Мазмұнға өту
Оқи қалар оқиғалар
63 жазбалар3 тіркелуші

Елордадағы резеңке бұйымдар қоймасында алапат өрт болды

Астананың Сарыарқа ауданында қоймадағы резеңке бұйымдар өртенді. Қызыл жалынның қызуы қатты болды.

undefined
Өртті сөндіру кезінде резеңке бұйымдардың жоғары температурада жануы қатты қиындық тудырды.
Қазір Астана қаласы ТЖД жеке құрамның 61 адамы және 15-ке жуық техникасы жоғары дәрежелі шақыру бойынша жұмыс жүргізді.

Түнжарымда тұтанған өрт таңертеңі саға 8:46-да сөндірілді. Өрттің аумағы - 500 шаршы метр.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

0
0
296

Шахтинскіде әйел адам тоғызыншы қабаттың балконынан құлады (видео)

Қарағанды облысында көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатынан әйел адам құлады.

undefined

Оқиға бүгін Шахтинск қаласында болған. Биіктен құлаған әйел 44 жаста екен.

Тоғызышы қабаттан құлау оңай емес, әрине. Ол сол жерде қаза тапты.

Бұл дерек полицияда тіркелген. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Видеоны жүрегі нашар және тым сезімтал адамдар көрмегені жөн!

https://t.me/kriminal_kazakhstan

0
0
372

Атырау облысында су басқанда қыстақ жақтан өте алмай қалған тұрғын құтқарылды

Атырау облысында қыстақта қалып қойған адам құтқарылды.
undefined
Атырау облысының Жылыой ауданындағы Жем өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты елді-мекендерге қауіп төнді.
Атырау облысы ТЖД құтқарушылары тұрғындарға және олардың төрт түлік малдарын қауіпсіз жерге көшіруге көмек көрсетуде.
2024 жылғы 7 сәуірде Жылыой ауданы Құлсары қаласы Дүйсеке ата қыстағынан 1982 ж.т азамат құтқарылды. Өңір тұрғыны Маңғыстау облысы ТЖД, Атырау облысы ТЖД құтқарушыларына алғыс білдірді.

https://t.me/qr_tjm

0
0
332

Атырау облысында суға батып, жоғалып кеткен адамдар табылды

Бүгін 7 сәуір күні Атырау облысында таңғы сағат 11 шамасында ТЖД құтқарушылары екі адамның денелері табылды.

undefined

Кеше Жылыой ауданының Құлсары қаласында 1974 жылы туған ер адам досымен бірге рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен бара жатқанда, жолдан шығып аударылған еді.
Сода оларды Іздеу жұмыстарына жеке құрамнан 3 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылды.
ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады.

https://t.me/qr_tjm

0
0
383

Қостанайдың бүгінгі жағдайы (видео)

Қостанай қазір төмендегі видеолардағыдай болып тұр. Бұл бейнежазбаларды «Sputnik Қазақстан» (https://t.me/sputnikKZ) телеграм-арнасының оқырмандары су басқан аумақтан жіберіпті.

Қостанай облысында Тобыл өзенінің деңгейі күрт көтеріліп кеткен. Бүгін оның тереңдігі 825 см-ге дейін жетуі мүмкін. Ал ең жоғары көрсеткіш – 600 см. Сосын су деңгейі төмендейді деп күтілуде.   

Бұл аумақтан 4 мың адам, соның ішінде мыңнан аса бала қауіпсіз жерге шығарылған.

0
0
257

Су басқан Жылыой өңірінен 28 жарым мыңнан аса адам құтқарылды

Құтқарушылар Құлсары қаласының тұрғындарына көмек көрсетіп жатыр.
undefined
Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасуда. Құтқарушылар тұрғындар мен олардың үй жануарларын эвакуациялауға көмек көрсетті.
Осы сағатта Жылыой ауданында 28 501 тұрғын, оның ішінде 6 781 бала эвакуацияланған.

0
0
348

Ақтөбенің орталығын су басып қалды

Ақтөбе қаласының қақ ортасынан өтетін Сазды өзені тасып жатыр.

Өзенде таңнан бастап сел жүріп, мұз бөліктері кептеліп қалған. Содан судың жүруіне кедергі келіп, ол арнадан аса бастайды. Сөйтіп, қаланы су басып қалды.

Ақтөбе облыстық ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісовтің айтуынша, мұздың қалыңдығы - 40-50 см.

"Мұз кептелісін жою мақсатында жергілікті атқарушы орган, әскери қызметкерлер, ТЖД, полиция қызметкерлерінен 157 жеке құрам, 50-ден аса техника жұмылдырылды. Бірінші кезекте өзенді мұздан тазалау жұмыстары қолға алынып жатыр. Құм, инертті материалдар үздіксіз тасымалданады. Әскерилер қапқа құм толтырып, жағаларды бекіту жұмыстарына кірісті", - деді Жүнісов.

0
0
304

Өткен түнде су басқан ауылдардан 150-ден астам тұрғын эвакуацияланды

Осы түні ҚР ТЖМ Республикалық жедел штабының үйлестіруімен Жаңақала, Екіді, Аққысы, Қызылжұлдыз ауылдарының және Қостанай облысының 9 қыстағының тұрғындарын эвакуациялау бойынша құтқару операциясы жүргізілді. Іс-шара Қорғаныс министрлігінің Әуе кемелерінің көмегімен өтті. 150-ден астам жергілікті азамат құтқарылды, олардың 63-і кәмелетке толмағандар. Тікұшақтардағы адамдар Арқалық қаласының эвакуациялық пункттеріне жеткізілді.

t.me/qr_tjm

0
0
396

БҚО-дағы Аңқаты ауылында 16 үйге су кірді

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы Аңқаты ауылында да тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бұл елді мекенде жауын-шашынның мол түсуі және дала аймағында еріген қардың суына байланысты 16 тұрғын үйге су кіріп, сондай-ақ, 8 аула аумағын су басты. Қазіргі уақытта 27 тұрғын мектеп-интернат ғимаратына көшірілді. Үй жануарлары мен құстар қауіпсіз жерлерге шығарылды. Су деңгейін түсіру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жалпы бөгенді ашу жұмыстары жүргізілді.

t.me/qr_tjm

0
0
315

Су басқан ауылдардан адамдарды эвакуациялау жалғасып жатыр

Төтенше жағдай қызметінің мамандары 37 адамды, оның ішінде 18 баланы құтқарды.

Бүгін Қостанай облысының Қызыл Жұлдыз ауылында ТЖД күштерімен, 52859 ә/б жеке құрамымен және ЖАО-мен халықты эвакуациялау жүргізілуде.

Қазіргі уақыт бойынша 37 адам, оның ішінде 18 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Тұрғындарды эвакуациялау жалғасуда.

0
0
292