
411

Қостанайда алапат өрт болды

Бүгін түс кезінде Қостанайда құрылыс материалдары мен тұрмыстық химиясы бар қойма өртенді.

undefined

Қызыл жалын 1100 шаршы метр аумақты шарпыған.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Түстен кейін өрттің оқшауланғаны хабарланды. Сағат 16:31-де ол толығымен сөндірілді.

0
0
467

БҚО-да құтқарушылар күні-түні тоқтаусыз жұмыс істеді

Орал қаласының маңындағы су басқан саяжай алаптарының аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Әуеде тікұшақ жұмыс істеді. Адамдармен қатар ит-мысықтар да құтқарылды.Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында құтқарушылар мен жергілікті медицина қызметкерімен 2 моторлы қайықпен адам құтқарды.Қарағанды облысының күштері мен құралдары БҚО учаскесінде Вишенька саяжайында, Меловые горки, және Мясокомбинат саяжайларындағы су тасқынына қарсы жұмыстарға жұмылдырылды.Орал қаласының Самал ықшамауданында Маңғыстау облысы ТЖД жиынтық тобы бөгетті нығайту мақсатында қаптарды жағалау қоршауын инертті материалдармен толтыру және төсеу бойынша жұмыстары жалғастырылды. Су тасқынына қарсы шараларды жүргізу мақсатында Батыс Қазақстан облысына Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, Маңғыстау қалалары…

0
0
328

Атырауда үш айлық нәрестені өрттен құтқару сәтінің видеосы тарады

Атыраулық өрт сөндірушілер 4 адамды құтқарды.

undefined
Кеше кешке Атырау қаласында 10 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында өрт шықты. Төтеншеліктер өрт сатысы арқылы 4 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды.

Қызыл жалын көп ұзамай толық сөндірілді. Оттың тұтану себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.

0
0
300

Алматыда нөсер жауын салдарынан көшелерді су басып жатыр (видео)

Бүгін Алматыда жаңбыр шелектеп құйды. Соның салдарынан аяқжол мен көшелерге су жайылып жатыр.Қаланың коммуналдық инфрақұрылым басқармасындағылардың хабарлауынша, нөсер жауын жаууына байланысты түнде сусорғышпен, ілгекті бақанмен және тағы басқа құралдармен қамтылған 52 бригада ұйымдастырылған. Олар арықтардың кептелуін болдырмау, кей жерлерді су басып қалмауын қадағалау бағытында жұмыс істеуде.  Сондай-ақ коммуналшыларда құм толтырылған 2,3 мың қап бар екен. Түндегі жұмыстарға барлығы 236 арнайы техника, 28 сусорғыш және 215 жолшы тартылған.Ал күндізгі жұмыстарға 425 арнайы техника мен 802 жолшы шығарылады деп жоспарланыпты.Жалпы, бүгін ауа райы жауын-шашынды болады. Түнде таңертең тағы нөсер жауын жауып, найзағай ойнайды деп күтілуде. Оның үстіне секундына 15-20 метр жел тұрады. ten…

0
0
314

БҚО-да киіктер жаппай қырылды

Батыс Қазақстан облысындағы су айдынында киіктер қырылып қалған.

undefined

Су айдынынан жүздеген түз тағысының өлексесі табылғанын Бөкейорда ауданы Мұратсай кентінің тұрғындары кеше хабарлады.

Кейбіреулер 2 мыңға жуық киік өлген деп отыр.

Ақбөкендер қырылған жерге "Охотзоопром" қызметкерлері барған. Олар өлекселерді шығарып, жоюмен айналысуда.

Мамандардың болжамы бойынша, қыстан кейін әбден әлсіреген киіктер жағалауға жете алмай, суға батып кеткен.

Бірақ бұл жағдайға қатысты тағы бір болжам бар. "Охотзоопром" қызметкерлері түз тағыларын төбеден дронмен түсіреміз деп үркітіп алған (төмендегі видеода). Үріккен киіктер жаппай қаша жөнеліп, судан өтіп жатқан кезде бір-бірін таптап, бір бөлігі суға батып өлген.

https://t.me/uralskweek_official

0
0
379