
Атырауда тура Отан қорғаушылар күнінде әскери бөлімнен жауынгер қашып кетті
Ол өзін қуғандарға қарсылық білдіріп, оқ атқан.

Мамырдың 7-сінен 8-іне қараған түні жауынгер 41433 әскери бөлімінен қару мен оқ-дәрілерді алып қашып кетті.
Ұстауға талпынған кезде ол оқ атқан. Осыдан кейін әскери бөлім қызметкерлері мен полицейлердің «Арлан» арнайы бөлмшесі мен ҰҚК-ні көмекке шақыруына тура келген.
Ақмола облысынан осы жылы 18 сәуірде шақырылған бұл жауынгер өзімен бірге АК-74 автоматы мен 120 оқ-дәрі алып кетіпті.
Қашқын ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
t.me/guwonline
Байжанов соңғы сөзінде не айтты?
Бүгін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында "қылмысты жасырды" деп айыпталған Бақытжан Байжанов та соңғы сөзін айтты.

Ол қылмысты жасырса, өзін ешқашан кешірмейтінін жеткізді.
"Мен білген жоқпын, ант етемін. Егер білсем, осы әрекеттердің бірде бірін жасамайтын едім. Менің әрекеттерім қылмысты жасыру ретінде қабылданатынын түсінбек түгілі болжаған да жоқпын. Егер мен шынымен саналы түрде жантүршігерлік қылмыстың ізін жасыруға көмектессем, онда мен өзімді қорғамайтын едім, өз-өзімді кешірмейтін едім", - деді Байжанов.
Бишімбаев сотта соңғы сөзін айтты
Әйелін өлтірді деп айыпталып жатқан экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев бүгін соттағы соңғы сөзін алқабилерге арнады.

Ол соттың алқабилермен өтуін өзі қалағанын жеткізді.
«Бұл мен үшін оңай таңдау болған жоқ. Елімізде бұл істі білмейтін адам қалған жоқ. Әлеуметтік желілерде пиар компаниялар, мені жеккөрінішті етіп көрсету, істі бұрмалау, мені және менің отбасымды қаралау науқаны жүргеніне қарап кез-келген алқабидің маған қарсы екенінен қауіптенемін. Соған қарамастан мен және менің қорғаушыларым ашық алқабилер сотына жүгіндік. Менде тек бір мақсат болды. Ең құрығанда 10 адамға сол қайғылы түн туралы шындықты дәлелдеу, Салтанат екеуміздің қарым-қатынасмыз қандай болғаны туралы айту», - деді айыпталушы.
Жамбыл облысында есірткі сатушылар ұсталды
Таразда есірткі сатушылардан мефедрон тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жамбыл облысының полициясы синтетика сатушылардың қызметін тоқтатты. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.Ұзақ уақыт бойғы жедел-тергеу іс-шаралар кешенінің нәтижесінде есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар 2 күдікті – Тараз қаласының 34 және 32 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталды. Олар синтетикалық есірткіні облыс орталығы аумағында таратқан. Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктілердің бірінің үйіндегі жатын бөлмесінен жалпы салмағы 122,37 гр мефедрон синтетикалық заты жасырылған орын табылды. Яғни 330-дан астам доза есірткінің тұтыну үшін таралуына жол берілмеді, оның қара нарықтағы құны 5,5 миллион теңге сомасына бағаланады. "Екі жақын дос Тараз қаласында…
Бишімбаевқа қатысты сотта прокурор Абайдың сөзін тереңірек оқу керектігін айтты
Қуандық Бишімбаевтың сотында жарыссөз жалғасып жатыр.

Прокурор Айжан Аймағанова бұған дейін сотталушы Қуандық Бишімбаевтың қорғаушысы өз сөзінде келтірген Абайдың "Қара сөздерінен" үзінді "контекстен үзіп алынған" деп мәлімдеді.
"Абайдың үшінші сөзіне келсек. Десе де қорғаушы тарап контекстен үзіп алған, өйткені Абайдың "Қара сөздерін" түгел оқысаң, мағынасы мүлде басқа. Және Абайды тереңірек оқу керек. Құрметті сот! Мен көп нәрсені айтқым келеді, бірақ бұл ескерту болғандықтан, бұл қысқаша қарсылығымыз", - деді Аймағанова.
Қуандық Бишімбаевқа қатысты ашық сот отырысы (3.05.20224 ж. 1-бөлім)
Бишімбаев Нүкенованы жатырымен ант етуге мәжбүрлеген – марқұмның ағасы
Бүгін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында жарыссөз басталды. Фото: t.me/Jogargy_sot Алдымен судья екінші айыпталушы Бақытжан Байжановқа қатысты «Қылмысты хабарламау» деген баптың алынып тасталғанын мәлімдеді. Енді Байжанов тек қылмысты жасырды деп айыпталады. Өткенде прокурор осындай өтініш жасаған болатын. Судья соны қанағаттандырды.Жарыссөз кезінде прокурор Айжан Аймағанова Бишімбаевтың Салтанатты азаптағанын алға тартты. Оның айтуынша, сотқа дейінгі де , сот кезіндегі де тергеу барысында Нүкенованың азапталғаны дәлелденген. Яғни Салтанат ұрып-соғудан да, психикалық тұрғыдан да жәбір көріп келген.«Оның азап көргені жәбірленуші тараптың, куәлардың, сотталушы Байжановтың айтуы, фото және видеоматериалдар, жазысқан хаттар мен жазбалар арқылы расталды. Оның үстіне Бишімбае…
Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйеліне қатысты тағы бір іс сотқа жолданды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалды мен басқа да адамдарға қатысты кәсіпкерді заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі мөлшерде бопсалау және ауыр зардаптарға әкеп соққан озбырлық күдігі бойынша тергеуді аяқтады.Фотоколлаж Azattyq RýhyАталған агенттік өкілдерінің хабарлауынша, процеске қатысушылар да қылмыстық іс материалдарымен танысып болған."Алматы қаласы тергеу сотының санкциясымен Г. Сатыбалдыға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына жолданды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген Антикор хабарламасында.Айта кетейік, Гүлмира Сатыбалды былтыр екі рет сотталған еді. Ол 2023 жылы ма…