10 жыл бұрын кәсіпкерді өлтіргені үшін сотталған Тоғаевтың кассациялық шағымы қаралды
Осыдан он жыл бұрын батысқазақстандық белгілі кәсіпкер Виталий Каркуланы өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Азамат Тоғаевтың кассациялық шағымын Жоғарғы сот қарады.Фото: t.me/Jogargy_sot Тоғаев осы жылдың ақпан айында өзіне қатысты сот актілерін қайта қарау, өзінің іс-әрекеттерін саралаудың дұрыстығына, сондай-ақ жазалау шарасына дау айтып өтінішхат берген.Оны қараған Жоғарғы Соттың сот алқасы бұрынғы сот актілерін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарды, яғни жазасын өтеушінің өтінішхаты қанағаттандырылған жоқ.1Өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі тағайындалған жаза жасалған іс-әрекеттердің қоғамға қауіптілігін, әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануын құрайтын бұрын сотталған Тоғаевтың жеке басын және соңғысының аса белсенді қылмысты рөлін ескере отырып, заң…


