Мазмұнға өту
Оқи қалар оқиғалар
63 жазбалар3 тіркелуші

Ақтөбе облысында жол апатынан ерлі-зайыпты мұғалімдер мен депутат қаза тапты

Қайғылы оқиға 9 мамырда Самара-Шымкент тас жолының Ырғызға жақындап қалған тұсында болған.
undefined
ВАЗ жеңіл көлігі бір бағытта келе жатқан МАН жүк көлігінің артынан соғады. Соның салдарынан жеңіл көліктегі 3 адам қаза тапқан.
Көлікті Ырғыз мектебінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген 45 жастағы мұғалім жүргізіпті. Ол ауруханаға түскен соң қаза тапқан. Оның әйелі оқиға орнында көз жұмды. Әйел де сол мектепте бастауыш сыныптың мұғалімі болып жұмыс істеген. Олардың артында мектеп жасындағы 3 бала қалды. Көз жұмған үшінші жолаушы Ырғыз ауданы мәслихатының 28 жастағы депутаты, ауданның ветеринар дәрігері болған.

Ақтөбе облысының полиция департаменті болған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

t.me/qaz365kz

0
0
566

Іле Алатауында 3,5 мың метрге жуық шыңға шыққан қыздың халі нашарлап қалды

Іле Алатауында жағдайы нашарлаған туристке ТЖМ құтқарушылары көмекке барған.

undefined

9 мамырда 4 турист Шымбұлақ шыңына (3450 м) шыққан. Жоғарыға жеткен соң бір қыздың халі нашарлап, өздігінен түсе алмай қалады.

"Көмек көрсету үшін оқиға орнына Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары, оның ішінде кинологиялық құрам жіберілді. Түнде РЖҚЖ құтқарушылары туристерге жетіп, екі қызға алғашқы көмек көрсетіп, оларды төменге алып түсті", - деп хабарлайды t.me/qr_tjm.

Сөйтіп, туристер Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырылған.

0
0
529

Түркістан облысындағы тауда ер адамның жүрегі тоқтап қалды

Төлеби ауданындағы таулы аймақта орналасқан Қасқасу ауылы аумағына демалуға барған 51 жастағы ер адам қайтыс болды.

undefined

Фото: alashaqparat.kz

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қасындағы жолдастары жедел жәрдем шақырғанымен дәрігерлер жетемін дегенше науқастың жүрегі тоқтап қалыпты. 

"Жедел жәрдем келгенге дейінгі биологиялық өлім болды. Өлім себебі белгісіз", - дейді басқармадағылар.

0
0
377

Шымкентте кофе мен сүт өнімдері жанып кетті

Шымкенттегі кофеханалардың бірінде өрт болды.

undefined

От бұл мекеменің қойма бөлмесінде тұтанған. Онда кофе мен сүт өнімдері болыпты.

"Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда", - деп жазады t.me/qr_tjm.

0
0
408

Шымкентте келіншек шала туған баласын перзентханаға тастап кеткен

Оқиға кеше кешкісін болған. Әйел шақалақтың денесін Шымкенттегі №2 принаталдық орталыққа қорапқа салып әкеп, ғимарат ішіне тастап кетіпті.

undefined

Қорапқа бір тілім қағазға жазылған хат та болған. Бірақ онда не айтылғаны белгісіз.

Дәрігерлердің айтуынша, іштегі шақалақ төрт айлық кезеңге сай келеді.

Олар келіншек оны ерте толғақ келтіретін дәрі ішіп туған болуы мүмкін деп отыр.   

0
0
396

Алматыда жер үй өртенді

Алматылық өрт сөндірушілер жер үйдегі өртті сөндірді.
undefined
Алматыда жеке тұрғын үйдің шатыры жанып, шаруашылық құрылысқа көшті.
Өрт сөндірушілердің күшімен жалпы ауданы 150 шаршы метрдегі өрт 46 минут ішінде сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

https://t.me/qr_tjm

0
0
454

Ақмола облысында 85 жастағы тұрғын пәтерінде бір тәулік бойы сынықпен жатқан

1939 жылы туған әйел адам құлап, білегін сындырып алған. Бір тәуліктен кейін туыстары пәтерге кіре алмағандықтан ТЖ қызметкерлерін шақырған.

undefined
Ақмолалық құтқарушылар 4-қабаттағы пәтерге автосатының көмегімен терезе арқылы кірді.
Өрт сөндірушілер есікті ішінен ашып әйел адамды жедел жәрдем қызметіне тапсырды.
1939 жылы туған әйел адам құлап, білегін сындырып алған. Бір тәуліктен кейін туыстары пәтерге кіре алмағандықтан ТЖ қызметкерлерін шақырған.
Ақмолалық құтқарушылар 4-қабаттағы пәтерге автосатының көмегімен терезе арқылы кірді.

0
0
354

Ақмола облысында ер адам ыс тиіп қайтыс болды

Бұл қайғылы жағдайға пештегі ақау себеп болған.

undefined

"Осы түні Ақмола облысында Жаңақима ауылдық округінде жеке тұрғын үйлерінің бірінде жылыту пешінің ақаулығынан 50 жастағы ер адамның өлімі орын алды. Оқиға орнынан мәйіт табылды. Алдын ала болжам бойынша: көміртегі тотығымен уланған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде", - деп жазған https://t.me/qr_tjm.

0
0
332

СҚО-да әпкесі мен інісі асылып өлді

Әлеуметтік желіде Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Имантау ауылында болған қос бірдей суицид туралы ақпарат тарады.
undefined
Фото: baigenews.kz

«Жексенбі күні кішкентай баланың 22 жастағы анасы жер үйдің қорасында асылып өлді. Бұл сұмдық жағдай оның он жеті жасар інісіне қатты әсер еткен. Сөйтіп, жасөспірім орманға қарай жүгіріп кетіпті. Содан кейін ол да асылған күйінде табылған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», - делінген әлеуметтік желідегі хабарламада.
Жарияланған мәліметтерге қарағанда, әпкесі мен інісі ата-әжесінің қолында өскен. Әкесі қайтыс болған, шешесі кетіп қалған. Қыз жақында тұрмысқа шығып, бала туыпты. Сол сәбиі қазір 1 жастан асқан.


https://t.me/kriminal_kazakhstan

0
0
413

Оралда өрт болған көпқабатты үйден 50-ден аса адам эвакуацяланды

БҚО орталығы - Оралда тұрғын үйдің 7 қабатындағы бір пәтерден өрт шықты.
undefined

Оқиға орнына жылдам жеткен өрт сөндірушілер 53 адамды, оның ішінде 18 баланы эвакуациялаған.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмыстарының арқасында, өрт 18 ш.м алаңда сөндірілді.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Өрттің себебі анықталуда.

https://t.me/qr_tjm

0
0
286