Еңбек ресурстарының қозғалысы: Қазақстанның оңтүстігінен 12 отбасы Қостанай облысына көшті
Отбасылардың ер адамдары жұмыстарға орналастырылды, олармен әлеуметтік келісім шарттар жасалады, көшіп-қонуға арналған субсидиялар, тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерді төлеу қызметі қамтылған. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Гүлнәр Әбенова айтқандай, осы мақсаттарға шамамен екі миллион теңге жұмсалды. «Барлығы аумақтық ұтқырлықты арттыру аясында биылғы жылы 30 отбасына ерікті түрде көшуге жәрдемдесу жоспарланған. Бұл қоныс аударған 112 адам. Алматылық, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан 12 отбасы қоныстанушылар қабылдаудың облыстық квотасына енді. Олардың көшіп келуіне 1,8 млн теңге көлемінде қаражат жұмсалды. Оралмандарға келетін болсақ, 25 отбасы облыстық квотаға кірді, оларға көшіп-қону үшін субси…
